Білгішбекке қалыңдық болсаң…

Бір-біріне ғашық жұп көше бойын кезіп, серуендеп келеді. Жігіт білімді, жан-жақты жоғары талғамды, оқығаны көп болатын. Қыз нәзік жанды, оқымысты болмаса да,  мінезі жайдары, өзі әсершіл.

Қыз: Мына үй сондай әдемі!
Жігіт: Қай жері әдемі? Төбесі шодырайған, жаны одырайған…

—  Қойшы тіптен, әп әдемі-ақ қой!

—Мына үйді “әдемі” деп айту үшін адамда қандай азғындалған талғам болу керек? Есігін қарамайсың ба?

— Жарайды, келістік бұл жаман үй. Ал менде қазақша КВН-ге билеттер бар!

—Қазақта қайбір КВН бар дейсің, жалпақ әзілді номерлерін тықпалай береді. Одан да кинотеатрға барайық, сен  “Алиса Ғажапстанда” киносын көрдің  бе?

— Жоқ , көрмедім. Бірақ мен қазақша КВН-ді со-о-ондай күтіп едім:(

—Қойш, мәмбеттер сияқты соған барып, күлкілі емес түк те!

—Онда Орда тобы келед, сол жігіттер күшті билейді!

—Қхм, негізі бидің патшасы Майкл Джексон саналады.  Қалғандары соған еліктеген қыртымбайлар…

— Шынында да солай екен-ау. Ақылдым сол, маған ана балмұздақты алып берші!

— Жоқ-жоқ, ол балмұздақтың құрамында 0,0001пайыз канцероген бар, зиянды эмульгаторлар, тстендргш, дмдеуштер бар,  сонымен қатар одан адам семіріп кетеді.. Сен оны жеп салқындаймын деп ойласың, бірақ нәтижесінде керісінше болады. Өйткені,  сенің  ішіңе барған балмұздақты еріту үшін, сенің ағзаң қосымша жылу бөлуге тура келеді, сөйтіп кейін одан бетер ыстықтап кетуің мүмкін. Ең  дұрысы, күн ыстықта диеталық сода ішу керек…

Қыз: 😦

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

5 Responses to Білгішбекке қалыңдық болсаң…

  1. Akzere says:

    Мораль: Білгішбектер әркез ақылды бола бермейді?

    Ұнады

  2. НУРЕКЕ says:

    Білгішбек емес өзімшіл, эгоист, отстойный жігіт кой. Тормоз, сондай да жігіт болыппа, айткандары әйелдің аңгімесі. . Мыкты, керемет болса, неге сол Джексоннын тірі кезінде концертіне алып бармады екен, акыл айтпай. Кітіптан көз алмай, өзі қозгалмай, қолдарынан тук келмей, акылды болады. Қарапайым қазақтың еріншек жігіттерінің ісі ғой. Енді, қыздардан асып тусуі керек кой!
    Ондайларға “ДЕМАЛ”….

    Ұнады

  3. qisyq says:

    ахахахахаха!!!!)))))))))))) Типа қызға “жарға басыңды соңып өл, нақ” дегендей болып тұр)))))))))

    Ұнады

  4. Anonymous says:

    мына оқиға шын мәнінде болған ба? болған болса,Менімше екеуі бір-бірін тапқан. Ал егерде болмаған болса,бұндай аңгімені итернетке жариалаудың қажеті жоқ. Ренжіме

    Ұнады

    • Өкінішке орай талғамға талас жоқ. “Таңдауға” тем более… Бұл жерде сезім туралы айтылып отырған жоқ, әрине!

      Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: