2010-жылдан күтетін фильміңіз қандай?

Фильмдердің пиаршылары екі үш жыл бұрын, типі нақ байқамай жасырын ақпарат бұқараға шығып кеткендей боп, шу шығарады. Меніңше, бұл үлкен пиар науқанның бір бөлігі. Сосын, жүргені халықтың, “Ойбай, пәленше түгеншені түсіргелі жатыр, басты рөлге Мырқымбайды таңдап қойыпты, келер жылы күзде премьерасы болады екен!” деп. Оны пиаршылар іліп алып, “Көптен күткен фильм!” деп одан сайын киноманның артына жел беріп қояды. Шындығында көпшілікке поқи мороз сияқты.

“Құсық күттім, жақсы боп шықты”, “алтын күтіп едім, күміс боп шықты”, “одан көпті күттім едім” деп қиналудың қажеті не осы? КИнодан дәл сол мезетте эстетикалық, рухани ләззат алдың ба? Сауығып, бір демалып қалдың ба? Болды емес пе?

Меніңше әлдебір фильмді күтіп әуре болып, фанаттану бос әурешілік. Көрген адамдардың көпшілігі мақтап жатса неге көрмеске. Жартысы мақтап, жартысы тамағы жыртылғанша жамандап жатыр ма оны да уақыт болса қараймын.
Қызық емес пе даттаймын. “Ал күткенімді ақтамады, сонша жыл күткендегім осы ма?” – деп бірақ енегім езілмейді екен. Сосын шықпаған киноны алдын ала күтетін әдетім жоқ. Сізде ше?

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

20 Responses to 2010-жылдан күтетін фильміңіз қандай?

  1. satibaldi says:

    “2012”-2009=3;
    Бұдан, 2010 жылы күтетін фильмім:
    2010+3=”2013″.
    Шешесстің…

    Ұнады

  2. Аршат says:

    Наша рашаның фильмін түсіріп болдық деді бүгін НТКдан көрсетілген Камеди клабта Семен Слепаков. әлде бұл былтырғы Рождествода болған выпуск па? Наша раша фильмі баяғыда шығып кетті ма?

    мен кино жағынан тормоздау едім. ана Матрикс, Властелин колец деген киноларды көрген жоқпын мысалға. Бригаданы өте кеш көрдім.

    Вясечлав Дусмухамбетов деген қазақ па айтпақшы?

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Матрица классика ғой. Одан кейін оның түрі өзгерген мың сан көшірмесі шықты. Бірақ өз жанрында топбұзар болғаны рас. Пластелин Копецтің кітабын бала кезден оқыған соң, күйнәсі өзімізге қызық болд. Жалпы фэнтезиге қызықпасаң көрмей-ақ қой. Бәрібір тиісті бағасын бере алмайсың.

      Ұнады

  3. Madlen says:

    Sumerkidin jalgasyn katty kutip jurm…

    Ұнады

  4. Гульнур says:

    Шынымды айтсам, МАТРИКС, Властелин колец деген киноларды мен де кормеп едим Аршат. Екеумиз бирге отырып корейікші. Фэнтезига тиісті багасын беріп,,,,,,,

    Ұнады

  5. Gastarbaiter says:

    Біздің пақан мысалы Российский баябик десе ішкен асын жерге қояды, оның қабылдау фильтрі солай.
    Ондай адамдар АВАТАР-дың шеберлігін ешқашан қабылдамайды, ол үшін бұл фильм әншейін балаларға арналған кезекті мультик.

    Ұнады

  6. Аршат says:

    Ондай киноларға уақыт құрта алмаймын Гүлеке. одан да екеуіміз басқа жанрдағы кинолар қарасай қайтеді деген ой келіп тұр маған🙂

    Ұнады

  7. naqirus says:

    …білә, ана немістің бір режиссері бар ғой. Аты-жөнін ұмытып отырмын, ептібайымайдтың. Барлық фильмдерінің сценаристі де бір адам сияқты, нақ: “даст ист фантастиш” деген тіркесті көп қолданады. ОЧм, сол биыл тағы да 3-4 кинолента түсіреді. ДаЧыны сосын алатын шығар…

    Ұнады

  8. Аршат says:

    Кім Тони Рибас па?

    Ұнады

    • naqirus says:

      Жоқ, Тинто Брасс!

      Ұнады

  9. Өткен жылға өкпе жоқ, Кино түгіл *өт те жоқ, деп тисе терек, тимесе Аршат деп көпірте беруге болар еді…
    Дей тұрғанмен, “Хатико” мен “Бесславные ублюдки” мені кәдімгідей толғандырып тастағанын ашық айтайын.
    Биыл бір күттірген фильм шығуы керек. Атын есте сақтамаппын. Бір жас бала туралы, дүлей күш иесі ме, сондай “бірдемке”. Бұдан кейінгіде попкорынға қомағайша жармаса беруге абай болу керек-ау деймін. Бір лет жанымдағы бір шегіркөз қақалып, фильмнің соңына дейін жөтеліп, түгеліміздің мазамызды алғаннан кейін бек түйгенім осы. Ал негізі, “Біржан сал” жақсы кино.

    Ұнады

  10. Symbat says:

    Қайдан оқығаным есімде жоқ, менің күтіп жүрген фильмім: ол атақты француз әртісі Жеғағ Депағдьёнің Шымкентте түскен фильмі. Атын білмейм, сьемка бітті ме, оны да білмедім..

    Ұнады

  11. Тупак Амару says:

    Шикіжан быраттың “Armor of God ІІІ: Chinese Zodiac” деген фильмінің шығуын күтіп жүрмін. “Көрші шпион” ба, “Шпион көрші” ма, бір фильмі шығыпты ғой🙂

    Былтырғы фильмдердің ешқайсысын күтпеген едім. Ойламаған жерден көрген “Ойпырмай” мен “Бесславные ублюдки” – ең ұнағандары.

    Ұнады

  12. Сымбат says:

    Бесславные ублюдки несімен ұнады?! Мен соны кинодан көргем әдейі, кеткен қайран 7€, онлайн иллегал көре салатын дүние деген ой келді.. Аватар дегенді айтып қызықтырып жібердіңдер ғой.. Мен де Аршат сияқты: Матрикс, Влестелин колец т.б. классиктерді көруге құштар еместердің біріненмін..

    Ұнады

  13. “Аватар” енді міндетті қарауың керек санатындағылардан шығар. Қанша дегенмен, біраз жылғы үнсіздіктен соң Камеронның “аақ” деп тудырғаны ғой. Ал орыс коммунист қауымдастығы марқұм боп кеткен кейбір орыс жазбагерлерінің идеясын ұрлап, плагиатқа ұрынды деп жатқан туынды бұл. Басқаша бір қыр десек пе екен, сондай бір иірімдермен өрнектелген дерсің. Экологиялық апат проблематикасы да бар, ақшаға құныққанның сұрқия тірліктерін де ұтымды әшкерелепті Джеймс. Көр, енді. Ал Квентин… Оныкі қашанда өзіндік қолтаңбасы бар жүгәрмек продюсер болғаны үшін бе екен… Әйтпесе қан көрсе көзі қызарып, бозаратын кім бар дейсің🙄

    Ұнады

  14. Гульнур says:

    Толықтай келісемін

    Ұнады

  15. umirbek says:

    Тек Kazakh film керек.

    Ұнады

  16. Abilakim says:

    “Аватар” көруге тұратын кино, “ойпырымай” мені еш асерге қалдырмады. Енді жиен түсіріп жатқан “Афганецті” күтеміз. “Біржан сал” жақсы түсірілген,кемшін тұстарыда бар. “Лавэ” орташа деңгейде. Сатаевтің туындылары керемет менің пайымдауымша. Ана Рақышевке кино түсіріп керегі жоқ. Сосын қарағандылықтар “Оң қол” деген фильм түсірді. Төлен Әбдіктің хикаясы бойынша, егер тағыда квеншиктерге ойнатып қоймаса жақсы болар еді. Бағасын көрген соң берермін. Шығармажақсы еді түпнұсқада.
    Кино түсірем деген қазақтарға : Мағауиннің шығармаларынан әлемдік деңгейдегі туынды шығаруға болар еді.

    Ұнады

  17. Анель says:

    “Оң қол” жақсы шыққан! С. Сейфуллин атындағы Қарағанды театрының актерлері мен КВНщиктер ойнайды. Бірақ Төлен Әбдіктің хикаясынан өзгешеліктер жоқ емес. Жалпы фильм жақсы шыққан!!! Қазіргі таңда кино-театрларды болып жатыр…

    Ұнады

  18. Сабина says:

    Төлен Әбдіктің повесі бойынша шыққан “Оң қол” фильмі өте жақсы шыққан. Ондағы кейіпкерлер образын сомдаған Қарағанды қаласының С.Сейфуллин облыстық драма театрының актерлерінің шеберліктері өз алдына бір төбе. Маған ұнады.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: