Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?

сурет: http://ashimin.ru

Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп “Менің пәленшемді келіп жөндеп бер” деп айтуға қанша жерден дөрекі болсам да,  тәрбием жібермейді. Мүмкін оңтүстіктің лыпылдақ варианты дерсіңдер. Өзім де біреудің “әй” жоқ, “шәй” жоқ түн ішінде амандық сұрамастан қара басының шаруасын айта жөнелгенін жақтырмаймын.  Тіпті басынан сөз асырмайтын, намысқой жапон халқының өзі де қонаққа иіліп, кішіпейілдігін көрсетеді емес пе? Жапондардың бұл тірлігі батыс әлемі үшін таңсық, экзотика іспеттес болса да, өздері үшін қанына сіңген мәдениет.

Демек сыпайылық танытып сәлемдескен соң, амандық сұрасу, кішірейіп төрге шақыру үнемі қорыққандығыңның, не жағымпаздықтың белгісі емес болғаны да.

Жөн сұрасып, адамның жағдайын білу ол қарапайым этикет емес пе?

Қазақта «бұйымтай» деген ұғым бар. Кісі бір шаруамен келгенде босағадан шаруасын айтпайды. Алдымен үйдегі атмосфераны біліп, өтінішіңнің қашалықты орынды екенін білу үшін ( Мыс: әкесінің жаназасын кеше берген адамды сыра ішіп, биллиард ойнауға шақырамын деп ренжітіп алмау үшін) керек. Үй иесі амандасып, мал жанды біліскен соң, «Бұйымтайыңды айт!» дейді екен. Сонда өтінішпен келген адам өз шаруасын айтады.

Қалалық болам деп, бәлкім бәріміз әміркендік іскерлік, шалттық пен пунктуалдылыққа талпынатын шығармыз. Бірақ мен де шетелдік компаниялардың еденін аз тоздырған жоқпын, байқағаным: тіпті шетелдіктердің өзі де өз жағдайын айтпас бұрын, қожайынның хал жағдайын біліп алады.

Өмірден кішіліктің мысалын келтіретін болсам, алдымен әкем ойыма келеді. Әкем мамандығы хирург. Біреуге операция жасап, ол жазылып кетсе, оны бәзбіреулер секілді бәлсініп, “өмірін сақтап қалдым” деп қаужап, міндет қоймайтын. Емдеген ауруларын көрген сайын,«Аманбысыз, асқазан қалай? ештеңе мазалап жүрген жоқ па? Лайым, біздің бөлімге түспей-ақ қойыңыз» — деген сияқты шынайы тілегін аямайтын.

Менің әкем ия бастық емес, ия атағы шыққан әнші сазгер ақын да емес. Қызба мінезі болса да, көзі тірісінде достарына деген ықыласын, әрқашан сәлемі түзу, көңілі ашық таныс тамырға деген ізгі бауырмалдығын көріп өстік. Ол кісі біреуден көмек сұрайтын болса, алдымен жағдайын біліп, оны үйге тамаққа шақыратын. Немесе өтініш білдірмес бұрын, «Бізден не көмек керек?» деп сұрайтын. Алматыда оқып, қаржылық қарым қатынасқа етім бітіп, «дүниеде бәрін ақша шешеді» деген пікірді ләйллахадай жадыма сіңірдім. Тіпті “әкем неге дәрігер болғанша, бизнесмен болып ақша таппады екен? Неге қайдағы бір лузерлерге сонша құрмет көрсетеді? деп ойлайтынмын. Әкем неге дүние жинамады деп кейде қынжылатынымды да мойындаймын. Тіпті кішкентайымнан дәрігер болуға дайындалып жүрсем де, мектеп бітіргенде, ағылшын тілін таңдап, аудармашы болуыма да сол дәрігерлердің жалақысының аздығы себеп болғанын мойындаймын.

Қайран әкем дүниеден озған кезде, келген адамның саны үйдің айналасы түгіл көшенің ішіне сыймады. Қазақстанның бірнеше қалаларында болдым. Әр қалада оны жанындай жақсы көріп, қатты сыйлаған адамдарды кезігемін. Өзім танымайтын адамдар мені тауып алып, әкемді есіне алып, «Ахаңның әруағы» үшін деп қолдан келген көмегін бергісі келеді.

Сонда әкем тіршілік, тірліктің бәрін қойып адамға көңіл бөлетінін дұрыс түсінбеген екенмін. Сонау 90-шы жылдары, мемлекеттік қызметкерлер нанға бірде жарып, бірде жарымай жүргенде сырттан қонақ келе қалса, “үйде әйел жоқ, балалар сабақта” деп сылтауратпай, шәйнегін ысытып, барымен дастарханын жайып қарсы алатын.
Әкемнің бажасы келіп, жылын берген кезде, “Әкең дүние емес, дос жинаған адам” деп күңіренгені есімде. Расымен де, адам өмірінің құны, оның жеткен қаржылық жетістігіне емес екен-ау. Кішіпейілдік жетпейді бізге.

Қазір өзім әке болдым. Айанадай қызым бар. Егер бір себеппен өле қалсам, менің жиған дүнием оған тамақ болмайды. Кез келген нәрсе таусылады. Таусылмайтын тек пейіл.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

9 Responses to Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?

  1. nurzhol says:

    Адамдардың бойынан кішіпейіл болудың екі жолын көрдім. Бірі – жасанды, екіншісі – шынайы кішіпейілділік. Жасанды кішіпейіл адамдардан қорқамын. Басыма іс түскенде, қылдан тайғанда, жер бетінде сондай таныстарыңнан асқан жауың жоқ сияқты көрінеді. Болмашы дүниені әңгіме қылып мүсіркегенде, тіптен ашуыңды қайрайды. Шынайы кішіпейіл адамдар көбіне ақкөңіл болып келетінін байқадым. Ондай адамдар бәрібір адамның көңілін қалдыратындай әрекет жасамайды. Және олардың өтінішін кері қайтарғым келмейді. Бәрібір көп сұрамайды ғой.
    ——————————————————————————————————-
    Адамның дүниедегі қол жеткізген жетістіктерінің бірі “наглость” деп қапты бір ойшыл. Меніңше, бұл “наглость” өзіңізге тиесілі құқықты сақтау үшін айтылған дүние болуы керек. Әйтпесе, біреудің намысына тию дұрыс емес екені онсыз да түсінікті.
    Менің білерім, сыйлағанның қадірін білетін адам кез-келген адамды сыйлап шыдайды.

    Ұнады

  2. balzhan says:

    Менде осы жағы жетіспейді. Мамам ылғи ұрысады. Кей біреулер менен тіпті қорықатындықтарын айтады. Өзіме түк білінбейді. Егер қай кезде дөрекі екенімді білсем түзелер едім ғой. Мүмкін,табиғатымнан сондай шығармын…

    Ұнады

  3. Aray says:

    Ата -ана туралы макалалар аркашан бырыншы орында болар. Акеныздын салып кеткен жолын тани былгеныныз, жане оны жалгастыра былгеныныныз мактаныш деп ойлаймын. Жумакка жетелейтын пейыл дейды гой, пейылыныз ардайым кен болсын!

    Ұнады

  4. Abay Otar says:

    Гаста әкең туралы керемет жазыпсың. Қашан қайтыс болып еді?

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Жылын бердік жуырда.

      Ұнады

  5. Abilakim says:

    Кішіпейілділік кеңдіктің белгісі. Бабалардан “кең болсаң кем болмайсың” деген сөз қалмаппа еді? Менің атам (әкемнің әкесі) “Бесеу шықпай он кірмейді” дегенді жиі айтады. “еңкейгенге еңкей әкеңнен қалған құл емес,шалқайғанға шалқай пайғамбардың ұлы емес” деген ұстаным дұрыс тәрізді.

    Ұнады

  6. Тәржіман says:

    Әкеңіз тамаша жан болған екен, әкенің жақсы аты баласына мәңгілік азық. Кішіпейілділіктің не екенін өмірді көре көре түсіне бастайды екенбіз. Жағымпаздық пен кішіпейілдіктің арасында да бір болмашы шекара бар.

    Ұнады

  7. jansezim says:

    Әкемнің бажасы келіп, жылын берген кезде, “Әкең дүние емес, дос жинаған адам” деп күңіренгені есімде. Расымен де, адам өмірінің құны, оның жеткен қаржылық жетістігіне емес екен-ау. Кішіпейілдік жетпейді бізге.
    Кез келген нәрсе таусылады. Таусылмайтын тек пейіл. — Әсерлі жазылған. Әке орны қашанда бөлек.

    Ұнады

  8. Нұрлан says:

    Асқар аға, сені таныған сайын таңқалысым тереңдей түсуде.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: