Көз тию туралы ой

Көз тию, тіл тию, бұтақ тию деген қыртыған әңгіме.
Сәтсіздік кез келген адамның өмірінде болады. Мейлің тұмар ретінде қасқырдың тасын мойныңа кептіріп байласаңда. Құранның PDF версиясын флэшкаға салып тақсаңда ауырмайтын адам жоқ, кез келген адам ертелі кеш ауырады. Өліп те қалады.

Тек сол ауырған кезде біреу не жегенін, кіммен амандасып, кіммен төсектес болғанын есіне алып әлек, ал біреу кім оған жуырда ала көзімен қарап, жымысқы мадақ айтқанын есіне алуға тырысады.
Әрине біріншісінің есте сақтау қабілеті мықты болса, себебін табады. Ал екіншісінің фантазиясы мықты болса, сылтауын табады.

Біреу дәрігерге барады, екіншісі бақсыға барады. Біріншісі кейде көмектеседі, екіншісі бұтақ та бітірмейді. Тек бетіне үш рет түкіріп, желкесіне қақырып, дем салдым деп құлазыған көңілін орнына қояды.

Ауруы жеңіл болса уақыт өте жазылады. Бірақ уайымдап жүрген адамнан гөрі, көңілі орнына түсіп «жазылдым» деп жүрген адам тезірек жазылатыны белгілі.

Яғни көңілге алмау керек. Ал сәтсіздікті біреудің қыли көзіне жаба салмай, өмірдің/немесе төніп келе жатқан өлімнің бір бөлігі ретінде қабылдау керек.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

10 Responses to Көз тию туралы ой

  1. Акниет says:

    ия, шыныменде барлыгы тек адамнын озіне байланысты, ештенені конілге алмау керек!

    Ұнады

  2. Акниет says:

    ия, шыныменде дал солай!

    Ұнады

  3. Акниет says:

    Тамаша!

    Ұнады

  4. АЗАМАТ says:

    Сен енди не демекшисин автор. Ким болсанда оина келгенин жаза салыпсын. Ойланып жан жакты болу керек сен уитп акылды болма!!!!!!!! Ондай коз тию соз тию гылымда далелденген, жане ол билогиялык мыкты адамдар аурасы алсиз адамнин рухани болсада барине асер етип, ауруға ұшырайды. Сен буйтип ойланбай жаза берме!!!!!!

    Ұнады

  5. nurzhol says:

    Ғылымда судың қасиетті элемент екені дәлелденген, Ең басты назар аударатын дүние – оның оң және теріс зарядтан құралатыны. Бар мәселе осында жатыр.

    Мына бір экспериментке назар аударыңыз: екі стақанға бірдей су және бірдей өсімдік өсіруді бастаңыз. Тек, екеуінеің жетілу барысында екеуіне екі түрлі көзқарас қалыптастырыңыз. Біріне жақсы ниетпен суарып, жақсы сөздер айтасыз, екіншісіне – керісінше. Нәтижесінде, қарғыс естіген өсімдік ойдағыдай өнім бермейді, алғашқысы әдеміленіп өседі. Себебі, құрамындағы өмір көзі – су екеуінде екітүрлі заряд жинаған, сонысын өсімдікке жинаған.

    Адам денесінің шамамен 70 проценті, ал адамның миының (санасы) 80 процентке жуығы сол судан тұрады. Әрі қарай өзіңіз саралаңыз.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Ия, ол деректерді қазір талай документалды фильмдерде насихаттап жатыр, көріп жүрміз, хабардармыз. Бірақ ондағы дәйектер менің сөзімді жоққа шығармайды, Себебі, мақаланың басты айтары, тіпті біреу негативті аурасымен саған ықпал жасамақ болса да, егер оны мойындасаң, қабылдағаның. Оның негативіне өзіңнің негативіңді қосқанша, қыртыңа қыстырмай, позитивті көңіл күймен жеңуге тырысу. Яғни дем салғыштарға тілемсектене бермей, өзіңнің ішкі аураңның позитивті күшін көбейтсең, жын да шайтан да жоламайды.

      МӘселен қараңғы көшеде, әй маған осы бір ит маған тиседі ау, әй мына ит біртүрлі қарап тұр! Десең көтің мұздап, бүкіл түріңнен, жүрісіңнен құрбандықтың иісі саси бастайды. Оны сен сезбесең де, сырттан қараған адам сезеді. Денеңнен құрбандық аурасын шыққан соң, әрине сеннен қашудың орнына ит саған бас салады.

      Ұнады

      • nurzhol says:

        Алдыңғы пікірім мақалаға критика емес. Ойымды қостым. Бар болғаны осы.

        Ұнады

  6. Abilakim says:

    Келіспеске амалымыз жоқ

    Ұнады

  7. balzhan says:

    Әрқашан позитивті жүру мүмкін бе? Шаршамайсыңба бір күні? Ол еріктен тыс жасалатын нәрсе. Онымен күресуге болады, бірақ алдын алу мүмкін емес сияқты.

    Ұнады

  8. Галым says:

    Автор катты кателесипти!!! Оган али коз тиип кормеген болды ау!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: