Қиблоггерлер…(жүйкесі жұқаларға арналмаған)

Қиблоггер – деген не?
АБАЙЛАҢЫЗ ТӨМЕНДЕГІ АҚПАРАТ КЕЙБІР АДАМДАРДА ЕЕАК- (езілген енек немесе ашыған көт)Синдромын тудыруы мүмкін. Егер жүйкеңіз жұқа болса, нәзік жанды болсаңыз, онда тез арада бұл тақырыптан тайып тұрыңыз.

Қи блоггер деген блогты қосымша “құрал” емес, басты “мақсат” деп қабылдайтындардың барлығы.

Олардың қаншалықты блог ауруына шалдыққандығына байланысты бірнеше сатысы болады.

1) Сезім-сезім блоггерлер.

Бұл блоггер өзіне қызықты жайттарды жазып, халықпен өз ойын бөліседі. Кейде жылап сықтап, “мені қызым тастап кетті”, “мен сені сүйемін, сен оны білмейсің” деген сияқты мұрнының боғын жеңіне жаққан блоггерлер.

2) Қыртыңбай блоггер

Не болса соны жазып, “ояндым- іштім-тыштым-юхтадым” деген нақышта жазатындар.

3) Мылжың блоггер

Ұзақ және терең ойға батып пәлсапа соғып, монологының аяғына таяу не туралы жазғысы келгенін ұмытып қалатындар. Обшым, к.ә/о.қ -көбәріп, оқыған жоқпын.

4) Бастауыш қиблоггер
Бірнеше блог ашады, бірақ бір праймери блогы болады, содан копипаста немесе импортты жасау арқылы көшіреді. Ерінбейтін бір сұмырай. Сұрақ, не үшін?! Жауап бермей ақ қойыңдар, бұл риторикалық сұрақ.

5) Топ қиблоггер
Бір блогы болады, соның рейтингісін көтеру үшін барлық виртуалдарынан, мой.Мирдегі аккаунтынан, тіпті басқа домендерде блог ашып, соларға өзінің басты блогына сілтеме жасап отырады. Рейтингісі түсіп кетсе, камент жазылмаса, блогымды ешкім оқымайды деп ашуланады.

6) Дарынсыз қиблоггер
Дарынсыз сондықтан өзінің дүниелерін емес, интернетте 40-мәрте домбыра/боян/ болған материалдарды өңдеп салады. Мысалы, біздің заманымызға дейінгі 5 ғасырда Қазақстанда пайда болып, тіпті шетелде домбыра саналатын суперстар.Кз -нің ескі приколдарын Папуа Жаңа Гвинеяға келген Миклухо Маклайдың көңіл күйінде сықпыртып ел алдына құя береді.

7) Офистік мақұлықтар

Бұл блоггер әрдайым бастығынан қашып-тығылып жазатындықтан, оның үлкен көлемдегі суреттерді, немесе сапалы материал жазып, қатесін тексеріп отыруға уақыты жоқ, сондықтан “Бүгін бір хат келді, бүкіл офисімізбен жатып күлдік, мінекей (әрі қарай копипаста кетеді)…” деген сияқты жазбаларға толы блог.

8) Таллантты лузерлер/байғұстар.

Бұл қиблоггерлер өзінің ішіндегі симай жатқан дарынның ескерусіз қалғанына ашулы блоггерлер, бар пәрменімен креатив жазуға тырысып бағады, бүкіл өзінің кішкентай миы жеткен тәсілдерді, яғни аллегория, метафора, евфемизм, табуизм, гиперболаларды қолданып, жамағатты күлдіремін деп тыраштанады. Ия, кейде, оның тік ішегінен пернетақтасынан әп-әжептәуір дүниелер шығып, оқырмандар мәз майрам болады. Бірақ одан басқа уақытта, жамағат инерция заңдылығына сүйеніп, қызық болмаса да, әдетін бұзбау үшін, не дос-блоггерімен ауыз жаласқан жымысқы қарым-қатынасын сақтау үшін “Ойбай өлдім ішегім қатты” деген сияқты мегапозитивті қикаменттерді тастай салады.

9) Әмбебабустар:))

Оо-о-о, бұлар тіпті бөлек әңгіме. Әсіресе қазақтың “көті ашық”, көкірегі ояу блоггерлеріне тән қасиет. Бірнеше блогы болады, сол блогтарды әртүрлі нақышта жазады. Біреуін орысша, біреуін қазаша, біреуін ағылшынша, біреуін “олбан” ТыЛиндэ, біреуін боқтық араластырып, біреуін мәдениетті түрде, біреуін спортқа арнайды, біреуін анимеге, қолөнерге, аспаздыққа, әнекдоттарға арнайды. Сондықтан өзін жан жақты ақылдымын деп санайды. Жаза берсін топастар кілең өзінің қай қайдағы блогтарға, өтірік аптаритет пен респектке ие болу үшін, қайта келмес жастық шағын сарп етіп жатқанын өздері түсінбесе оған не жорық??

Тағы басқа түрлері көп блоггерлердің, мен тек осыларға тоқталып өткен едім. Негізі мен де қиблоггермін. Бірақ кейде өз-өзімізге әділ сын айта білген де дұрыс болар. Егер арасынан өзіңізді тауып, “езілген енек, ашыған көт” синдромына шалдықсаңыз ренжімеңіз, ренжісеңіз асылып өліңіз, немесе жәй “бүгін Гастарбайтердің көңілі болмай отыр екен” дей салыңыз:))) Бірақ шынтуайтында маған бәрібір сіз не ойласаңыз да. Мен сізге алдын ала ескерттім…

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

22 Responses to Қиблоггерлер…(жүйкесі жұқаларға арналмаған)

  1. Мен не ойласам да саған бәрібір болса айтайын, тыңда…🙂 🙂 🙂

    Дұрыс, немесе, былай, тұрқы “іліп аларлық” блоггер бола ма?🙂 Сипаты қандай болуы керек? Мүмкін әлгі сен мінегендер сол өлшемдеріңе қарап түзер өздерін?🙂 (блин, осы жерде олар сенің айтқаныңа “пішту” деп, немкеттілікпен қарауын есепке алғым келмейді🙂 ) Бәрін мақұлық пен қи, тегі болмай бара жатса әмбебабус қып тастапсың ғой :)))

    Ұнады

  2. :))))))))))) ЕЕАКыңды қайдам, доғдыр маған тиесілі дәптершеге, иә, көп жазды шимайлап. ЕЕАК жоқ ішінде. Кемшілік деген жақсы нәрсе ғой, түзейсің, сипайсың, сипалайсың, жазасың… Қырын… Жазылуға келсе… Ал үш ұйықтау… Пардон.. Төрт ұйықта… Төртіншісінде түсіңе жүз пұд кіру керек :)))😉

    Жазбаны біреуден қатты сын естіп қап, намысқа тырмысып жазғаныңды түсінем…😉

    Ұнады

  3. Serzha says:

    ЕЕАК? бұл не нақ?

    Ұнады

  4. Gastarbaiter says:

    Соңғы абзац, төртінші сөйлемді қара, кавайлы замандасым

    Ұнады

  5. akzere says:

    Хи*хи… ))

    Ұнады

  6. urimtal says:

    Блогшылардың психологиясына үңілуге тырысқаның ұнады!🙂

    Ұнады

  7. Қате түсінбеңдер, бұл жазбаның мақсаты блоггерлерді тура жолға қою емес, ол тіпті мүмкін де емес, адамның өз рұқсаты, өз ниеті болмаса, оны ешкім түзей алмайды.
    Және түзеп те қажеті жоқ. Блогосфераны сәнді ететін де осындай әралуандық.

    Бұл типтер асыра сілтеніп, таза күйінде кездеспегенімен, осы персонаждардың кейбір мінез құлқы бәрімізге тән екенін мойындағанның еш ұяттығы жоқ…
    Дзен сіздермен бірге болсын!

    Ұнады

  8. sekisbek says:

    wahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahhahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahahaha

    Ұнады

  9. Ол әншиін ғана үндийский кино еді. Байғұсты жаман неме қайықпен кетіп бара жатып итеріп жібереді. Артынан. Қолтырауынға жем бола жаздайды. Әбүйір болғанда амалын тауып аман қалады. Рақымы түсіп бір кісі құтқарып алады. Есін жиып суға барып қараса, тұрқы сұрықсыз бейне қарап тұрады. “Ойбай, ойбай” деп жылап қала беріп еді. Оның түрі қорқынышты еді. Ол енді бәрінен нәсіл-ныспына қарамай кек алмақ ойда еді… Қара да тұр…

    Ұнады

  10. Цеван-Рабтан says:

    Жақсы жазылғын.
    Шындықты мойындай білу керек, блоггер жолдастар!

    Ұнады

  11. Цеван-Рабтан says:

    т.е. шындыққа тіке қарай білу керек дегенім ғой

    Ұнады

  12. 🙂 енд зен ви вил рул зи волд!

    Ұнады

  13. mаkе says:

    блогнамеші қыз-жігіттерге әңгіме жоқ
    бұрынғыша қалай деушеді…. әрқайсыңыз бір төбе!

    Ұнады

  14. This is not an ideal world депті де, Жәкем байғұс түңіліп кетіп, запыранын жұтып жіберіпті.

    Негізі, бес нәрседен қашық бол дегенге “қиблоггердің тоғыз сипатына бейғашық бол” деп қосу керек пе еді…

    Адам психологиясын жақсы меңгерген сияқтысың. Білінеді. Білінгені жақсы да…

    Ұнады

  15. Бөкен says:

    Осылардың ішінде меніңде сипатым бар шығар🙂

    Ұнады

  16. Әлібек says:

    Шындықты шыңғырту үшін танктың ішінде отыру керек, танкта отсынба, бала?

    Ұнады

  17. kazanbas says:

    мен бастауыш қибблогермін. блогты қалай толтырады, әлі тілін түсіне алмай жүрмін..

    Ұнады

  18. nurzhol says:

    Критикалаймыз, критикалаймыз, бірақ сүйіп қолданамыз. (МS Office жайындағы пікірді осында тастап кетейін)🙂

    СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕС.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: