Қазақтарға қалай ағылшын тілін оқытады?

Ағылшын тілін орысша білмейтіндерге үйрете жүріп, қазақтарға арналған  грамматикалық әдістемелік құралдардың тапшылығына тап болдым.

Тек грамматикалық емес, жалпы аудио, видео, көрнекі құралдар, кітаптар мүлде жоқтың қасы.

Сөйте тұра, ағылшын тілінен сабақ беру барысында, қазақ тілі мен ағылшын тілінде әдістемелік құралдарға жақсы тіреу бола алатын, екі тілдің грамматикасына ортақ нәрселердің бар екенін, жалпы фонетика, сөздердің айтылуын қазақша білетін адамға да жеткізу оңайырақ, және тағы басқа.

Мәселен, Present Сontinuous – орыс тіліне аударылғанда Present Simple -дан айырмашылығы жоқ, тек қосымша сөз бен контекст арқылы мағынасы жеткізіледі. Ал қазақ тіліне нақ осы шақ (жатыр, отыр, тұр) бар. Тағы басқа көптеген бонустар бар. Жалпы ол туралы көптеген рефераттар мен дипломдық жұмыстар жазылған.

Өз байқағаным:

“Дәптерді берші” мен “Дәптер берші” – деген екі түрлі сөйлемде артикльдердің иісін сезуге болады.

Мағынасы ұқсас болғанымен, бірінші бұйрықта, “Қай дәптерді?” деген сұрақ орынды. Өйткені “Дәптерді” деген уақытта нақты бір дәптерді айтып отырған сияқтымыз. Ал “дәптер берші” -деген кез келген дәптерді, әйтеуір дәптер категориясына жататын нәрсені берсең болды деген ой жатыр. Орыс тілінде ағылшын артикльдерін үйрету – білуімше әбден әдетке сіңгенше бір ақырет болып табылады.

Ағылшын тілін үйренгенде, 9 адамның 10-ы орыс тілі арқылы үйренетіні бесенеден белгілі. Бұл мәселе осыдан он жыл бұрын да төтесінен тұрған. Қазір де шет тілін үйрету саласында бетке ұстар педагогтарымыз қанша “еңбек” жазып жатқанын интернетті, немесе кітап дүкендерін бір шолып-ақ білуге болады.

Жалпы орыс тілін білмейтін қазақтарға ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйрету нәтижесі өте төмен болады. Сондықтан, егер ағылшын тілі сіздің таңдауыңыз болса, онда ағылшын тілін ешбір өзге тілдің көмегінсіз тікелей (иллюстрация арқылы) үйрететін кітаптарға тоқталған дұрыс.

Сонымен қатар, сөздіктердің сапасының да,санының да аздығына орай, қарапайым қазақ тілді мұғалім, әрі ғалым, әрі тәлімгер болуына тура келеді.

Бірақ ондай жанкештілер болғанның өзінде де, ауылдық мектептердің  он бірінші сынып оқушыларының 80-90 пайызы алфавиттен арғысын білмейтіндігін қалай түсіндіреміз?

Айта кетерлік тағы бір жәйт, бұл көбінесе қазақ мектептеріне тән. Себебі, тіпті орыс мектептерінің мұғалімі әлсіз болғанымен, өздігінен үйренемін деушілерге орыс тілінде саны қарайған материалдар  бар.

Мықты  әдістемелік негізі  бар ағылшынның орыс тілді мұғалімдерінен тәлім алған салт атты оқушылармен жарысам деп жаяу қазақ тілді абитуриенттеріміздің шабы айырылып жатады. Жалпылап келгенде, бәсекеге қабілетсіз. Мүлде.

Осыдан 18-жыл бұрын  Клементьеваның Happy English -деген кітабы мен үшін ағылшын тілінің терезесін ашқан болатын. Содан бері Ағылшын тілі екеуміздің достығымыз жалғасып келеді.

Клементьеваның бастауыштарға арналған бұл кітабы шыққалы бері, орыстарда мың миллион әдістемелік құралдар, ЕШКО-лар, Драгунковтар, Бонк, Pimsleur’s American English, Raymond Murphy, Headway, Cambridge Grammar in Use, Голос Америки, Эккерсли, Петрова, Илона Давыдова,Сutting Edge,  New English file, Аракиндер  – (бұл тек ерекше есімде қалғандары!) қайта қайта басылып шықты.

Ал біздерде, яғни қазақ балаға арнап шығарылған дәл сондай кең қолданысқа ие болған әйгілі кітаптар, аудиоқұралдар бар ма?

Білсек бөлісе отырайық:)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

27 Responses to Қазақтарға қалай ағылшын тілін оқытады?

  1. Seka says:

    Жоқ. Өйткені біздің үкімет қолдау көрсетпейді, – деп, жылау керекпізба?

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Түсінбедім. Жылау керек екендігін айтып отырған мен емес өзіңіз.

      Ұнады

  2. Askabak says:

    Қысқа-нұсқа жазуды үйренсенші, – таңдаулы!

    Ұнады

    • Асқабақ, Асқар бауырымыз былай ысылып келе жатыр. Қарымы жақсы. Көп сөге көрмейік. Оңалып келе жатыр емес пе?!🙄

      Ұнады

  3. urimtal says:

    Дәптер туралы мысалың ұнап тұр. Әдетте етістіктің үш түрін көрсеткенде, менен үнемі үшінші бағандағысы немене деп сұрайтын. Есімше, көсемше тұлғасы дегенде тез түсенетіндер бар. Біз мектептен бастап, ағылшын тілін қазақ тілінен төтелей оқығандықтан осындай біраз ұқсастықтарды айтатын. Әсіресе, фонетикада көп қиналмайтынбыз🙂

    Ұнады

  4. Тупак Амару says:

    Артикль туралы әңгіме жоқ, дұрыс айттың. Кезінде аударма теориясынан жазған курстық жұмысымның тақырыбы болып еді🙂

    Ұнады

  5. 10 адамның 9-ы десек, ар жағындағы оныншысы кім? Ондай уникумды білгім келеді🙄

    Өз басым қазақ баласының тілін ағылшын кәлимасына сындыратын төте төл мануалдарды кезіктірмеппін. Әзіргі ең ұтымдысы сол орыстілді кітаптар боп тұр. Арланатын түгі де жоқ. Ағылшын тілін қазақ тілі дәнекерлігімен үйрететін қарымы зор профессорлық тәлімгер құрам кәсіби жасақталмайынша, әй қайдам… Ал ағылшын тілі бойынша лингвистикада профессорлыққа көп адам ұмтыла бермейтін шығар қазіргі заманымызда. Көбіміз аудармашылықтың тиын-тебені деп ойысып кетіп жатырмыз. Педагогикалық қайнарбұлақ вакууммен арпалыспаса да, ұрымтал оқу құралының жоғы – санасуымыз керек барлық. Тек констатация…

    Ұнады

  6. urimtal says:

    Қазіргі кезде Таңат Аяпованың оқулықтары мектептерде оқытылып жүр. Қателеспесем! Нәтижесі қандай екенін білмедім. Бірақ көргенім, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныптар Гастаның соңғы абзацстарының бірінде тізілген кітаппен оқиды.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Таңат Аяпова – менің деканым еді. Шіркін 9 группаласыммен сабақтан қашып жүрген жерімнен көріп қойып ұрысқаны бар еді:))))
      Сол кісінің маған қойған “Нәзік жігіт” деген лақап аты соңғы курсқа дейін жабысып қалған-ды.

      Ұнады

      • urimtal says:

        Нәзік жігіт. Сенің қазір көрсе, не дер екен?🙂

        Ұнады

  7. urimtal says:

    Айтпақшы, инетте ағылшындарға қазақ тілін үйрететін ресурстар бірсыдырғы баршылық. Индиана Университетінің мамандары әзірлеген екен. Ютюбта америкалықтардың Барахолкаға баратын автобусқа отырып, қазақша үйренгенін баяндайтын видеолар да бар.

    Ұнады

  8. Лицейді бітіріп кеп, университетте алғаш “Бонкпен”, соңыра “Аракинге” көштік. Лицейде Хедуэй мен Уан Уорлд сындыларға үйреніскен маған әлгілер әжептеуір сынақ еді… Бонкті қайдам, бірақ Аракиннен аудармашыға қажет болуы ықтимал кей нәрселерді үйрендік бірақ, шынын айтайық.

    Ұнады

  9. urimtal says:

    Кеше автобуста бір қыз бала Аракинді құшақтап, ұйықтап отыр. Аяп кеттім… Аракинді министрлік неге ЖОО-ларға бекітіп бергенін түсінер емеспін. Бонкты атай көрме! Comrade, Nurgisa!🙂

    Ұнады

  10. :)))))) иә, иә, сондай комрейттері бар еді ол құрғырдың :))))

    Сосын тек кітапханада және жалғыз нұсқада бір жасыл кітап болды… Аракиннің ары-берісі… Соған кәдімгідей таласушы еді студенттер. Еее, несін сұрайсың, 4-5 теңгелеп қанша мың теңге кетті ғой бейшара студенттің таяздау қалтасынан дефицит кітаптардың парақшаларын копи-мәшиннен өткізуге🙄

    Ұнады

  11. urimtal says:

    Парақша дегененнен есіме түсіп отыр. Бір қазақша оқулық болатын. Тәуір еді. Авторы ер кісі екені ғана есімде. Мұқабасы жасыл еді, қателеспесем. Өкінішке қарай, бізге тек соның көшірме парақтары ғана тиді. Алматыға келген соң, сол авторды іздеп табамын деп алдыма мақсат қойып едім, ақыры таба алмадым.
    Пы.Сы. Ағылшын тілін алғаш үйреніп жүргендегі небір қызықтар есіме түсіп жатқаны.🙂 Рахмет, Гаста!

    Ұнады

  12. Symbat says:

    Біз Мёрфимен оқыдық.

    Мен бір жолы сіңліме келер шақты түсіндіре алмай қатты ызам келген. Өзі дұрыс орысша да білмейді. Мен айтам will/shall деген орысшадағы “буду” деген сияқты көмектес етістік деп. Түсінбейді..🙄

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      wil/shall – ауыспалы келер шақпен түсіндірілмеді ме?

      Ұнады

  13. Аршат says:

    мектепте үйрене алмадым, мұғалім қазақша білмейтін ал мен орысша түсінбейтінмін. кейін лицейде үйренгендей болдым, онда түрікше арқылы үйретті. артынан практика арқылы өзіңнен өзің үйреніп кетесің.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      КТЛ-щик екеніңді өкшем сезіп еді.

      Ұнады

  14. Аршат says:

    сезусіз ақ былай да белгілі шығар деп жүрсем…

    Ұнады

  15. Былай да белгілі нәрселерді сезбейтін ұқсайды ғой… Өкшесі болмаса…🙄😉

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      КТЛ-щиктердің психоменталды сипаты мен көзқарасы ортасатистикалық қазақтан ерекше келуші ед

      Ұнады

  16. Тупак Амару says:

    Ағылшын тілін видиктен көрген фильмдердің аттарын жаттаумен бастап едік кезінде. Ол кезде фильмдердің аттары да қарапайым еді ғой, шіркін. Fist of Fury, Game of Death, Bloodsport, Bloodfist, Hand of Death🙂

    Ұнады

  17. Anar says:

    Ағылшын тілін ағылшынша кітаптан үйренген мүлдем қызық және әсерлі. Орысша түсіндірмелерге де БЖ!

    Ұнады

  18. altygradus says:

    хмм өткенде інімнің Кэмбридж бірдеме деген кітапты пайдаланып жүргенін байқап қалдым, тура атауы есімде жоқ, тек таза ағылшынша кітап екенін байқадым.
    Бұрынғы өзім қолданған Хэдуэйлерге ұқсаттым.. менше ағылшынша кітаптар жақсы.
    әр адам қабылдауына қарай, кім не нәрсеге бейімделіп қалады солай кетеді, мен өзім таза ағылшынша кітаптардан бастағасын, басқадай орысша түсіндірмесі бар кітаптарды қабылдай алмаймын. Аракин болсын басқасы болсын, универде әйтеуір дәм болсын оқыдық қой.

    Ұнады

  19. енді осы мәселені, ағылшын тілін меңгерген қазақ бауырларымыз, яғни сіздер, қолға алсаңыз ең бір сауапты іс болар еді мен сияқты шәйнектер үшін. Менің жиенім бар, орысшаға нөл, ПСК ға ағылшын тілі факультетіне түсті, байғұстың қалай қиналып жүргенін айтпай ақ қояйын. Идея бар: барлығыңыз бірігіп, қазақша, қарапайым тілмен, мысалдармен, түсінікті етіп оқу құралын жазсаңыз, сосын интернетке салып қойсаңыз. Интернетке министрліктің бекітуі мен рұқсаты қажет емес!

    Ұнады

  20. Айбек Өжкен-тегі says:

    http://lugat.kz торабымыздың ғаламтордағы мекен-жайы. Қазақша-ағылшынша онлайн сөздік. Сын-ескертпелер мен алып-қосар ойларға “Лұғаттың” manager@lugat.kz поштасы қызмет етеді.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: