Өзіңмен өзің сөйлесу

Саны екеуден кем адамдардың өзді-өзі сыбдырласып сөйлесуіне көптеген себептер мен жағдайлар әсер болуы мүмкін.

КӨШЕДЕ

—»Блютуз» қосып, «хэндз-фри» гарнитурасы арқылы құлағына бір бәлені қыстырып алып, әлдебіреумен сөйлесіп келе жатқан адам, техникадан мақұрым мамбетке өзімен өзі сөйлесіп келе жатқандай көрінуі мүмкін.

—  Қойш на, оған көзіміз үйренгелі қашан!

— Қойсаң қой, сендердің Алматы, Астаналарыңда шығар көз үйренген, ал ауылдық аймақтарда әлі көз алартып қарайд.

— Қумаш, қай жақта ол? Сендердің Дәруішөлгендеріңде солай шығар.

— Алға станциясы Ғой, дОС!

КИНОДА

— Көрсететін ештеңе таппағандай, актердің мұңайған сұлбасын көрсетіп, кадр сыртынан өзінің даусымен текст оқылады. Көбінесе кейіпкердің айтарынан айтпағы көп болған кезде осындай трюк жасалады. Сонда кейіпкер өзімен өзі сөйлескендей болады.

— Бандиттік Петерборды мысалға келтірмедің бе?

— Кетші-ей, әкеңң…Одан басқа мысал таппадың ба!?

— «Сұлтан Бейбарс»-та көп сондай диалогтар!

— Екінші сериясындағы естеліктер ме? О есек неме! Ол монолог қой! Штирлицтікін айтсаң болады енді…

— Білмейм әйтеуір өз басым,  бүкіл кино бойы ернін жыбырлатпай күңкілдеп тұра беретін кинолардан шаршап кетем.

ИНТЕРНЕТТЕ

Бұнда бірнеше адамның атынан пікір жазуға болатындықтан, кейде қолданушылар неге екені өздеріне аян бірнеше виртуал лақап атпен кіріп, өзді өзі сөйлеседі.

—Ондай әңгіме бірақ екі адамның диалогы сияқты көрінеді ғой.

—Атаңның басы! Бұл жерде мәселе лақап атында емес қой. Мәселе, бір адамның өзімен таласуы. Психикалық аурудың белгілері көзге ұрып тұр.

— Қаямның ауруы ма, кәдімгі түртпектеудің түрі ғой.

—»Трольдық әрекет» дегің кеп тұр ма?

—Несі бар екен? Марқұм, Нақұрыс сөйтетін.

— Мінезі сондай шығар, қайдан білесің?

Сосын не ғой, бұл тек түртпектеу емес, жарнамалау әрекеті болуы да мүмкін.

— Соны айтам,  мәселен, атақсыз Аңсар Оспанның блогында әрбір мақаланың астында әрбір пікірді қарасаң, ең астыңғы жағында Аршат Еркімбай деген кісіден бірыңғай жылы лебізді байқауға болады.

— Туй,енді сен де сол қыртымбайды жарнамалауға шықтың ба?

ІДКБ

Ішкі дүниесі керемет бай адамдарда өзіңмен өзің сөйлесу ақылдылықтың, сабырлылықтың, өзіңді өзің сараптай білудің белгісі саналады. Шындығында, «ішкі диалог» дегеніміз ойлаудың бір түрі, себебі, кәдімгі сөйлеу мен, ішіңнен сөйлеу кезіндегі қозатын ми аймақтары бір.

— Ал образды ойлау ше? Мысалы, тез оқуды үйрену үшін, ішіңнен жазылған әр сөзді қайталаудан бас тарту керек.

Жындыханада

Жан дертіне шалдыққандар кәдімгі  сіз бен біз секілді қарапайым есті адамдар болғандықтан, олар да тірі адамдармен араласып, ыстық қатынасқа түскісі келеді. Әдетте «жындылар» өзімен сөйлескен кезде, олар өзімен емес, өзіне көрінген елес достарымен сөйлеседі-міш.

—Мысалы, шайтан базардағы жынды-Айымкүл?
—Туй бір, көпке танымал ешкім жоқ па?  Кейбіреулер бар ғой бір топ адамға үнемі бірнәрсе деп  жатады, ал әлгілерге екі қойың бір сом.
— Амантай Қажы Асылбек пе?
—Жоқ, ол асыра танымал…
—Жарайд-жарайд,  біз екеуміз ше мысалы? …
—Біз?.. Екеуміз?.. Неғылдит енесс…
нымал біреулерді таппадың ба?

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

15 thoughts on “Өзіңмен өзің сөйлесу

  1. кейде ондай сәттер болады. Әсіресе ойлар маза бермеген кезде 🙂
    Киноларды ішкі ойларын айтып тургандыры ұнайды. Түсініктірек сияқты болады маған.

    Ұнады

  2. «Бұнда бірнеше адамның атынан пікір жазуға болатындықтан, кейде қолданушылар неге екені өздеріне аян бірнеше виртуал лақап атпен кіріп, өзді өзі сөйлеседі.»

    Уахаха, достым мынадай адамдар арамызда да бар ғой әлі :)))

    Ұнады

  3. Өзіңмен өзің сөйлесу ма білмеймін, бірақ көбіне бір проблемаларды шешуге талпынған да, өзіме сұрақтар қоямын.
    – Неге жындандым?
    – Осылай да осылай болғаны үшін.
    – Оған сонша жындануға не себеп?
    – Өйткені бірдеңе де шірдеңе
    – Енді не істеу керек?
    – Осылай да осылай…

    сөйтіп кете береді…. :))

    Ұнады

Пікір қалдыру