М.Ю. Лермонтовқа арнау


Жастық шақта әркім де өлең шығара алады дейді ғой білетіндер, мен көбіне орысша өлең жазатынмын. Қазақшадан көрі, орысша сыр шерткен оңай еді мен үшін. Көбіне Лермонтов пен Есениннің әсерінде өлеңдер шығаратынмын.

Сондай әсерлердің бірінде, Лермонтовқа арнап қазақша өлең шығарып едім. Аса көркемдік құны жоқ болғанымен, мен үшін бір бейкүнә лирик кезеңімнен естелік.

Әрі қарай оқу «М.Ю. Лермонтовқа арнау»

Бізге бір жыл толды

Әне міне дегенше, AINA мен Gastarbaiter -дің операторлары Альмира мен Асқардың бірге тұрып жатқанына бір жыл толды.

Шыны керек бір жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. Маған біз құдды азаматтық некеде жүрген қыз бен жігіт сияқтымыз.Бір жыл сынақ мерзімін жанжалсыз, скандалсыз, ыдыс-аяқ сылдыратпай өткіздік.Әрі қарай оқу «Бізге бір жыл толды»

Балаларды қорғау күні құтты болсын!

Суретте: Айана нағашы ағасы Олжаспен.
Төменде: Gastarbaiter сүйікті тәрбиешісі Валентина Григорьевнамен.

Киноталдау – Кристофер Ноланның «Бастамасы» /»Начало» /

Ұйқтасам, өңім екен (с) @satibaldi

2010-жылы шыққан «Бастама» /Inception/ фильмін жуырда ғана қарадым.
Спецәсерлері үйлесімді, мықты. Сюжеті бұралаңқы, күмән күдік дәмдеуіштері қосылған, көзі тірі біртуар генийлердің бірі ұлы композитор Ганс Циммердің керемет дыбысты композицияларымен әрленген, былай қарасаң қай жағынан да жан жағы жұмыр сәтті шыққан ғылыми фантастика. Көбіміз Дикаприоның драматикалық диалогтар («Ромео мен Джульета») мен көзіне жас алып сөйлейтін көріністерді қатырып ойнайтынын «Титаник»,»Өзгерістер соқпағы» фильмдерінен хабардармыз, және реті келсе сабырдан аттап айғайлап жіберетін есерсоқ азарттылығын да сол баяғы «Өзгерістер соқпағы» мен «Авиатордан» көрдік.
Бұл жерде де Дикаприо драмматикалық рөлін өз деңгейінде ойнай білді. Сюжеттік қатары шытырман, қызықты, алғашында күрделі көрінгенімен біртіндеп кейіпкерлермен бірге хикаяның қыр сырларына қанып, түстің терең әлеміне бойлағандай әсерде боласың. Әрі қарай оқу «Киноталдау – Кристофер Ноланның «Бастамасы» /»Начало» /»

Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?

сурет: http://ashimin.ru

Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп «Менің пәленшемді келіп жөндеп бер» деп айтуға қанша жерден дөрекі болсам да,  тәрбием жібермейді. Мүмкін оңтүстіктің лыпылдақ варианты дерсіңдер. Өзім де біреудің «әй» жоқ, «шәй» жоқ түн ішінде амандық сұрамастан қара басының шаруасын айта жөнелгенін жақтырмаймын.  Тіпті басынан сөз асырмайтын, намысқой жапон халқының өзі де қонаққа иіліп, кішіпейілдігін көрсетеді емес пе? Жапондардың бұл тірлігі батыс әлемі үшін таңсық, экзотика іспеттес болса да, өздері үшін қанына сіңген мәдениет.Әрі қарай оқу «Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?»

Көз тию туралы ой

Көз тию, тіл тию, бұтақ тию деген қыртыған әңгіме.
Сәтсіздік кез келген адамның өмірінде болады. Мейлің тұмар ретінде қасқырдың тасын мойныңа кептіріп байласаңда. Құранның PDF версиясын флэшкаға салып тақсаңда ауырмайтын адам жоқ, кез келген адам ертелі кеш ауырады. Өліп те қалады.Әрі қарай оқу «Көз тию туралы ой»

Тұмар қалай көмектеседі?!

тұмар

Бойтұмардың (Талисман, амулет, апотропей, оберег) қай дін, сенім-наным болмасын, бәле жәледен, сәтсіздіктен, көз бен тілден сақтайтын, қуат беретін күші бар деп сенеміз. Алайда, шын мәнінде бір қағаз, біртүйір мал сиіп тастаған топырақ, не тасбақаның боғы ешқандай күшке ие емес. Әрі қарай оқу «Тұмар қалай көмектеседі?!»

Байғұс Майк:) немесе «дантист» болдым мінекей

Индия мен Қытайдың көшелерінде ауылдың базарындағы етікшілер сияқты тізіліп далада отырып егеу, отвертка, қысқашпен қаруланған дантисттер ешбір укол, анестезиясыз арзан және тез тіс емдеумен айналысады екен. Жоғарыдағы суретте сондай тісшілердің (дәрігер деуге аузым бармайды) бірі кезекті клиентін қарап жатыр. «Ужыснақ» дерсіңдер. Бірақ мен міне үш күн болды аудармашылық қызметімнен басқа, жұмыста өз еркіммен осымен үшінші күн «дантист» болып жүрмін.

Бастамасы былай болды. Коллегамның жұмысқа түскен күні тісі ауыра бастады. Тіс ауруы өздерің білесіңдер, ең жаман аурулардың бірі. Солқылдағанда жанын қоярға жер таппады бейшара. Вахтаға барлық тетік-тесіктеріңді емдеп шықпасаң, 28- күн бітем дегенше зайыбың шығатынын кім-кім, мен жақсы білетін едім.

Жергілікті доғдырларға бардық. «Тісте металлокерамика коронка бар, соның тамырының каналдарын дұрыс тазаламаған. Оны қайта тазалау үшін, оны біз ортасынан бөліп алып тастауымыз керек»- дейді. «Немесе ауылыңа қайтқанша, антибиотикпен „местный“ анестетикті араластырып укол салудың 7 күндік курсын өткізу керек, бірақ ол үшін сіз күнде клиникаға келіп тұруыңыз керек» -деді. Майктың ауылы Жердің басқа жарты шарында екенін ескертіп, және оған жеткенше әлі бір ай уақыт барын айтып, жұмыс орнымыз клиникадан 200-150 км екенін ескерткенімде, Стоматолог маған «тіске укол салуды үйретем» дейді, «оп оңай, міне» деп қалай салатынын көрсетті.
Бақсам, шынымен де оңай екен.
Көтке былайынша да сала береміз ғой, тіске салып көрмеппін. Бірақ ауыз менікі емес ғой, келісе салдым. Иек пен ұрттың арасындағы бұрышқа инені тығып кеп жіберіп, лидокаин мен линкомициннің қосындысы асықпай сығып, егеді екем.
Антибиотик курсы біткенше сол процедура менің аудармашылық міндеттеріме қосылды.

PS. Енді Майк емделу курсы біткенше мені дұрыстап боқтай алмай, еркелігімнің бәрін көтеріп мүсәпір боп жүр:)) Типі байқамай қалғандай инесін қаттырақ тығып жібермесін деп.

Арқаңды қоздыратын кино үзінділер хитпарады

Адам деген нәзік нәрсе ғой, шіркін. Мойыннан алмаспен бір сипасаң қата қалады, хехесс..Жә, қара әзілді қойшы. Қандай мықты болсаң да, сағың сырқырап, сынуға шақ қалған кездер болады. Тұз-Қант-Тұз-Қант -Өлім.
Бірақ қиыншылықта бірден өлім туралы ойлап, өзіңді өзің аяп, мұрныңның боғын жеңіңе жағып сорың қайнап, сормаңдай күйге түсетін кездерде де ішіңде бір жігердің нышаны қалғаны жақсы. Мейлің еркек бол, мейлің әйел бол қайғыдан қажып, берекесіз тірліктен тәлтіректеп қалған кездері кейде біреудің бір ауыз сөзі алға басуға жігер беретіні бар ғой.

Ұзын сөздің қысқасы, арқа қоздыратын фильмдерден үзінділермен бөліскім келеді.
Аудармасы астында. Субтитра қоса алмадым. Айыпқа бұйырмаңыз. Өздеріңізге ұнайтын сондай фильмдер болса бөлісе отырыңыздар.Әрі қарай оқу «Арқаңды қоздыратын кино үзінділер хитпарады»

Болмай қалған миллионер

2000-шы жылдардың басы еді.

— Апиратыр зәрідите!— Қайсар екі мың теңгелік купюраны екі саусағымен маңғаздана белінде сөмкесі бар жас қызға ұсынды. Оның даусынан өз өмірінің қожайыны екені сезілді.
Біраз уақыт өткен соң, Қайсардың даусы тағы да шықты.
— Апиратыр зәрідите! — Бұл жолы да екі мың теңгенің көк қағазы. Көзі алаудай лаулап, азартқа шопағынан малынған Қайсар бір қолында көпіршіген «Жигули», бір қолында будақтаған «Парламент».
Өстіп күн, кеш, түндер өтіп жататын. Кейде ұтып алған ақшасына Саинаға барып, бел босататыны болмаса, көбіне күннің аяғы былай бітетін.Әрі қарай оқу «Болмай қалған миллионер»