Саудагер 2: Қанды кек

Өрімталдың «Саудагер» деп аталатын кейінгі мақаласы есіме басымнан өткен бір жайды түсіріп жіберді. Алматыда жұмыс істеп жүрген кезім. Жұмыстан өте кеш шығып, тоңазытқышты ашсам дым жоқ. Дүкендердің барлығы жабық болған соң асқазаным ұлып, жақын маңдағы 24 сағаттық дүңгіршекке беттедім. Барсам, есігі ашық. Қуанып кетіп ішке кірсем, «Есеп айырысып жатырмыз, ештеңе сатпаймыз!» – дейді.

Rate this: