Кірпіштің екіншісі

(жалғасы. басы мына жерде)

)
– Ақымақ! Бірінші кезеңде-ақ «картоп жарыпсың» ғой! Қателерің оннан асады! – Лёха, менің күнімнің жартысы қалай өткені жайлы әңгімемді тыңдап болып, біртүрлі толқып, мазасызданғандай көрінді. – Ия, қиын жағдай!
– Лидашқа телефон соғуға сол күйі бата алмадым. Дегенмен Ташкеннен туыстарым салып жіберген түйе-жүн көрпенің астында ыстық лимонды шайдан соң ұйқыға кетіп бара жатып, тезірек оянып, оған телефон соғуды армандадым. Оянсам, сағат кешкі он болыпты, беймезгіл уақытта телефон соғуға тәрбием рұқсат бермеді.
Қайран сорлы тәрбием-ай! Әке-шешемнің бекіткен рефлекстері мен әдеттері мүлтіксіз орындалатын қағидаға айналғандай! Әттең-ай, әкетайым мен маматайым, сендердің бітпейтін өсиеттерің мені осындай күйге жетелерін білдіңдер ме? Сендердің нақыл сөздерің санама берік шегеленіп қалып, мені біреуден әлімжеттік көріп, қорлыққа душар қылатынын білдіңдер ме? Кеңестер Одағы деген зұлымдық империясы керемет ұрпақ тәрбиелеп — романтик, білімді, мейірімді пенделерді өсірді. Бірақ олар бұл әлемде ешқашан дегеніне жете алмайды.
– Сен түсінсейші, әпендім-ау, мен саған құтқарушы мессия емеспін, Қыдыр ата да емеспін, келе сала сенің басыңдағы бүкіл мәселені шешіп бере қоятын. Мен тек білгенімді айтамын, ол айтқанымның барлығы талассыз шындық емес, тек белгілі бір жағдайда ғана орынды. – Леха лекциясын жалғастырды. – Сенің тапсырмаң, басты ойымды қабылдап, оны өзіңнің негізгі ұстанымың ретінде өмірде пайдалану. Ұқтың ба?
– Ұқтым.
Бір нәрсені анық түсіндім. Өміріміз – үлкенді-кішілі қозғаушы күштер тізбегі, олардың араларында жол жатады.Ол мақсатқа жетер жол. Мақсат болса, мақсатқа жетуге қозғайтын күш болады.

Қарапайым мысал: мен телевизор көріп жатырмын. Бір кезде сигім кеп кетті. Сию – ол қозғаушы күш. Күш болғанда, сұмдық күш! Әсіресе үш-төрт шөлмек сырадан соң. Сонымен, мақсатқа жету үшін (қуықты босатып, бір рахаттану), маған диваннан тұрып, дәретханаға бару керек. Яғни мақсат бар (сию), қозғаушы күш (енді сигім келмеу үшін) және тапсырманың орындау жоспары бар (тұрып тышаққа жету). Егер қозғаушы күштер жалқаулық пен еріншектікті жеңсе, біз мақсатқа қарай қозғаламыз. Сондықтан алдыңа мықты қозғаушы күштер мен шынайы мақсаттар қойған маңызды.
– Жарайсың. Енді сенің қателеріңді қарастырайық.
Лидаға телефон соғуға дәтім бармай, Лехаға соқтым. Ол бірден жауап берді де, қуанышты дауыспен айқайлап жіберді «Ерке е-ек!». «Қалай жағдай? –Аманшылық!» деген сияқты күнделікті тіркестерден соң, «Кірпіштерде» кездесеміз деп уәделестік. Үйдің қасындағы шағын сырахана «Кірпіштер» деп аталатын.
Жақындап кеп тоқтаған «Фольксваген Туарег» джиптан езуі екі құлағына жеткен Леха түскенде таңқалғанымды айтсайшы… Адамның сырт пішіні алдамшы екендігіне тағы да көзім жетті. Мен бұны – бірге бас жазатын адам таппай, мені сырамен сыйлаған қарапайым қара жұмысшы деп жүрсем. Қыртыған екенмін. Қарапайым қара жұмысшы «Туарег» мінетін бе еді.
– Сонымен, бірінші қатеңді өзің де білетін шығарсың. Сен өзіңнің оңай білінетін әлсіз жеріңді анықтауға мұрсат бердің. Ешқашан өзгелерге әлсіз жерлеріңді анықтауға мүмкіндік берме. Ахиллестің қалай қаза болғанын білемісің? Білсең сол! Мұнда да солай – сенің әлсіздігің анықталмаса, сен мінсізсің!

– І-і-і, – деп күрсіне келістім. Қателіктерін көзіне шұқып көрсеткен ешкімге ұнамайды.
– Не і-і-і? Расын айтып тұрмын ғой. Екінші қатең – сен күзетшінің артыңнан бірдеңе деп айқайлағанын естідің ғой? Соңғы сөз әрқашан да сенікі болу керек. Сенің қателігің, бұрылып, қайта бармағаныңда.
– Ал қайтып бардым делік, сонда не болар еді?
– Мәселенің бәрі сонда жатыр ғой, Серега! Сенің қайтып келмейтініңе сенімді адам саған артыңнан аузына келгенін айтады. Психологиялық тұрғыда жеңіс те соныкі болмақ! Базардағы мешкей қатындардың сүйікті тәсілін білесің бе? Ауыздарыңнан ақ ит кіріп, көк ит шығып бір-біріңе бар қарғысты айтып боласыңдар. Бірақ әрі қарайғы дау-дамайдың мағынасы кеткенде, сен бұрылып кете бересің. Тап сол кезде желкеңе «Ә! Сүмелек! Шешеңнің аузына сиейін сені тапқан!» деген сияқты бірдеңе айтылады. Ал сен қырсыққанда қайтып келесің де бетіне: «не деп оттап тұрсың? с-сайқал неме!» дейсің.
Лёханың базардағы тәтейлерді шебер суреттегені соншалық мен күліп жібердім.
– Ия, өзіне де сол керек. Ол қалай боп кеткенін түсінбей, таңырқап тұрғанда, сен, өзіңше маңғаздана керім болып, жанжал орнына «қоянның суретін салып» кетесің. Бірақ… Не ғой, әзірше базардағы қатындармен ерегеспей-ақ қой. Ол алтыншы деңгей. Сен әлі бірінші деңгейге де жеткен жоқсың. Түсіндің бе?
– Түсінген сияқтымын. Бірінші деңгей дедің бе, алтыншы дедің бе, ол не пәле тағы??
– Жай әншейін, әңгіме болсын дегенім ғой. Былай ғой – дарақылық, өзіңе сенімділік және тіліңмен жағыңа сүйенудің нөлінші деңгейінде сен болсаң, шайтан базардың көкбет қатындары – алтыншы деңгейде.
«Тинькофф» сырасы жеңіл жүрді. Даяшының сырамызды төртінші рет қайталап жатқанын байқамай қалыппын.
– Тағы қандай қате жіберіппін? – деп сұрадым мен.
Өмір маған квест ойындары сияқты көрінді, онда ең бастысы дұрыс шешім қабылдап, деңгейлерден қатесіз өту еді.
– Өмір онсызда ойын емес пе, Резвей, – Лёха жымиды.
– Түсінбедім. Мен не, ішімдегі ойымды дауыстап айтып отырмын ба?
– Жоға, – деді Леха, – сенің ойларыңды көзіңнен оқуға болады. Оған басыңды ауыртпай-ақ қой, алкогольдің сананы кеңейтетіні бар, ал мас адамның не ойлап отырғанын оқу үшінші деңгейде-ақ оп-оңай шаруаға айналады. Ха ха! Сеніп қалдың ба? Қуғынбай әңгіме ғой бәрі, Серёга, қу ғын бай! Адамның ойын оқу мүмкін емес, тек оқиғалардың қай бағытта дамитынын болжауға болады. Маған сенсең, ұрттап алған адамның бар қалағаны оннан аспайды, ойы да сәйкесінше сол бағытта өрбиді. Қазір де екеуміз бір нәрсені ойлап отырған сияқтымыз, солай ма? Қыздар жағынан қалайсың?
– Бар ма? – деп үміттене сұрадым мен.
– Қыздар әрқашанда бар. Қыздар жоқ деген ешқашан болмайды. Саунаға барамыз.

***

– Не хабар, көке! Бос бірдеңе бар ма? – деп Лёха гүр-гүр етті.
«Көкеміз» әжімнен беті қырық қатпар болған егделеу ер ағасы «Ихтиандр» саунасының қасындағы жайдақ орындықта шылым тартып отыр екен. Рахаттана тереңге тартып, біраз кідірді де, аузынан будақ –будақ түтін шығып:
– «Люкс» бар-ау деймін.
– Рахмет, көке. Күйеуге беретін қыздарыңыз бар ма?
– Қыздарым жоқ. жезөкшелер бар.
– Бопты!
Алған ақпаратына қанағаттанған, Лёха саунаға кірді. Мен соңынан ердім.

Қабылдау бөлмесіндегі бардың артында сүйкімді қыз көрінді. Он сегіздер шамасында дер едім, тек көздері болмаса. Жанары өткір бола тұра, сайқалдығы соншалық, бұл көздің көрмеген күнәсі қалмағандай көрінді. Төсқағазында «Мария» деп жазылып тұр екен. Бұл есім оның славяндік келбетімен «жынды» үйлесіп тұрды – көк көз, сары шаш, тырсиған төсі биік орналасқан, бойы да жүз сексеннің шамасында. Бізді көре сала, Мария үйреншікті әдісімен күлімдеді, сәлемдесіп, бізден «көмегім қажет пе» деп сұрады.
– Машатай, әрине қажет! – деді Лёха мейірлене. – Бізге «люкстан» берші бір-екі сағатқа, сосын екі қыз жібер. Тек ең жақсысын жіберші, жарай ма?
– «Люкс» тап қазір десеңдер де дайын, ал қыздар жарты сағаттан соң ғана босайды. Қазір бәрі жұмыс істеп жатыр.
– Ал сен ше, жұмыс істейсің бе? – деп сұрадым мен.
– Ақшаларың жетпейді ғой, – деп Мария күлді.
– Жарайд, – деді Лёха, – онда біреуі босап жатса, бізге жіберерсің.
«Люксты» алдық, шешіндік, жаялығымыз бен сүйретпемізді алып саунаға кеттік. Үлкен ағаш үстелдің айналасында тап сондай ағаш орындықтар орналасқан, бұрышта – телевизор мен караоке. Үстелде – суық сыра шөлмектері, қайнатылған шаяндар, қытырлақ, жаңғақтар, кептірілген кальмарлар, сосын шелектей боп күл салғыш тұр. Орта тұсында – кішігірім бассейні бар. Кейін анықталғандай суы мұздай екен. Холда тағы төрт есік бар: демалыс бөлмесі, яғни сексуалды ойын-сауыққа арналған бөлме; массаж бөлмесі; дәретхана, және соңында, ыстық бу бөлмесі.
– Резвей, сені қайдам, өз басым алдымен буланып аламын. Ыстық буға дейін ішімдік ішу – өліммен бірдей.
– Онда, мен де сүйтейін.
Буланып алып, үстел басына отырдық. Ашылған сыра пышылдап көбігі сыртына төгіле жаздады.
– Сонымен, үшінші қатеге көшейік. Айқайға тек өте сирек жағдайда ғана бассаң болады. Қарсыласыңа жайбарақат, сабырлы әрі өзіне сенімді дауыстан артық еш нәрсе қысым жасамайды. Әлгі … Иванченкоға айқалап, сен…
– Панченко.
– Ия, әлгі Панченкоға айқайлап, сен өзіңді алдын ала тиімсіз жағдайға қойдың. Айқайға басатындар, өз сөзінінің дұрыстығына сенбей, айқаймен қарсыласты басып тастаймын деп есептейтіндер. Қысқасы, айқайлаған адам, бар күшін дұрыс жауап ойластыруға емес, айқайға жұмсайды. Сондықтан таласта даусының дыбысын ұлғайтып, жүйкесін жұқартатындар емес, қисынын тауып, әр сөзін негіздеп көзқарасын білдірген адам жеңеді. Түсіндің бе?
Түсіндім. Басымды изеп, оған соңғы кезде маза бермей жүрген сұрақты қоюға бел будым.
– Тыңдашы, Лёха, осы тірлік саған не үшін керек? Қайырымдылық па?
Лёха иығын көтеріп, жауап берді:
– Не ғой, Серажан, уақыты келгенде, бәрін өзің түсінесің. Ол уақыттың келетініне менің енді еш күмәнім жоқ. Есікті біреу тоқылдатып еді Лёха ақырып, «Кіріңіз!» – деді. Есік сәл ашылып, артынан біреудің сүп-сүйкімді жүзі жылт етті.
– Сізге кіруге бола ма?
– Болғанда қандай! – деп қосақтаса жамырастық.
Қыздар есікті іштен іліп алып, бізге жақындады. Әдемісін-ай бәлелердің. Фрайбергер емес, әрине, бірақ сырамен бірге қатып кетер еді.
– Лика! Оксана! – олар өздерін таныстырып үстел басына отырды.
Жәлептердің бәрі ұсқынсыз болады деп кім айтты? Әлгі бізге кірген екеуі бұл топқа жатпайтыны анық. Дәстүрлі жұп: кеуделі келген көтенді қараторы мен сымбатты, бойшаң бірақ жайпақ төс сары шашты қыз. Көздері жайдары «күнім» деп, өздері шынайы күлімдеп тұр – денелері тап-таза, иістері жағымды – паһ-шіркін, мынауың неткен…? Мәссаған, бұл күнгі жәлептер тап осындай ұқыпты, жайдары жас қыздар болады деп ешқашан ойламаппын.
– Серега, қалған қателерді өзің анықта! Бүгінше сабақ аяқталды, бітті!
Соңғысын айтарда, Лёха Оксананың қолынан ұстап демалыс бөлмесіне сүйреп әкетті.
Лика темекіден алды, мен оттықты жақындаттым. Лика ішке тартты. Сосын аяқтарының арасын айқара ашып, бір аяғын орындықтың үстіне қойды. Оның бұл әрекеті көзімді бұтының арасына қадап қойды. Лика сиқырлана сұрады:
– Сонымен, сыра ішеміз бе, әлде перісеміз бе?

Мәссаған, бәрінен де осынысы таң қалдырды! Менің студент кезімде жәлептер барынша уақытты созып, әзіл әңгімелер айтып, аянышты оқиғаларын айтып, әйтеуір жақындасудың сәтін алыстатумен әлек болатын. Бүгінде қызмет көрсету барлық салада дамып кеткендей, тіпті осынау Құдайға жақпайтын кәсіпте де.

Ерекше ынтызарлықпен, үстімдегі жаялықты сыпырып тастап – Перісеміз! – дедім. Демалыс бөлмесінен Лёха мен Оксананың аһлап-уһлеген дыбыстары шығып жатты. Біз де Лика екеуміз уақытты бекер өткізбедік.
Несі бар екен? Еркек үшін сұлу бикешпен төсектес болу әрқашан да жетістіктің айқын белгісі болған. Тіпті осындай жалған түрде болса да.
Ия, менің жеке қамалымның құрылысы құр сөзден біртіндеп әрекетке ұласа бастады. Алғашқы кірпішім шикі шығып, аяусыз қоқысқа тасталды. Оның орнына қателер талдауы мен өз бағытыңның дұрыстығына деген сенім отымен шыныққан жаңа кірпіштер қаз-қатар болып орналаса бастады.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

6 thoughts on “Кірпіштің екіншісі

  1. Мақсат, жол, қозғаушы күш туралысы түртіп алатын ой екен. Мысалы қандай десейш, «наглядный»!:)

    Бұл әңгіменің «таргет аудиториясы» болмасам да, соңына дейін оқып шықтым.

    Ұнады

Пікір қалдыру