Фриманомания

2009-дың аяқ жағында Freeman  (Еркін адам)- деген аноним блоггердің  бейнеқатары шыға бастады. 2010-шы жылы сәуір айында әлемдегі бейнеблогтардың ең үздігі мәртебесіне ие болған ол Рунетте және орыс тілді Қазнетте ең тез және кең тараған анимовирус ретінде танылды.  Оның  кім екенін, немен қосып жеп, тышқанда немен сүрту керек екендігін Гугл ағаларыңнан сұрарсыңдар.  Төменде ең алғашқы монологының қазақша аудармасын оқысаңыз болады:

-Пайда болу-

Міне сіздер де өз үрейлеріңіз бен күдіктеріңізді жинап отқа тастамақсыз. Хыххы. Ал мен бұл түйіншегіңіздің көтіне шырпы тигізіп өртеп жіберуім керек шешесс…Қарғыс атқыр  Коллизейдің қақ ортасына тұрмын, қолымда алау мен бензин құйылған канистра, алдымда бір топ жалаңаш кісі жарға жабысып тұр, ия, мен оқиғаның дәл ортасындамын өздерің көріп отырғандай…

Онымен қоса, Мен оқиғаның Өзімін. Ия, ия…Мен өзім өзімді жараттым! Өзім бәрін өзіме бағынышты еттім!!!!!

Гәптің қайда жатқанын түсініп тұрсыңдар ма? А?

Кхым-кхым, ия мен бармын. Мен хақпын! Мен ойлай аламын және барлық стереотиптерден адамын, ия!

Менің әлемім түрлі шексіз мүмкіндіктер кеңістігі. Онда күнделікті жаттанды штамптар жоқ, ол тіпті үкіметтің, телебезердің немесе өздеріңнің сүйікті интернетіңіздің  насихаттап жүрген ұрандары мен лозунгтері сияқты жуындыдан да таза. Хихихихихаха… Мінемін мен. Мұндамын.  ШЫНАЙЫМЫН!

Ал сендер қазір мониторға үңіліп отырсыңдар, алайда барсыңдар ма өзі? Е-ей! Әлләу! Бар  екеніңізді дәлелдей аласыз ба? Эх-хх…Көрдіңіз бе, демек сендер жоқсыңдар, ал мен …БАРМЫН.

Менің әрқашан да айтпағым бар. Ал сіз не айта аласыз? Ойланып көріңізші.

“Екі сыра, бір кола беріп жіберіңізші!” — фуу, не деген сорлылық! Немесе “Қымбаттым, мен дәретке шығып келуім керек!” дейсіз, ал өзіңіз туалетке кіріп ап, ойнасыңызға СМС тересіз немесе пардон, тасағыңызды тартқылаумен әлексіз.

Сендердің өмірлерің  тұтастай өтірік! Күнделікті күйбең тіршілік, порнуха, интернет-тәуелділік пен ұялы телефон құлшылығы!!!!

Әлде қате айтып тұрмын ба?

Маған мынаны айтыңыздаршы : қашан сіздер қатардан тыс елден ерек әрекет жасап көрдіңіздер, а? ЕШ-ҚА-ШАН! Жасай алмайсыңдар да!

Білесіңдер ме неге???

Өйткені ондай әрекеттің барлығы сендердің жайлылық аймақтарыңнан тыс орналасқан. Сендер сол жайлы аймақтарыңа қымтанып алғансыңдар, полипропилен қапқа мықтап салынған  етсіңдер! Жұмыс пен күнкөрістің шеңберінен әрі аса алмаған соғымсыңдар! “Мұнда бос касса!!”

Әлде менікі дұрыс емес пе? Мүмкін мен қателесіп тұрған шығармын? Түзеп жіберіңіздерші олай болса? Мәселен, сіз өзіңіздің  қалтафоныңызды алдыңыздан шыққан белгісіз жолаушыға сылай алар ма едіңіз, а? Сұрақ бәріңізге қатысты. Немесе тап қазір компьютеріңіздің  винчестерін форматтай алар ма едіңіз??

Хаха. Қорқынышты, ә-ә?  Тышып қойыңыздар ма?!

Білесіңдер ме неге ондай әрекет қолдарыңыздан келмейтінін? Өйткені ол өзіңді өзің өлтірумен бірдей. Сіздер онысыз мүлде жоқсыздар.

Сіз қашан да өз басыңызбен бірдеңе істеп көрдіңіз бе??? Өз таңдауыңызбен жүріп пе едіңіз??? Біреудің  “JUST DO IT !” деген бұйрығын күтпеген кезіңіз болды ма, А??????????????

Әнеки, сондықтан мен шынайымын. Ал сіздер біреудің  қиялының ерте піскен жемісіз. Сіздер әлі салынбаған суретсіз. Сізге керісіншені дәлелдеу үшін әлі біраз тыраштану керек. Сонда ғана  өзіңзді “тірімін” деп  атау бақытына ие боласыз.  Бірақ ең бастысы бұл жәй әншейін ойын емес қой, бұл деген…

(с) Еркін адам

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

2 Responses to Фриманомания

  1. Gastarbaiter says:

    Егер бұрын соңды сопақбасты көрмеген болсаңыз. Мына жерде барлық мультроликтерін қараңыз. http://www.kiwi.kz/search/?find=freeman+mr&x=0&y=0

    Ұнады

  2. Маралбек says:

    бәсе мультик екен ғой. Жалаң текстпен ондай әсер бермейді екен.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: