Саудагер 2: Қанды кек

Өрімталдың “Саудагер” деп аталатын кейінгі мақаласы есіме басымнан өткен бір жайды түсіріп жіберді.

Алматыда жұмыс істеп жүрген кезім. Жұмыстан өте кеш шығып, тоңазытқышты ашсам дым жоқ. Дүкендердің барлығы жабық болған соң асқазаным ұлып, жақын маңдағы 24 сағаттық дүңгіршекке беттедім.
Барсам, есігі ашық. Қуанып кетіп ішке кірсем, “Есеп айырысып жатырмыз, ештеңе сатпаймыз!” – дейді.
“Апай, қарын ашып кетті, тұшпара ма бірнәрсе алайыншы тым болмаса”- деп жағдай айтқаныма құлақ аспады, жақын маңда өзінен басқа дүкендер жұмыс жасамайтынын біле тұра, билігін сезіп, “кет-кеттеп” айқайға басып бейнебір қарызға сұрап келген бейшара ұқсатып, әлгі апай итермелеп сыртқа шығарып жіберді…
Негізі жылы-жылы сөйлесе мен сияқты аш жылан да ініне қайта кіріп, жылы сөзге тоқ болып таң атқанша шыдар еді ғой. Бірақ әлгі апайдың
сөзі аш қарынға қатты өтіп кетті.

“Кекшілмін” деп айтып па едім? Тарантиноның озық үлгісінде езілген енекті әділеттілікті  қалпына келтірудің   қан-жоса  түрлі арам жоспарлары пісіп жетіле бастады.
Араға апта салмай, жұмыстан ерте шығып, әлгі супермаркетке азық түлік алуға бардым. Кірсем, әлгі “есеп айрысқыш” апай тұр қайтадан.
Қаным басыма шауып кетті ашудан. Ойымдағының бәрін айтып салғым келді. Бірақ ақымақ болмайын дедім де, апайға “үш тұшпара, бір келі шұжық, сосын анау тұрған қызыл немене? содан да үш келі салыңыз, мына кәмпиттеріңізден беріңіз, анау печеньеден екі келі салыңыз, томаттан да, ия, анау макарон қандай макарон? Аа. жоқ ол керек емес, килограмдығын салыңыз, тауықтың аяғынан жақсы жақсысын таңдап салып беріңіз, картоптан ірілеуін таңдап салыңыз, пияз бар ма? Пиязды да салыңыз үш келі. Үсігендерін салмаңыз (ішімнен күлкімді зорға тыйып тұрмын). Тә-әк. капустаны беріңізші. Арғысын берсеңізші. Свежий ма? Дұрыс. Енді лимон салыңыз. Сосын бір жақсы коньяк беріңіз. Жоқ ол емес, сол жағындағысы. Бұдан басқасы жоқ па? і-і-і, ар жақтан іздеп көріңіз. Таптыңыз ба? Во-о-о мінеки бәрекелді. Открыткаларыңыз бар ма? көріңіз қарап көріңіз. Қане? Ие осы болады. Тәәк, енді есептеп беріңіз қанша шықты?
– Пәлен мың, пәлен жүз теңге болды.
– Хм-м-м… Ой жарайды. Орнына қоя салаңызшы бәрін, кейінірек басқа бір дүкеннен алармын…
-!ӘІҢҒ;:ҮҰҚӨҺ! !ӘІҢҒ;:ҮҰҚӨҺ)!!$*^@&$+!+*#!!!!

Бірақ “есеп айырысқыш” апайдың осы жолғы айтқан ауыр сөздері маған қатты тимеді. Бәлкім, қарным тоқ болғандықтан болар.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

17 Responses to Саудагер 2: Қанды кек

  1. aizhannur says:

    :)))))))))))))))))) super!

    Ұнады

  2. Қалдықыз says:

    Жарайсың!!!🙂
    Мен студент кезімде, высш.маттан экзаменнен 4 алып, ағайға жынданып жығып, аудиторияның есігін теуіп кеткенмін. Кекшіл едім, аш болған кездер ғо, ол кез.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      “Кек” деген тамақты суытып берген дұрыс:))

      Ұнады

  3. Джакомо says:

    Ұсақ-түйек майда-шүйде тиын-тебенді ақша санамайтын адамдардың психологиясы.

    Ұнады

  4. Serzha says:

    >> Алматыда жұмыс істеп жүрген кезім.
    гастарбайтеріңссс

    Ұнады

  5. 12aikon1986 says:

    Суппперрр Гаста! ))))))

    Ұнады

  6. Ақзере says:

    Уаххах! Жынды десе ))))))))))))

    Ұнады

  7. makym says:

    Вендетта!)))

    Ұнады

  8. Тупак Амару says:

    Қандысын қайдам, бірақ жынды кек болған екен :))))

    Ұнады

  9. patick says:

    Гастарбатыр, ен ғо…Ол апай сенің кек алып тұрғаныңды білді ма? Әлде, жаңағы еңбегің босқа кетіп, сұмырай атандың ба?

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Ол апай мені таниды ғо. Сол жерден үнемі азық түлік алатынмын әлгі оқиғаға дейін.

      Ұнады

  10. _-=Akylbek=-_ says:

    базар жоқ.
    Тәәк, енді есептеп беріңіз қанша шықты?
    – Пәлен мың, пәлен жүз теңге болды.
    – Хм-м-м… Ой жарайды. Орнына қоя салаңызшы бәрін, кейінірек басқа бір дүкеннен алармын…
    -!ӘІҢҒ;:ҮҰҚӨҺ! !ӘІҢҒ;:ҮҰҚӨҺ)!!$*^@&$+!+*#!!!!
    осы жеріне қатты күлдім

    Ұнады

  11. kainarilyass says:

    Бір ақымаққа ақымақтықпен жауап қайтардыңыз, содан не пайда таптыңыз???? Өзіңіз айтпақшы еркек деген кешірімді болуы тиіс емес пе?

    Ұнады

  12. Gastarbaiter says:

    кек алудың философиясын түсінбейсің ғой… жақындарыңа, достарыңа сосын қателігін мойындап алдыңа келген адамға кешірімді болу керек)

    Ұнады

  13. kainarilyass says:

    Кек алудың да пәлсапасы болама????

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Бұл ар сотыыыыы (с)

      Ұнады

  14. tungi jortkan arlan says:

    bazar jok karimta jasapsin!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: