“Қырғыз қазақ бір туған” немесе Қырғызстандағы қайғылы жағдайларды жылы жерде отырып салқынқанды сараптағыш “қайраткерге” ашық хат

Атасының ала басы. Халық көтеріле білуі деп соларға қызыққан түрлерің құрысын. Ал кісі өлімі ше? Бұл малшылық. Көтерілістің артында кім тұрса да бейберекетсіздік пен жаппай тонау адамгершілік емес. Кез-келген тобыр өзінің малдық инстинкттерін ақтап алу үшін азаттықтың демократияның туын жамыла алады, бұқаралық көтерілісте 80 пайызы хайуанға айналатынана күннен күнге көзім жетіп келеді. Бүгін көкке көтерген халық, қу саясатшы болмасаң, ертең ақ сені  әдемі идея мен бір шөлмек арақ үшін түтіп жейтініне де көзім жетуде.

“Қорқынышты кадрлерді беріп жатыр бұл да саясат” деген сөзіңе де көңілім көншімейді. Сонда бәрі жақсы деп, әдемі кадрларды беруі керек пе еді?
Саясатына саясат қой, бірақ жайбарақат мақымда жазатындай не қуантарлығы бар? Егер қырғыз бауырлар туралы ештеңе жазбасақ, ол немқұрайдылықтың белгісі ме? Мүмкін интернетке ерігіп әлдене жазатын уақыт таппай жатқан болармыз, әлде аузымызға құм құйылып комент таппай отырған болармыз?

Мына жазбаң бетіңе айтайын ең мұңайған боқ жазба. Біріншіден, сен өзіңді журналист деп позициондап жүргендіктен, саған осындай азалы тақырыпты құрғақ, әрі “мен жазбасам ешкім жазбайтын түрі бар” деп тәкаппарлана беруің енді қайдам, маған кешірілетін қате. Ал саған…мұңайма дегім келеді.
Әжестің, мұңайма дейді ау. Тапқан сөзіңе болайын. Адам бұтына тышып қойса мұңаяды. Етігіне су кірсе мұңаяды, қызықсыз кино көрсе мұңаяды.
Етеккірі келген қыз мұңаяды.
Ал массалық қырғында балаларына, бауырларынан айырылған адамдар қайғырады, күйінеді, ашынады!!!!!!!!Бұндайда “мұңайма” деп қалай айтасың???

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

21 Responses to “Қырғыз қазақ бір туған” немесе Қырғызстандағы қайғылы жағдайларды жылы жерде отырып салқынқанды сараптағыш “қайраткерге” ашық хат

  1. Секісқұмар says:

    Бізде де көтеріліс бола қалса, дәл осы сарапшының сол көтерілісте белсенділік танытатынына күмәндімін…

    Ұнады

  2. Сымбат says:

    Бәрінен де музейлерді, тұрғын үйлерді талқандағаны мені қатты мұңайтты..😦

    Ұнады

    • çàðàáîòîê â èíòåðíåòå… says:

      Өй, не дейд?!
      Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы деген осы болар. Талай боздақтың қаны төгілгенде музей-музейің сөз болып па?!

      Ұнады

  3. urimtal says:

    Қасына таянасың да айтасың. “Мұңайма!” дейсің. Жақының қайтыс болса, сені де біреулер келіп жұбатар. Сонда түсінерсің… Үнсіз қалмағаныңа рахмет. Бар айыбым, жеке блогымда ойымды жазғаным болса…. қателесіппін.

    Ұнады

    • sameday1 says:

      kritikaga renjimeniz
      jazu sizdin maseleniz
      syn aitu onyn

      Ұнады

  4. Жұмыссыз жалқау says:

    Меніңше, осы қырғыздарға қарап Әбіш ағаның “… бағына білмеген қауымға басшы түтпейді, табына білмеген қауымға пайғамбар бітпейді…” деген сөздері есіме келеді…

    Жалпы тентек, қытымыр халық сияқты, кешегі көтерілістерінің лидері жоқ, малды қорадан шығарып жібергендей…Жан жақтан талап… Малдан айырмашылық болмады ау….
    Жеңді, сөз жоқ… Шығыны да көп, көп жапа шеккен қара халықтың өзі…
    обалдары да өздеріне… Қайта Бакиев жауапкершіліктен оңай құтылып, таң тамаша өмірі жер бетінің жұмағында жалғасуда…
    Жоқ мен билікшіл емеспін, қазырғы біздің үкіметке да наразылығым бар… Ақтаудан да, қаралаудан да аулақпын, жақсы болсын жаман болсын ол менің отаным…

    Өлгендер иманды болсын, бастамалары бізден әрі жүрсін. Енді келер адамда ол ортада көп отырмас… Уақыт бәріне төреші…
    Мұңайма қырғыз халқы, біз бір туған емеспіз!

    Ұнады

  5. Енешшбек says:

    базардағы “тачкист” қырғыздың көтеріліс басталғалы бері екі енегі езіліп күйзеліп жүргенін көрдім, енді ше отанында дүрбелең… қандастарының қазасы… жүрегіне батып мұңа

    Ұнады

  6. Енешшбек says:

    базардағы “тачкист” қырғыздың көтеріліс басталғалы бері екі енегі езіліп күйзеліп жүргенін көрдім, енді ше отанында дүрбелең… қандастарының қазасы… жүрегіне батып мұңайып жүр десеңіз жепсіз…
    “алдыңғы көтерілісте 3 күн қатысып 3500 сом ақша жасап едіп ой не айтатыны бар түскі ас берет … ресторанда, арақ суша ағылды… сенің міндетің алдыңғы қатарда басыңды оққа тігіп қарсы жақты аяусыз төпелеуің керек, ұлтжандылық? патриоттық? халықтың қамы? не айтып тұрсың нах…”

    Ұнады

  7. technosyndrom says:

    Бұл сынға толықтай қосыламын.
    Вакханалияны “демократиядан” айыратын кез болды-ау деймін. Анау не Қырғызстандағы? Демократия? Қой-ей?
    Демократия дегеніміз – кез-келген малдың, елдің бас ментін алып шығып, сабай алу құқығы ма? Соростың қиыннан қиыстырылған риторикасын мен білмеймін, мен үшін бір қарапайым қисын маза бермей тұрғаны: БҮГІН ЕЛДІҢ НӨМІРІ БІРІНШІ МЕНТІН КӨШЕГЕ АЛЫП ШЫҒЫП, ҚОЙДАЙ САБАҒАНЫН КӨРГЕН КЕЛЕСІ МЕНТ – КЕЛЕСІДЕ СЕНДЕРДІ ҚОРҒАЙ МА?
    Демократия дегеніміз – үкіметті қорғаған солдатты қолға түсіріп, ұрып-соғу ма? Ол ант берді ғой, топастар, ағымдағы режимге! Мұны көрген келесі солдат та келесіде ешкімді қорғамайды, алаңға шыққандарға жем қылып, тастап кете барады.
    Ал енді, біз неге үндемедік, қабырғамыз қайыспады? Неге ғана уайымдаймыз екен? Кезекті банан республикасының қалыптасуына ма? Ішерге асы жоқтардың биік мақсаттар үшін-міс комедиясына ма? Не анау? Тобыр ғой әншейін! Арақтың күлімсі иісі тіпті кадрлардан да есіп тұрғандай.
    Шын зайырлы халық, бәлкім үкіметке қарсы шығар, бірақ оның жолында: өзі әскерге жіберген солдатын ұрмайды және мұражай өртемейді.
    Мынау жәй – ХУЛИГАНДЫҚ АКТ ғана. Мен үшін Қырғызстандағы мүдделерім – Тоқтағұл су қоймасының жағдайы мен Ыстықкөлдегі қазақтың бизнесімен бітеді. Бәлкім цинизм шығар, дегенмен, өздері де қалталы бола бастағанда саяси мүдде не екенін түсіне жатар.

    Ұнады

  8. patick says:

    білә десеңші…”қырғыз-қазақ бір туған”…бізде де сондай көтеріліс болса, аталған жағдай қайталанады. Мен әлгі ұрып-соғу, тонау, ұрлау сияқты мализмді айтып отырм….общым кругом беспредел…қайда барсаң да қорқыттың көрі

    Ұнады

  9. Gastarbaiter says:

    “Биз эльменен!” -деп алып, супермаркеттерді рахаттана тонаған.
    Қазан төңкерісінде де социализм туын жамылып талай көзі ашық адамдарды “оқымыстысың” деп “Работу пролетариям, землю крестьянам, власть советам” деген айғаймен көк ала қойдай қылып сабап, қорлықпен өлтіруден садисттік ләззат алған тап осындай тобыр өкілдері.

    Ұнады

  10. Тышқанбай says:

    Блоггер қырғыздардың өздеріде “мырқтардың ісі” – деп қолдап отырғаны жоқ, шынымен мализмғой, үлгі алатын ештеңе жоқ.

    Ұнады

  11. асқабақ says:

    Блоггер қырғыздардың өздеріде “мырқтардың ісі” – деп қолдап отырғаны жоқ, шынымен мализмғой, үлгі алатын ештеңе жоқ.

    Ұнады

  12. Nurlan says:

    Я думаю, что все опасения напрасны. Киргизы создадут действительно народную власть. Я два дня разговариваю со своим другом из Бишкека, и хочу процитировать две его фразы: «Я горд за свой народ» и «Через два года ты переедешь к нам жить». Вот так вот киргизы видят свое будущее.

    Ұнады

  13. make says:

    окраинадан бір, айырқалпақтан бір клеопатраңдысс…

    Ұнады

  14. Мастұрбатыр says:

    сігіп қол қолдым білә ептібайымайыдтар!!!

    Ұнады

  15. zilola says:

    Дордайға бастан аяқ киінуге барам деп 10 жыл оқталып жүргенде оны да өртеп жіберіпті ғо😦

    Ұнады

    • sameday1 says:

      ))))))))

      Ұнады

  16. zilola says:

    Алақай, ертең шекараны ашады екен ғо, енді жабылып қалмай тұрғанда барып, бастан аяқ киініп келу керек!

    Ұнады

  17. zilola-ga says:

    байқа қазақ* екеніңді байқаса тап сол жерде тігіп* кетуден тайынбайды дейд.
    Әңгіме төркіні, топаз қырғыздарда болып тұр чичец. шекара ашпаса аш/жалаңаш қалайын деп тұрғанда шаруалары жоқ. “Нәкелерің, Бәкемізге” көмек етіп, ұшрып алып кетті через ҚЗ болған соң, кез/келген қазақты етеміз* деп тістерін қайрап, балталарын сайлап отыр-мыс.

    кеше гана шекарашылар жактан келдім. мля. өз/өздерін аштықтан жеп/жеруге дайын тұр нақтар қы*қы😉 саясат не теңім, тірлік етіп нан таба алмай отқан кезде😦

    Ұнады

  18. zilola says:

    Бүгін естідім, тағы бір дүмпуді күтіп отыр екен таксистер. Так что, әлі бармайтын шығармын😦 Тиіп тұрған Бішкекті көрмеім десем пааазор болайын деп тұр ғо!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: