Қош бол, жан әке!

17- ші сәуір.  Астана-Алматы пойызының купесінде сенер-сенбесімді білмей, жалғыз егіл-тегіл жылап, білген құранымды оқып, үйге жеткенше өзіме өзім сыймай, отырмын.

Пойыздан Шуға түсіп, машинамен  Шиеліге жеткенше тағы он сағат күмән мен күдік, өкініш пен қайғы.

Күні кеше телефоннан “Әскәлөк өзің қара енді, шаруаң бітетін болса бітіріп қайт” — деп  айтқан ақылшы досым, асқар тауым, әкемнің дауысы әлі құлағымда. Алыс жолдан келгенде шарбақтан құшағыңды жайып, бауырыңа қыспайтын болғаның ба, жан папам?! Сергелдеңге түскенде бір ауыз сөз ақылыңмен бар түйінімді шешетін енді кім, көке!

Ақұдай-ау, мына жиылған жұрт неге жылайды. Шыныменен өлгенің бе тас қамалым, ақ папам? Өлсең денең қайда? Қайда әкем менің? Тағдырдың жазуы ма, 3-ші рет инфаркт алған жүректің қажуы ма 59-жасында тойға дайындалып жүрген арыстай әкем дүниеден озды.

Міне, жатырсың, мұп мұздай, тыныш ұйқыда жатқандай, жаның орнын тапқандай, бір қабақ қақсайш, құдай-ау. “Баламның тойына жетсем, арманым жоқ” дегенде ренжитін едік “айтпа олай” деп. Қуанышыңа бір апта қалғанда, ажал артыңнан қуып асықтырған екен ғой, папатайым-ай… Дәл сол сәтте, қасыңда бола алмадым-ау, жанталасып іздегеніңді елестетсем жүрегім ауырады, “Сиыр өлсе сойылар, әкең өлсе қойылар” деп әзілдеуші едің, айтқаның келіп, енді міне қара жерге көміп жатырмыз. Әлі де сенгім келмейді, әлі де қимаймын сені әке, ойсырап тұрған орныңды ешкім баса алмайды, сағындым әке өзіңді, мен үшін шалғайда жүргендейсің, телефоныңның нөмірін тергім кеп, қоңыр даусыңды естігім кеп тұрғанын-ай папашым. Бақилық болдың, амалым қанша, сен жүрген жер байланыс аясынан тыс жерде. Анашым бұрыш-бұрышта “Жоқ екенсің ғой, жаным-ау”  -деп егіл тегіл, мамам сені көзі жұмылғанша іздейді енді, папа!

Әкемнің туыстары, жана ашыр достары көрісіп қайғыға ортақтасып жатыр, енді біреулер билік айтып, “үйт бүйт, енді былай, енді олай” деп білген ақыл -кеңес жаудырумен әлек.

Жиындарда уытты әзілі өзімен бірге жүретін әкем отырған жерін қыран топан күлкі қылып отырар еді.

Бір молда бірер құран оқып, “уақытым жоқ, басқа адамдар бар” деп соларға кетті. Екінші молда “бұл аудан менікі мені ауданның бас имамы тағайындады ” деп ісіне кірісіп кетті. Үшінші молда, “мен осы рудың молдасымын, әкең өзі әлгі молданы жақтырмайды, маған көзі тірісінде тапсырған, мен имамға пысқырмаймын!” деп, өкінішіне не керек бір-бірінің сыртынан ғайбат айтып жатыр. Астапыралла, жан қайғыда бұлардыкі не дейсің. “Семейный” молда, “Учасковый” молда деген де шыққан ба? Өлікке қызмет етуге итше тістесіп, таласқан дүмше молданың авария тілеген “козелдардан”  не артықшылығы бар??

Амалымыз жоқ, үрдісіне еріп көне бердік. Оқылған құранның артығы жоқ. Дінді басты табыс көзі мен кәсіпке айналдырған адамның жүрегі таза болуы қиын ғой дегенмен. Қате айтсам, Құдай кешірсін, оларға да бір Алланың өзі би.

Бақұл бол, әке. Құдайым, әкеме қараса көр, біліп білмей жасаған күнәләрын кешіріп, алдын пейіш, артын кеніш қылып, топырағын торқа қыла көр!

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

48 Responses to Қош бол, жан әке!

  1. Асқар says:

    Кайгынызга ортакпыз, замандас!

    Ұнады

  2. Асқар says:

    Сауирдин 15-инде жакын досымнын анасы кайтты. Кешке шаршап уйыктап кетсем керек. Кешки 11-лерде оянсам бир смс келген екен. “Анамнан айырылып калдым” деген хабарламаны окыганнан-ак жанымды коярга жер таппадым. Дереу танды атырып, досымнын ауылына журип кеттим. Байгус бала ениреп жылайды. Акесинин кайтканына да бир-еки жыл болды. Ай, каза деген жаман гой. Бирак Жаратканнын жасаганы, амал нешик, конемиз гой…

    Ұнады

  3. қазақ says:

    Қазаның қайырын берсін, бауырым! Саған тек сабыр тілейміз! Берік бол! Мықты бол!

    Ұнады

  4. Құрғақ сөз деме Асеке, арты қайырлы болсын. Өлімнің тек кездейсоқтығы ғана қорқынышты ғой. Әкеңіздің иманы саламат болсын! Әумиін!

    Ұнады

  5. urimtal says:

    Иманды болсын! Өзіңе бекем бол, Асқар!

    Ұнады

  6. Тупак Амару says:

    Арты қайырлы болсын! Әкеңнің қалған жасын сендер жасаңдар, көре алмай кеткен қызығын сендер көріңдер. Қалғандарың аман болыңдар!

    Ұнады

  7. Қуаныш Мағзуов says:

    Қайырлы болсын арты!

    Ұнады

  8. Saltan says:

    Қайғыңа ортақпын Ағасы, әкеңнің жаны жәннатта болсын. Иманды болсын. Ендігі көрмеген жасы мен қызықтарын сендерге берсін. Әмин!

    Ұнады

  9. Akzere says:

    Иманды болсын! Артынан ерген сендей ұлы бар, өшпес шырағы бар! Бекем бол!

    Ұнады

  10. patick says:

    Иманды болсын! Қайғыңа ортақпын.

    Ұнады

  11. Нурбол says:

    Артынан жақсылығын берсін. Алды пейіш, арты кеніш болсын. Өзі көрмеген қызығы мен жасын соңында қалған балаларына берсін. Сабыр ет бауырым.

    Ұнады

  12. Zhansaya says:

    Әкеңіздің иманы сауат болсын! Артының қайырымын берсін!

    Ұнады

  13. Қалдықыз says:

    Қимасаң да, басқа түскен соң көнесің. Тек өзіңе бекем бол! Арты жақсылық болсын! Иманы саламат болсын!

    Ұнады

  14. Rai says:

    Иманы саламат болсын!😦

    Ұнады

  15. Chinaz says:

    Иманды болсын!
    не дейміз, Жизнь прекрасна!

    Жақсы адам бола бер, айналаңда жақсыға тола берсін …

    Ұнады

  16. Makhsat says:

    Mekeni Jannat bolsyn!

    Ұнады

  17. Ербол says:

    Иманы саламат, жаткан жери жайлы, топырагы торка болсын !

    Ұнады

  18. Madlen says:

    Imany salamat bolsyn! Arty kairly bolsyn!

    Ұнады

  19. Madlen says:

    😦

    Ұнады

  20. Маратхан says:

    Артының қайырын берсін. Қайғыра берме, жігерлі бол!

    Ұнады

  21. make says:

    ожаққа да бір жақсы керек болған шығар

    кеткенің келсін,
    кемтігің толсын

    құдай берерінен айырмасын, теміржан

    Ұнады

  22. Аршат says:

    Асқар бауыр, қайыр болсын, мықты бол!

    Ұнады

  23. Symbat says:

    Топырағы торқа болсын..

    Ұнады

  24. janarbek says:

    Asxar, akeng imandy bolsyn! Mykty bol!

    Ұнады

  25. Aina meken says:

    АЛЛА пейіштік болуды нәсіп етсін!!!

    Ұнады

  26. Қилызаман says:

    …Алланың ісіне не шара? Иманы саламат болсын!
    Жатқан жері жәннәт болғай. Өзің сияқты асқартаудай арманы аман болып – еліне жұртына ерен еңбегімен, біртуар сұңғылалығымен қуаныш силасын.

    Ұнады

  27. Gastarbaiter says:

    Рахмет бәріңе, Құдайдан қайтсын. Осындайда ағайын достың демеуін ерекше бағалайсың.

    Ұнады

  28. Serzha says:

    Қайыр болсын..

    Ұнады

  29. Karakyz says:

    Imandy bolsyn…

    Ұнады

  30. Жұмыссыз жалқау says:

    Госта бауырым, көптен саған келмегем… оқығанда шошыдым…
    Қайырлы болсын.
    Келмек бар, кетпек бар….
    Бекем бол. Тірлік жалған, дәм түз таусылғанда барымызде кетерміз бір жаққа…
    Әкенің орны толмас…. Иманды болғай…

    Ұнады

  31. askabak says:

    Арты қайырлы болғай, жаны жәннәтта болсын. Сендей ұл тәрбиелеп, артына қалдырған әкеңе үлкен алғыс. Мықты бол, бауырым!

    Ұнады

  32. Азамат АЗАМАТҰЛЫ says:

    Бауырым Асқар, қайғыңа ортақпын! Жалғаншыдан бәріміз де өтерміз ау… Тек асыл адамдардың асығыс жиналғаны батады жанға. Шын достық көңілмен, қайғырып көңіл айтамын. Өзіңе денсаулық берсін Тәңір, көкеңнің жаны жаннатық болсын!

    Ұнады

  33. Amandyk says:

    Ruhi jannatta bolsin.Ake murati men artta kalgan namisi men tabisi da balalari demei ma..Sen akennin namisi ekenine senimdimiz…Kopten beri oku,oku de jurip keshirek estisem de aldinan jarilkasin.Alla sabirlilik bersin…

    Ұнады

  34. aral53 says:

    Асқар, қайғыңызға ортақпын. Жатқан жері жайлы болсын.

    Ұнады

  35. maqpal says:

    Иманды болсын! Мұндайда “ешкім әке-шешесін қанжығасына байлап жүрмейді” деп айтып жатады, бірақ жақыныңның айрылу деген жүрекке қатты ауыр тиеді. Бекем бол!

    Ұнады

  36. ken says:

    Иманы саламат болсын…

    Ұнады

  37. kainarilyass says:

    Әкеңіздің арты қайырлы болсын. Бізді кім жаратса соған қайтамыз, сабырлы болыңыз….

    Ұнады

  38. PaRtiZanKaZ says:

    Қайғыңа ортақпын…топырағы торқа болсын. Сабырлы бол.

    Ұнады

  39. Мая says:

    Иманды болсын!!! Жаны жаннатта болғай.
    “Өлікке қызмет етуге итше тістесіп, таласқан дүмше молданың авария тілеген “козелдардан” не артықшылығы бар??? ” – деп қынжылдың ғой, сондықтан, ең алдымен Алла ризашылығы үшін, сосын әкең үшін құран оқып отырарсың. Алла жар болсын!!!

    Ұнады

  40. Anar says:

    Жаткан жері жайлы болсын!

    Ұнады

  41. Айшолпан says:

    Аскар кайгына ортакпын.Акениздин арты кайырлы болсын.Окингенмен не шара менин де басымнан бундай жагдай откен болатын.Меним 4 жасымда акем одан 14 жасымда анам кайтыс болган бирак казир оган да уйренип кетти омир болган сон барине конуге тура келеди екен. Амал канша куйинип,анда-санда жылап еске алып коямын.Жанынды тусинетин адамын болса кандай жаксы гой. Сиздин мумкин бауырларыныз бар шыгар,ал мен де ондай да жок кой мен жалгыз кызбын сондыктан да маган оте киын кейде кайта куанамын жалгыз болганыма ким биледи мумкин касымда бауырым болганда мулдем киналар ма едик. Мен казир нагашы агаммен женгемнин уйлеринде турамын буртурли гой енди арине.Сиз ренжимениз озинин жайын айтып кеткени неси деп.Мен сизди сабырлы болсын тири адам тиршилигин жасайды екен дегенди тусиндирген едим гой.Биыл енди 11 сыныпты битирейин деп отырмын киын маган кейде армандап коям касымда ата-анам болганда гой меним мектепти калай битиргенимди корсей гой деп ,бирак амал канша окинип,курсинип коям енди баска не истеуге болады. Сизди тусинип отырмын калай киын екенин бирак бир айтатыным оган да уйренеди екенсиз.А айтпакшы сиз меним байкауымша Шиелиден болдыныз гой менимен жерлес екенсиз.Мен де Шиели де турамын сондыктан бар билгенимди айтып отырган едим. Аман болыныз!

    Ұнады

  42. Мырза says:

    Иманын берсін, алдынан жарылқасын. Құдай өзі аманаттап берген жанын уақыты келгенде өөзі алады. Бекем бол, Бауырым!!!

    Ұнады

  43. Moldir says:

    Әкейдің жаны жаннатта болсын!

    Ұнады

  44. Сәкен says:

    арты қайырлы болсын.

    Ұнады

  45. Ханша says:

    Алла алдын жарық етіп, қабір азабынан сақтасын.

    Ұнады

  46. Asspan says:

    Әкеңнің қазақсы қайырлы болсын! Алла жанын жәннатпен сүйіншілесін!

    Ұнады

  47. altygradus says:

    Жатқан жері жайлы болсын..

    Ұнады

  48. жадыра says:

    Ассаляму алейкум уа рахматтуллахи уа баракатух!!! Бисмилях деп бастайын себеби мусылманбыз го!!! акесинен не болмаса анасынан айырылып калган бауырларымыз каншама? бауырлар сиздерге айтарым 5 уакыт намазга жыгылыныздар,сауап жасаныздар,амал кылыныздар,мусылманнын 5 фарызын орынданыздар сонда гана ЖАННАТТЫН есиги ашык сиздерге!!! ата-аналарынызга арнап куран багыштаныздар! ал бауырларым сабырлы болыныздар! жаназа кезинде кооп дауыс шыгарып жылаудын кажети жок себеби олген кисиге ауыр тиеди! сондыктанда бауырларым ТЕК САБЫР керек бизге!!! сау болыныздар! АССАЛЯМУ АЛЕЙКУМ УА РАХМАТТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ!!!!))))))))))))))))))))

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: