Тұмар қалай көмектеседі?!

тұмар

Бойтұмардың (Талисман, амулет, апотропей, оберег) қай дін, сенім-наным болмасын, бәле жәледен, сәтсіздіктен, көз бен тілден сақтайтын, қуат беретін күші бар деп сенеміз. Алайда, шын мәнінде бір қағаз, біртүйір мал сиіп тастаған топырақ, не тасбақаның боғы ешқандай күшке ие емес. Оған күш беретін біздің санамыз.

Яғни адам қиналған кезінде әлдебір сыртқы күштерге сүйенгісі келеді.

Мәселен экзаменде бес алған көйлегім маған басқа экзамендерде немесе жұмысқа алғаш тұрғанымда көмектескендей болды. Бірақ Дружба зауыты ол көйлекті шығарғанда, «осы Гастекең сабақтан құламасын, кіл беспен оқысын, сүф-сүф», деп оқытып берген жоқ. Жәй, психологиялы тұрғыда, сол көйлекті кигенде, сана түбі деңгейінде менің бойыма сонау алғашқы емтихан кезіндегі өз күшіме деген сенімділік, жоғары көңіл күй ұялайды.

Ал өздерің білетіндей, жүрегінде әлденеге сенімділік, жоғары көңіл күйдегі адамның миы да, тән құрылысы да ойы шашыраңқы, үмітсіз, сасқалақтаған адамға қарағанда қарқынды жұмыс жасайды.

Кез келген тұмар, талисмандар тап осы принциппен жұмыс жасайды деп ойлаймын.

Әлбетте мен тұмар мен талисман тақпау керек дегенім емес.

Егер сіз өзіңіз соған сенсеңіз тағыңыз, неғұрлым берік сенсеңіз, соғұрлым көмегі де зор болады. Бірақ есіңізде болсын, мұның механизмінде сырттан келген әлдебір сиқырлы таңғажайып күш емес, өзіңіздің ішкі ресурстарыңыздың оянуы жатыр. Және оған себеп болған тітіркендіргішке қаншалықты мән берсеңіз, ол соншалықты күшке ие болады.

Әрине компьютеріңізді қанша оқытып, дем салдыртып, тұмар тақсаңызда, антивирус орнатпай өзіңізді қажетті дәрежеде қауіпсіз сезіне алмайсыз.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

8 Responses to Тұмар қалай көмектеседі?!

  1. Abay Otar says:

    Талисманды сән үшін тағады көбісі

    Ұнады

  2. Ербол says:

    Сондай сенімге кіре бастадым өзім де. Қарағандыға барған сапарымда Мадина тілегін айтып тұмар таққан болатын көлігіме. 4 күн бұрын елге түнгі 12 лер шамасында қайтып келе жатып, рульде отырған мен бірнеше секундқа қалғып кеткенімді, көзімді ашқанда рульдін әрі бері айналып.. айтеуір аман қалғаныма тәубе деп тұмарға қарағанымды білем

    Ұнады

  3. Гүлбақыт says:

    Тұмар тағу деген бос сандырақ қой!

    Ұнады

  4. Maya says:

    Тұмар мен козді балаларға тағуға болады.

    Ұнады

  5. vkototy says:

    Мен де үйдің ішінде,көлікке,балаларға таққанды құптаймын.

    Ұнады

  6. Карла says:

    тұмар тағу бейшаралық. адамның әлсіздігі. Құдай тұрғанда тұмарға үміт арту күлкілі🙂

    Ұнады

  7. ego says:

    Bul beker suz tumarda allanin suzimen jazilgan goi.Alla tagalanin bir arpi de hasietti bunin nahti jauabin bilu ushin imandi agalarimizdan suraganimiz duris bolar

    Ұнады

  8. ислам says:

    тумар тагу Аллага серик косу. Ол исламда ен жиіркенішті нарсе. ен ауыр куна

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: