Кездесу, десу, десу-2

Бұрын Аршат, Ерланмен алғаш кездесуден кейін осылай басталатын жазбам бар еді. Бүгінгі жазбаны да көп басымды қатырмай солай атай салуыма себеп не десеңіз, біріншіден, тақырыппен аттас жобамен менің “кездесуім”, екіншіден сол жоба бастамасына әлгі екеудің тікелей қатысы бар екендігінде.

“Қазнеттің интеллектуал алыптарының  брейнсторм-шедевры” десем біреуге әсіре мақтау көрінер,  “бірлескен енек қасушылардың кезекті энтузирастиясы” десем әсіре боқтау көрінер,   сондықтан мұңайған тілші-сымақтар секілді қи-тезек, ит-шошқа эпитет іздеп әуре болуды жүн көрмедім.

“Десу”- деген жапон тілінен аударылмайтын сыпайылықты білдіретін морфема болып табылады, дәл мына дәруіштік “сс” жалғауы сияқты, десуыңдысс..

Кездесу.Кз сайтында мен үшін бастысы пікір алмасатын алаңы, яки форумы бар, одан басқа да біреуге қызық болуы мүмкін деп табылған түрлі “ысқырғыш”, “осырғыштары” бар сияқты. Тереңірек функционалдығына үңілуге уақытым тығыз болды. Бірақ басқа сайттарға қарағанда (саусағымды шошайтпай-ақ қояйын) қолданушылардың мобильділігі артатын сияқты, емін еркін араласып, өзінің ит-шошқа каменттерін, пікірсымақтарын ойларын түрлі мультимедиа көрнекіліктермен әрлеп, көсіле сілтеуге мүмкіндік беретінін ұлғайтқышсыз-ақ көруге болады.

Бір қарағанда “жыпырлаған бірдеңе” көрінгенмен, қиын дымы да жоқ.  Әлгі сопақбастар қазақтілді шәйнек тұтынушыларға ыңғайлы қылу үшін, біраз көзінің майын, маңдай тер табан ақысын жаратып, ең бастысы жан дәрменін адал салып құрастырған дүниеге ұқсайды. Бұған Артемий Лебедев (егер қазақша түсінетін болса), ” Мынаны өздерің істеген болсаңдар, маған жұмысқа келсеңдерш, ептібаймайттар!” -дер ме еді…

Әсілі бұл жобаны бәйгеге жұрттың арты тоңып, үйге тығылатын маусымға қарсы қосқанда, 100 мб/с жылдамдығын тұрған орнынан алар еді, бірақ осыған да шүкір дейік.

Жігіттерге шығармашылық табыс тілеп, уақыт ауысып, орайы келсе порталына тіркеліп, алыс-жақын ағайынмен “кездесіп” тұрыңдар.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

One Response to Кездесу, десу, десу-2

  1. Респект_кажы says:

    kezdesu.kz сайтсымагы унай койган жок. Навигациялылыгы төмен, жуйелілігі жетіспейтін хаосты БИРДЕНЕ деуден баска тенеуім жоқ өкінішке орай. Авторлары келешекте буны ескеріп, кажетті түзетулер енгізеді деп сенемін

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: