2009-ға әбид жоқ, шешессс…

159

  • Ешқандай есеп жоқ, ризамын 2009-ға.
  • Шүкір ғой шүкір, Ғаламбасымыздың әділ әрі көреген саясатының арқасында, аман есен 2010-ға жеткенім үшін ризамын!
  • Әке-шешемнің ауырмай сырқамай жүргендігі үшін разымын.
  • Өмір жайлы, өткен кеткен қателіктер жайлы ойландырғаны үшін мың алғыс!
  • Шын бауыр мен нағыз достың қадірін тағы да түсіндіргені үшін ырзамын!
  • Мені болашақ жарыммен жүздестіргені үшін де ризамын!
  • «Аватар» деген кино үшін рахмет!
  • Солай.Де сайтымен жақын достастырғаны үшін, блогосферамен таныстырғаны үшін мың респект!
  • Жастар.Біз-дің дүниеге келгені үшін уважуха!
  • Ағарыс інімнің дүниеге келгені үшін шүкір!
  • Диагональды қарама-қайшы блогтардың әр түрлі мазмұнынан әртүрлі эмоция алғаным үшін, Уордпресс платформасына рахмет. Сонымен қатар,
  • Ербол, Гиена (Елбуз), Апербақан, Көңілді, Ханша, Арғынқыз, Біреу2009, Сатыбалды (;-)), Аршат Оразов, Ерлан Оспан, Нақұрыс, Есалаң, SeXen, Маратхан, ҒАрфилд, Шыназ, Амандық, СаянҮш (!), Малика (Венера Касымова) ,Тойбик (Ботақан- АтиллаКыЗ (Долорес), Қалдықыз, Ақұдай (Сакен), Бальзаминка (Синдерелла), Салтан (Алтын), Сержа, Ай-шешек, Базарайгүл, Жасмин (Райхан), Айко (ШатаҚ), Симона -Сымбат:), Қилеке (Қилызаман), Патик, Қосекең, Пандора, Альмира, Бейбарс, Кендебай, Біржан, Х-Мырза, Айсұлтан, Айдос, Аспан (Ертай), Меркурий, Маке, Карнивор (Тупак Амару), Нұрғиса, Айна-Мекен, Балғырған, Итатпас (АЗАМАТ), Сакен Спб. деген адамдармен таныстырып, әр қайсысынан бірнәрсе үйренгендігім үшін мың-гуглоплекс алғыс!
  • Қарадомалақтың маған берген мінездемесі үшін ризамын.
  • Алматыда «давай!» десең блоггер қыздарды жинап әкелетін қонақжай Ақзереден айналдым!
  • Алматыға бір келіп, мені шақыруды ұмытпаған Русланнннға ризамын.
  • Мейірімділігі сақалынан ұзын Асхатқа ризамын!
  • Ақтөбеде салқын сырасымен, жылы жүзімен күтіп алған Батыстық елден ерек блоггерлерге ризамын!
  • Астаналық Солайшыларға ерекше құрмет.
  • Биыл мықты материалдық моральді қолдау берген әпкеме ризамын.
  • Пішін мен форма деген философиялық ұғымдарға басқа қырдан қарауды үйретіп, эвфемизм мен табуизм терминін жете түсінуіме себепші болған Дәруішөлген сыбайлас командасына ризамын.
  • Вадим Зеландқа ризамын. Кітабы үшін.
  • Ақ халатты абзал жандарға ризамын.
  • Аяғыма рахмет, қанша километр менің денемді тасымалдап бір сыздамай қызмет еткені үшін.
  • Көзіме ризамын, нешетүрлі ғажайыпты көргенім үшін.
  • Евровидениеге ризамен Александр Рыбактың ең үздік әні Fairytale- мен таныстырғаны үшін.
  • Тозып кеткен жасыл курткама ризамын, осы уақытқа дейін маған қызмет етіп, суықтан желден қорғап келгені үшін.
  • Компьютерімнің клавасына ризамын жазған бәлемнің барлығын өзгертпестен сендерге жекізіп отырғандығы үшін.
  • Итке, құсқа, ауаға, әлемге бәріне ризамын, бір жылда қанша адам өліп, қанша адам келмеске кеткеніне қарамастан, тап сол таң ғажайып тепе теңдік күйін сақтап тұрған өмірге ризамын!

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

8 thoughts on “2009-ға әбид жоқ, шешессс…

    1. Қосеке, базар жоқ. Қайта ерінгенім ғой:) Никтерді беталды терді десең абижаешь…Бұл никтің иелерінің әр қайсысымен таныстығым жайлы кемінде бір шытырман мақала жазуға болады. Егер соның бәрін жазсам, міне сонда «ерінбедің» деп айтуыңа болады.

      Ұнады

  1. Зеланд «Транссерфинг реальности» үшін ілікті ме кен осы тізімге?

    Ол кітап біртүрлі мистика сияқты, бірақ шындығы бар, сонысымен де қорқынышты сияқты…

    Ұнады

    1. Қарақыз, ол кітап эзотерика жанрында жазылған. Ал эзотериканың барлығы мистикаға жақын. Мистиканың аудармасы «құпия білім».
      Бірақ қазір олар ешкімге құпия емес:)))
      Зеландтың кітаптарына ертеректегі эзотерикалық ілімдер мен НЛП-ның және Кванттық теорияның үлкен әсері болғанын байқауға болады. Бірақ бұл жайттер оның қарапайым, әрі қызық пайымдауынан ләззат алуға еш кедергі жасамайды.

      Ұнады

  2. Шынында да 2009 жылға әбид жоқ екен. Әрбір никпен таныстығың туралы шым шытырық оқиғаңды асыға күтетін болдық қой енді. Оныда жазып қойсаң керемет болар еди. Дурыс па?

    Ұнады

Пікір қалдыру