Мен үлкенмін, сен —топас!


Уа,  блогсүйер әріпжегіш әріптес, оқи бер қорықпа, сені балағаттайтын ешнәрсе жазғам жоқ деген сеніммен өмірдегі және интернеттегі пікірталастарда қолдануы оңай,  жатталуы ыңғайлы әмбебап жауаптардың бірін ортаға салмақпын.

Өзінің өмір жасын ең басты тірек етушілер өмірімізде де көп.

Себебі, бұл дәйекпен, әсіресе реал өмірде келіспеу мүмкін емес.

Ия, қазақ үлкенді сыйлаған халық. Бәлкім сондықтан да болар, әлгі «үлкендер» қазақтың осы қасиетін өз пайдасына жақсы пайдалана біледі. Оған тіпті өз арамызда жүрген блоггерлер арасында да мысал көп. Бәлкім бұндай адамдар кішілеу кезінде «Ей салага, алдымен әпшуіңе түк  өсіріп ал, содан кейін әңгіме айтасың!» —дегенді көп естіп, «Мә саған, жасың үлкен болған «жынды» екен! «Жас» болған жаман екен!» —деген  тұрақты пікір санасына жабысқан ба екен, кім біліпті?!

Қолдану түрлері:

  1. Бірі екіншісіне өз ойын айтып болған соң, соңына былай қосады: Мен сенен үлкенмін, өмірден түйгенім де көбірек!(көбіне ата-аналар (тәрбиелік мақсатта) және мәмбеттер (шымшып қалу мақсатында) пайдаланады.
  2. Жаңадан келген форумшы, немесе сайт мүшесі өзіне жамағат назарын аударту үшін өкшесі тесілген бір ақиқатты ашқанын айтып мәз болып жатқанда, ересектеуі оған » сенікі дұрыс емес» дейді. «Неге?» деген заңды сұраққа «Жассың әлі, кейін түсінесің» деп қысқа қайырады.
  3. Сөзден жеңіле бастаған 20-шы ғасыр өкілі, сенің атыңды/нигіңді атаудың орнына «балам», «балақай», «мұрынбоқ», «брәчке», «жетілмеген жасөспірім» деген қаратпа сөздерді қолдана бастайды.
  4. Мыс:  «Менің жасыма жетіп ал!», «Әлі талай сынақ бар алдыңда!», «Саспа, мен де сен сияқты болғанмын!». «Кезінде мен де солай ойлағанмын, қазір есейдім» Қызық, яғни ойынан айнымаған адам, ереже бойынша сөзсіз жеткіншектер класына жатқызылуы тиіс пе екен?

Бірақ адамның жас ерекшелігін пікірталастағы басты дәйек етіп тек «үлкендер» ғана емес, «кішілер» де ұтымды пайдалана алады.

1. Сенің орта ғасырларыңда мүмкін солай болған шығар. Қазір заман басқа.

2. Бықсыған ескішілдік. Өмірге жаңа көзқараспен неге қарамайсың?

3.  Мен жаспын. Миым сеніккінен сібежийлау ғой…

Құлақ аралық жүйке түйіні бар кез-келген қыртыңбай талай таласта шыныққан қас шешенді «тап шешеңді» дегізіп,  аузына  бетон құятын кездер көбіне осы жас мәселесін бетке басылғанда.

Бірақ хронологиялық жас пен көргендік, өмірлік тәжірибе екеуі аз-мұз байланысы болғанымен, мүлде екі түрлі ұғым екеніндігін де бір сәт  еске түсіріп қойған жақсы болар.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

11 thoughts on “Мен үлкенмін, сен —топас!

    1. Ия, Черчиль-ау дейм айтқан, «жасында максималист болмаған адамда жүрек жоқ, қартайғанда консерватор болмаған адамда ақыл жоқ» деп. Жә, оны қойш, одан ерте туғанда, бұл сөзді Сіз айтар едіңіз – ол маңызды емес. Сұрайын дегенім – мынау: Ақзере, сонда Сіз, қазір қартайдым деп отырсыз ба? O_o?

      Ұнады

  1. Айтайын дегенім, пікірталаста, адам хронологиялық жасты қозғамай ақ қарсыластың тәжірибесіздігін сұрақ қою, не дәйектеу арқылы жеткізе алады.
    Сосын, әлемдегі барлық аты шулы жаңалықтарды, керемет дүниелерді жас кезінде өзіне үлкен мақсат қойған, және өзіне шексіз сенімі бар адамдар жасаған.

    Ақзере, адам әрбір секунд өткен сайын емес, әрбір қадам басқан сайын, шешім қабылдаған сайын шынығады. Ал максималист болмай, шешім қабылдамай, жастайынан асқақа сезімдер мен мақсаттарға сенбейтін адам 40-қа келіп нендей өмірлік тәжірибе жинар ау дейсің? Жатады ғой жастығын құшақтап, сырасын сораптап?

    Ұнады

  2. Дегенмен бикеш қыздың жөн жосықсыз кемпірсіп, өзінікін дұрыс, бірер жас үлкендігіне сүйеніп басқаныкін бұрыс санауында жас бозбаланың жөнсіз данышпансуынан да артық максимализм бар деп ойламайсыз ба?:))))

    Ұнады

  3. хм… аталарымыздың «ақыл жастан» деуінің де бір себебі бар шығар? Менің айналамда да сақалын сатушылар жеткілікті, өздерінің дұрыс еместігіне қарамай. «әке-шешесі тәрбие бермеген» деп жасы жетпістен асқан менің ата-анамды қыстырғанда, тұмсығынан қойып қалуға тек «ментовать» етеді ғой деп тиыласың…

    Ұнады

  4. Үлкенді тыңда үлкенді тыңда дейді, үлкендердің сөздерін тыңдасаң күлкің келед. олар өз заманымен сөйлейді, қазіргі заман ағымынан қалып қойған.

    Ұнады

Пікір қалдыру