Пикап-тренинг адамды өзгерте ме?

Өзің армандаған қызды қарату жолында өзге тілде үйрететін қарайған материалдар мен интернет -ресурстар бар.  Олардың әр қайсысының ерекше тәсілдері мен әдістемелік нұсқаулықтары бар. (Суретте, көшедегі қыздарға беттерін сүйгізіп,  понт лақтырған бастауыш пикаперлер)

Сөйте тұра, Пикап -тренерлер (ағылшынша pick-up – теріп алу, іліп кету)  психологиялық жағына да немқұрайды қарамайды.  Олардың көбісі асқан сұлу, не бай емес, дегенмен жеке өмірінде өздерін бақытты санайд. Олар білетін әлдене бар сияқты. Өмірдің өзі аңға шығу ма бірдеңе боп кеткендей. Қыздардың басын шырмаған жігіттер, жігіттің басын шырмайтын қыздар…Бүгін сені ол, ертең сен басқаны…

Пикап, НЛП, Жеке даму тренингтері тағы басқалар қазір 90-шы жылдардағы Кашпировскийдің емі сияқты сәнге айналған.Осы орайда кез келген ұялшақ жігітті тренингке жазылу алдында мазалайтын сұрақ бар. Ол:

Пикап-тренингтен өтсем мені ұялшақтығымнан құтыламын ба?

Ол сұрақ пикап тіліне “Осыдан кейін барлық қыздар маған беретін бола ма?” дегенді білдіреді.

Жауап. Жоқ. Бәрі бермейді. Тек артыңнан үрлеген желге мәз болып, онсыз да беретін қыздарға тап болғанша, әркімге соқтығып,  бір айдан соң құлдырайсың. Адамның мінезі жылдап, жаймен қалыптасады. Бір айда тек ұстаным өзгеруі мүмкін. Ал ұстаным сенің әрекетіңе, мінезіңе, мимикаңа, жүріс тұрысыңа интеграцияланып енуі үшін жылдар бойы өзіңді тәрбиелеуің қажет.

Егер олай болмаса, бір айдан соң бастаған нүктеңе қайта ораласың.

Ал жылдар өтіп, өзгерген соң, сен өзің ақ түсінесің. Саған пикап түгіл сайтан да керек емес. Саған негізгі, фундаменталды құндылықтар ғана қызық болып қалады.

Сүйікті іс. Дені сау ұрпақ. Жақындар.

Менің ойымша, адамды өзгертетін Пикап, не НЛП, немесе тағы басқа мега-апупенді тренингтер емес. Жігітті өзгертетін тәжірибе.

Ал тәжірибені тек белсенділік арқылы жинауға болады. Еңбек бәрін жеңбек. Жұмыста еңбектенгендер, өзіңді жетілдіру жолында тыраштанғандар, қарым-қатынас жолында қарап қалмағандар, спортзалда көт терлеткендер сыбағасыз қалмайды. Кей жігіттер есейген соң-ақ табиғи түрде өзгереді. 20 жасар бозбала мен 30 жасар еркектің  дене бітімінде де,  өмірге көзқарасында да ерекшеліктер қалай болса да байқалады. Ерік күші де, туа пайда болатын талант емес. Оны дамытады, шынықтырады.  Өзіңді өзгертетін тек өзің.

(Барлығы ИМХО құқығына негізделген)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

2 Responses to Пикап-тренинг адамды өзгерте ме?

  1. aral53 says:

    Иә, шаблон шеңберінде қалу жақсы емес.

    Ұнады

  2. Келісемін, өзгертуі мүмкін.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: