“Неге ұрсасың, насяйника!?”

(26.14 Kb, 200x266)Бірі өз жұмысын әрең алып жүрген енжар, сорлы бастық болса, ендігісі белсенді, барлық салада үлгеруге тырысады, ал үшіншісі жұмыста да, далада да, тойда да “Мәке-Сәке” боп кербезденгісі келеді. Шіркін, бастықтарды өзің таңдай алатын болсаң ғой дейсің… “Бастық өзіңнен өзге біреу болса, оңушы ма еді?!” дейсің . Бірақ, кідіре тұрыңыз…

Сізге бастығым жайлы шағымданып, жылайын деп отыр екен демеңіз. Керісінше, бірге қызмет істеуде жолым болған бір кісі туралы және басымнан өткен біртүрлі жайлармен бөліспекпін.

Майкпен әріптестігіміз 2006-жылы Қазақстанның батыс өңірінің бірінде  басталған болатын.  Ол кезде мен жап-жасыл, бозбала  аудармашы, ал ол тіс қаққан мұнай ұңғысының маманы болатын. Қайсысымыз гастарбайтер екені түсініксіз еді.

Майктың түрі кәдімгі американдық шопырлар сияқты. Нағыз жанұялық комедиядан атып шыққан кейіпкер. 20 жыл вахталық жүйеде түрлі елдерде жүріп, әйелінің көзіне шөп түгіл, шөкім салмай, нағыз адалдықтың ұлт таңдамайтындығының көрнекі мысалы болды.

Офистік үстелден құйрық көтермеген арық қыздай сызылып ақ көйлек, ақ шалбар, галстукпен тұңғыш келіп, университетте санамызға құйып тастаған сыпайы шаблонмен “Whould you like some сofee, sir?”  дегенімде, Майк күлуші еді. “Маған “сэр” демей-ақ қой,  біз енді бір-бірімізбен құдайдың 28 күн, аптасына жеті күн, 12 сағат қатарынан тікелей жұмыс жасайтындықтан, лакейлік сыпайылық бізге тек кедергі болады” —деп күлгені есімде. Жұмыстан тыс уақытта дос бола білген Майк, қарым-қатынас шекарасын бұзып, лағып кеткен емес.  Тіпті кейде өзінің ағалық ақылын беріп, өмірімдегі өзгерістерге болысып жүрсе де, қызмет пен достықты ешқашан шатастырмауға тырысатын.

Бірде жергілікті “Шварцнеггердің”  денесін көріп, — “Шіркін, осындай денсаулық болса!” -деп тамсанғанымды жасыра алмап едім.  Ондай денсаулыққа сен де жете аласың, мәселе денеде емес, мәселе ынтада”— деді. Ондай жігерлендіруші сөздердің бұған дейін де талай жерден оқып, білгеніммен, тап сол сәтте төбемдегі “чакрам” ашылып, орынды айтылған кеңес санама таңбадай басылды. Сол уақыттан бастап, мен “темір залымен” мықты дос болдым.

Майкпен жұмыс жасау менің көзқарастарымды да аздап өзгерткен-ді. Батыстық еркін менеджментке үйренген мен,  ырым-дәстүр және басқа да керексіз артық қозғалыстарға толы оңтүстік-шығыс азия менеджментімен енді жұмыс жасағым келмейді.

Мәселен, Оңтүстік Корейлердің ортасында жұмыс жасау тіпті қиын болды.  Өзіңді құдды жұмысқа менеджер болып кірген маман емес, Шымкенттің ауылына келін болып түскен Наташа сезінесің.

“Дөрекілік емес, біз жақтың салты солай” — дегенде, ол сезім одан әрі күшейе түседі.

  • “Менің кабинетіме қалай кірдің солай шығуың керек, ал сенің теріс қарап шығуың тәрбиесіздік!”
  • “Компания президентіне иіліп сәлем сал!”
  • “Лифтке бастықтан бұрын кіргенің не?”
  • “Менімен сөйлескенде аузыңдағы сағызың не?”
  • “Мен ішке кіргенде орныңнан тұрып сәлемдес!”
  • “Мына шашың не, сен актерсің бе, әлде әншісің бе?”

Қап, мына ақшаға бағындырған заман мен, өз елімде өзге елге қызмет етуге мәжбүр қылған гастарбайтерлік күнім құрысын!” – деп жүрдім. Түсімде  “Яптыбаймайт, Велкам ту Казахстан, қысық көз қиғаш қабақ” —, деп ауылдас достармен жиналып әлгі бастық-сымақты тепкіге жығып  жататынмын.

Индивидуализмге салынған тыйым, осыншама мәдени кедергілер, өзара түсіністіктің аздығы кесірінен тіпті жұмысшылардың өнімділігі де әдіре қалып, барлығы жұмыстан емес, өтірік көзбояушылық пен көтжалаушылықтан қолы/тілі босамады.

2006-жылдың жазынан бері Майк та мен де жұмыс орындарымызды ауыстырып, бүгінде тағы да бір компанияның шатыры астында бірге қызмет ету мүмкіндігіне иеміз. Бұл жолы екеуміздің бастығымыз шығыс еуропалықтар. Гастарбайтерлердің һәммасына Майк сияқты  әрі әріптес, әрі аға, әрі дос болатын “насяйника” тілеймін!

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

6 Responses to “Неге ұрсасың, насяйника!?”

  1. Aina meken says:

    “Шымкенттің ауылына келін болып түскен Наташа” :)))
    Кәріс фильмдерін көргенде, “Наташа” сезінген кездеріңіз есіңізге түсіп кете ме?🙂

    Бастықтардың өздерін ең алдымен адам екенін ұмытып кететіні ұнамайды. Бір байқағаным, қандай бастықпен болсын еркін сөйлесе алатын адам оның “бастықтық қылтыңдарына” жол бермейді. Бізде жұмыстан айырылып қалмау үшін сыйлайтыны да бар бастық атаулыны

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Кәріс фильмдерін көрмеймін. Бастықтың адам екендігін ұмыту – дегенді нақтыласасаңыз қызық болар еді. Менің түсінігімше, ең алдымен бастық жұмыстың тиімді тәсілімен басы қатуы керек, анау мынау қырт-сыртты азайтып. Әрине адами фактор маңызды. Бірақ оңтүстік кәрістер психологиясын тек фильмінен білетіндерге айтарым, азиялық менеджмент стилінде көбіне орны оңалмайтын маман болмайды…Себебі…себебі олар солай тәрбиеленген.

      Ұнады

  2. ық-ық says:

    Оффтоп: Гастеке, Айнаны қатын қылып алғаныңыз ырас па?🙂 Іренжімей, әпшуйланбай жауап берсеңіз деймін. ық-ық.

    Ұнады

  3. Саян says:

    жиіркенішті, әсіресе құйрығын бұлғаңдатқан ит сияқты, майпазданып жағымсып, н-ка дегенің

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Бауырым, СаянҮш ол қазақша түсінбейді ғой

      Ұнады

  4. Саян says:

    қазақтардың жолын кескішсің ғой

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: