Емсіз ем

Адам ағзасы Құдайдың бізге уақытша жалға берген жан баспанасы, он екі мүшесі— құрал сайманы, жүрегі қозғалтушы моторы. Салауатты өмір салты дегенде ойымызға ең бірінші жарға ілінген СПИД пен есірткі, алкогольге қарсы қорқынышты үгіт-қағаздар елестейді. Ауыл, қаланың құзырлы мамандары осынау жағымсыз насихат пен үрейлендіру арқылы халықты салауаттылыққа баулитынына сенімді.

Rate this: