М.Ю. Лермонтовқа арнау


Жастық шақта әркім де өлең шығара алады дейді ғой білетіндер, мен көбіне орысша өлең жазатынмын. Қазақшадан көрі, орысша сыр шерткен оңай еді мен үшін. Көбіне Лермонтов пен Есениннің әсерінде өлеңдер шығаратынмын.

Сондай әсерлердің бірінде, Лермонтовқа арнап қазақша өлең шығарып едім. Аса көркемдік құны жоқ болғанымен, мен үшін бір бейкүнә лирик кезеңімнен естелік.

***

Соқыр, саңырау надан жұрттан қашық боп,

Тас түнекті жарып атқан таң ба едің?!

Өмір бойы бір адамға ғашық боп,

Сұм сезімнен азар көрген жан ба едің?

“Ұғам ба” деп мән-жайын бұл жалғанның,

Өзіңнің жолыңды аға бастадым да,

Лирика әлеміне мен самғадым,

Өміріңнің жолына көз тастадым да.

Ақын болдың, дүйім жұртың сені танып,

Өлеңіңді аяқ асты етпес, бәлкім

Қайғы-мұңнан өзегі өрттей жанып,

Дәл өзіңдей қызыл шоқты кешпес әркім

Жаныңды сезім, шіркін, тоздырды ма,

Азаптаған ішіңнен жегідей жеп?!

Әлде патша қысымы оздырды ма

дүниеден, қара жерге жастай жерлеп?!

Замананың езгісіне кімдер төзбек,

Тұтандырған сөнді ғой отың демде,

Мартынов бағыттаған саған көздеп,

Жоқ, сенбеймін сені өлтірді оқ дегенге!

Өлең сүйер қауымға аңыз болдың,

Пушкиннің де әруағын таң қалдырған,

Ағараңдап ақ желкендей жалғыз болдың,

Теңіздің көк тұманында, жас қаһарман!

Мен де міне өлең-шумақ жолдарыммен,

Білдіремін жан сырымды, ақын ағам

Тілің басқа, ұлтың бөлек болғанымен

Сенсің менің жаны туыс жақын ағам!

08.05.2002

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

2 Responses to М.Ю. Лермонтовқа арнау

  1. tabigatkulan says:

    Поэзияға жақын екенсің ғой

    Ұнады

  2. Митрасіксуал says:

    Жақсы шығыпты. Қаламың ұштала берсін.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: