Спагетти Болонез (Ет соусы)

Керекинфода кіл еркектер СМАК  эстафетасын бастаған болатынбыз. Мынау бөліскен рецептім.

Уақыттарын, граммдарын дәлме дәл білмеймін, біздікі на глаз. Read more of this post

Балуан Шолақ 816 кг-ды көтерді дегенге сенесіз бе?

Бұл күнде 35-те менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын…

Депті палуанның өзі, бірақ Read more of this post

Блогың танымал болсын десең немесе СЕО-ның да шегі бар

Рейтинг жинаудың төмендегіден бөлек түрлі әдісі бар. Бірақ рейтинг сыйлы болуды білдірмейтіні жаман да.
Кейбіреулер рейтинг үшін «Джеки Чанды қаза таптырып» жіберуден тайынбайды, ал кейбіреулерінің қолынан ол да келмейді. Сол кезде көмекке не келеді? Read more of this post

Науқастар: Рейтинг уқалаушылық синдромы

Кез келген рейтингілік блог жүйесінде ертелі кеш пайда болатын бұл індетті Рейтингуқалаушылық синдромы деуге болады.
Алғашқыда, сырқатты екеніңіз білінбеуі мүмкін. Бірақ тәжірибелі дәрігер оларды бірінші посттарынан-ақ таниды.
Науқасты мынадай симптомдарынан анықтауға болады. Read more of this post

Қабылдау

Егер «адам» деген мақұлықтың ішкі-сыртқы-психикалық құрылысына қызықпасаңыз төмендегі жазу да сіз үшін қызық бола қоймасы анық. Келесі бір әзіл ме, киноталдау не оқиға жазғанымды күтуіңізге тура келеді.
Жалпы қызық дүние емес. Жай ағымдағы ойлар.
Адамның санасына, кіші-үлкен әлеуметтік топтардың атмосфералық факторларына, динамикасына,  құбылыстарға айдар таға салатын әдетім бар. Адамның ішінде ұйықтап жатқан түрлі қасиеттер мен потенциалдарды байқасам, адамның организмі – жатқан құпия екендігіне тағы да тәнті боламын. Менің қуанышыма ондай адамдар жиі кездесті.

«Организмі» дегенде мен оның тек денесінің ғана мүмкіндігі емес, санасының және бейсанасының да мүмкіндіктерін де айтамын. Read more of this post

Ильич ата ізімен

Шіркін, субботник асарға аз да болса келеді. Ленин де кезінде капиталисттердің көтіне тұз сеуіп, өзі сенбілікті бастаған еді. Қалай болғанда да сондай сеніммен өскенбіз.
Кейін ғой, қазекемнің мұрты майланып, шеге қағып, лампочкі бұрауға гастарбайтер жалдауды әдет қылғаны.

Бүгін бәріміз үй ішімізбен көктемгі сенбілікке шықтық. Ауланы тырмалап, ескі құсқыны өртеп, өртейтінді өртеп, ауылдың даласы осы күнде тезек пен түтін сасиды. Күн майдың айындай жадырап тұр.
Рахат)

Наурыз көженің құрамы; Қала мен дала

Sheshesse (c) Қисық

Қала:

— Зоя, блин я даже незнаю как это делается, а соль за ингредиент считается?
— Ғоспади, посмотри в интернете, там точно рецепт должен быть!
— Вот дура я, че-то не подумала даже.
Read more of this post

Блоггердің әнұраны: Жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

блогер

***
Ішетұғын «виноңды» жаз,
Көретұғын киноңд жаз,
Мысығыңд жаз, итіңд жаз.
Дамбалдағы битіңд жаз.
Елде жағдай дағдарса,
Жылап өксіп соныңд жаз. Read more of this post

Четвергандрей фон-Марковик : «Ақтөс» феномені

(Болмаған оқиға желісімен)

Жексенбі күні. Ескі мәдениет үйінің залында ине шаншар орын жоқ. Кент әкімі Антуан Шәріп кенттегі барлық мекемелердің бастықтарына бүгін өткізілетін ашық кездесуге түр-түс, ұлт-дініне қарамай белсенді азаматтарды осында жинап әкелуді тапсырған болатын.

Ресми жиналыстан шаршаған халыққа бұл іс-шараның алдағы ешбір сайлауға, партия саясатына қатысы жоқ, ешқандай үгіт-насихат акциясы емес екендігін жеткізуді бұйырды.

Read more of this post

Әдіре-налин


Бұл оқиғаны Насрулла ешуақытта ұмытпайды.

Ол бұл кезде небары 20 жасар кеше ғана университет бітірген жас маман еді. Қолында умаж-умаж «Из рук в руки» газеті, әр жерінде маман іздеген мекемелердің көкпен сызып, қоршап қойған телефондары …
Түсініксіз бір колледждің, түсініксіз факультетіне жаңа ғана мұғалім болып, 7 мың теңге айлық жалақыға тұрған кезі. Соның 4000 теңгесіне жаңа жұмысын әріптестеріне жуып жатқан еді. Read more of this post

%d bloggers like this: