Сасқан журнализ «-станын» шешеді

Шынымен де журналисттерімізге жазатын тақырып бітіп қалған ба?

Әрине, журналистке лақтырған тасым емес, бірақ соңғы кезде Қазақстанды – Қазақия қылайық деген ұсыныстарды көп қозғап жүр.  Атап айтқанда, zamandas.kz сайтында Досжан ДIЛДАБАЙЙ (дәл солай екі қысқа й-мен жазылады) қалыптасып қалған ән-ұран сөзін «ел әні» сөзімен ауыстыруды ұсынады, есіме қазақ форумдарының майталманы СаянҮш түсіп кетті. Аталмыш журналис қысқа мәтіні мынадай мақаланы «-станды шешетін кез келді» -деп атап  жариялапты:

Маңдайына егемендi, дербес, тәуелсiз деген айбарлы айдарларды таққан мемлекетiмiз төрткүл дүниеге Қазақстан деген атпен мәшһүрлендi.  Негiзiнде «стан» деген жұрнақтың мағынасы парсы тiлiнен аударғанда мекен, жер деген мағынаны бiлдiрсе керек. Демек, бұл сөздiң қазақ деген киелi атаумен бiрiккендегi бiзге түсiнiктi мағынасы «Қазақ мекендеген жер» дегенге келiп саяды. Құдды қазақтардың бiр сәт мекен ететiн уақытша тұрағы секiлдi болып естіледі маған. Ал, сiздiңше қалай? Тiптi, осы ырғақпен аталатын мемлекеттердiң де жай-күйiмен бiршама таныспыз. Барлығы бiреудiң боданында болған, айдағанына көнген, айдауына жүрген мемлекеттер. Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжiкстан, Түркiменстан тағысын тағылары. Тiптi орыстардың қармағына iлiкпей, бiзден шалғайда жатқан Үндiстан, Пәкiстан секiлдi мемлекеттердiң де ағылшындардың аяғының астында тапталғанын тарих айтып бередi.   Осы жағынан ескерер болсақ, «стан» жұрнағы бiздiң тек тәуелсiз мемлекет екенiмiздi ғана емес, сонымен қатар «орыстың отарында» болғанымызды ғұмыр бойы есiмiзге салып отырса керек.

Дұрыс-ақ делік, бірақ  «-Стан шешетін уақыт келді»  деген мағынасы атына сай ебедейсіз мақаланың авторына және блогосфера қауымына бірнеше сұрағым бар:

  • Қазақстанды – Қазақия деп атау атап айтқанда әрбір Қазақстан азаматына нендей жақсылық әкеледі?
  • Қазақ-деген сөзден «стан» деген сөзді алсақ, нендей мәселе шешіледі?
  • Болмашы мәселе көтеріп, ел назарын басты мәселелерден ауытқыту даттап отырған социализмнен қалған ауру емес пе?
  • Елдің әл ауқаты мен беделі ондағы ел атауларынының әдемі, әдемі еместігіне  тәуелді екеніне шынымен сенесіз бе?

Жалпы, жазғаныңыздан бір де бір саналы қисынға сыйярлық негіз таппадым. Сонымен қоса, мақалаңыздан мектеп программасындағы географиямен жете таныс болғаныңызға риза болдым.  Дегенмен, егер адамның мұрны ұзын болса, ол мұрын тек сол адам үшін ғана маңызды, қалғандары ол туралы ойламайды да. Әркім өзінің мұрнын ойлайды.

Атыңды ауыстырсаң сыйлап кете қояды деген қандай «кемеңгер» ой десеңші!!!!

-Италия, Испания, Британия,  -деген Еуропалық жалғауды қойсақ, бірден Еуропаның даму деңгейіне шыға кетеді екенбіз, бұл қағидаға сүйенсек.

Қазақстан экономикалық жағынан дамып кетсе, мәдени жағынан, өнер жағынан басып озып көшбасшы болса, басқа елдер сол «стан» – деген жалғауға таласады деп ойлайық ендеше.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

14 thoughts on “Сасқан журнализ «-станын» шешеді

  1. Italy, Spain, France, Germany, Ireland, Finland, Switzerland, the Netherlands, Great Britain, Norway — мына елдердің арасынан -ия жалғауымен аяқталатын елдің атын таппадым.

    Ұнады

    1. Ештеңе етпейді. Себебі, әлгі муахахахаланың авторы Латын тіліне негізделді деп ойламаймын:) Орыс тілінен қашып орыс тіліне негізделді. :))) Парадокс? Емес. Ақпараттық шектеулілік.

      Ұнады

  2. Өзгертсе, түбегейлі қазақша атауға өзгертекені жөн деп ойлаймын. Ауылы қазақылықтан алыс талай атаулар мен талай нәрселер бар.
    Өзгеріс керек, бірақ дұрыс өзгеріс болса ғана.

    -Станды шешейік??? :)))

    Ұнады

  3. Проблема Казахстана, имхо, в том, что люди не видят общей (национальной) идеи. Вместо нее главенствует принцип «Выжать из этой страны и других ее граждан максимум для себя любимого, а что будет с ней и с ними – пофиг». А надо бы «Я хочу жить в этой стране – комфортной, богатой, безопасной и свободной. И я не только хочу этого, но и делаю то, что должен для этого делать».
    Гаста, создай общую национальную идею! Ты избранный… бас-бас!

    Ұнады

  4. «Казахи могут выучить любой язык, кроме родного»
    «Главная опасность для казахского языка исходит от самих казахов»

    Вот всего лишь две цитаты про казахский язык. Истинно так оно и есть. Мы учим те языки, которые пригодятся в жизни, и забываем про свой родной. Пожалуй, надо взяться за казахский язык. И не потому что он мне нужен. А потому, что я нужен ему.

    Read more: http://blog.isabekov.com/#ixzz0eN7WZ1XD

    Ұнады

Пікір қалдыру