Бізге бір жыл толды

Әне міне дегенше, AINA мен Gastarbaiter -дің операторлары Альмира мен Асқардың бірге тұрып жатқанына бір жыл толды. Шыны керек бір жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. Маған біз құдды азаматтық некеде жүрген қыз бен жігіт сияқтымыз.Бір жыл сынақ мерзімін жанжалсыз, скандалсыз, ыдыс-аяқ сылдыратпай өткіздік.

Rate this:

«Неге ұрсасың, насяйника!?»

Бірі өз жұмысын әрең алып жүрген енжар, сорлы бастық болса, ендігісі белсенді, барлық салада үлгеруге тырысады, ал үшіншісі жұмыста да, далада да, тойда да «Мәке-Сәке» боп кербезденгісі келеді. Шіркін, бастықтарды өзің таңдай алатын болсаң ғой дейсің… «Бастық өзіңнен өзге біреу болса, оңушы ма еді?!» дейсің . Бірақ, кідіре тұрыңыз… Сізге бастығым жайлы шағымданып, жылайын депӘрі қарай оқу ««Неге ұрсасың, насяйника!?»»

Rate this:

Қарақалпақ клон

«Көзқарас» – деген блогы бар  Қарақалпақ  көкеміз бар екен. Аты да анау-мынау емес Бұхарбай. Төменде сілтемесі бар, оқып көріңіз, қазақ тілінен айырмашылығы 3% -дан аспайды. Қызық. Осы себептен, және кіршіксіз балапандар Абайдың өлеңін іздеп менің «кәкәй» блогыма кіріп кетпесін деп блогымның атын өзгерттім. Басқа доменге көшуім мүмкін. http://kktodey.wordpress.com/

Rate this:

Әзірге БОМЖ-бын:)

Блогымның Орнықты Мекені Жоқ. Қысқасы БОМЖ-бын:)))) Уақытша осы тегін хостингті тасалай тұруға мәжбүрмін. Сондықтан «блогың қайда құрып кетті?!» деп 7000 қарғыс, 8000 жазаларыңды келесі бір ыңғайлы орайға сақтай тұруларыңды өтінемін. Бұдан былай уақытша техникалық ақаулар болып, блогымды жоғалтып алсаңыз осы жерден табасыз. Солай. Құр қол емеспін, Даниярдың кірпіштерінің екінші бөлімін аударып салып отырмын. Алдыңғы жазбаданӘрі қарай оқу «Әзірге БОМЖ-бын:)»

Rate this: