Очм, ҰғҢжіӘ немесе қазақша медиавирустар турасында үш ауыз сөз:))

Интернетте бір доменнен екінші доменге секіріп қаңғып жүретіндерді не деп айтады?
Вебсерфер? Уеббраузер? Шолушы? Қаңғыбас деп еді бір сіздерге танымал замандасым, точно қаңғыбастың нағыз өзі екендігімді бүгін Оңтүстік Африканың бір сайтында жарты сағат отырғанымды түсінгенде білдім…


Не айтайын деп жатыр едім. Ах, ия.. мемметика жайлы Солай.Де-ден басталған бір аяқсыз диалог бар еді… Бәлкім мен уақытынан бұрын дүрлігіп жатырған шығармын, бәлкім біздің интернет әлі ол деңгейге жетпеген шығар, бірақ мен осы қазақ интернеттерінде (бұл сөздің көпше түрі блогтар, форумдар, имиджбордтар, жеке парақшалар,чаттар (яғни қызықты мекендерді білдіреді.

Көбіміз интернет пен интернеттердің айырмашылығын түсінбейді екенбіз.

Интернет – ол майл.ру, интернет ол – саяси сайттар, ұлттық порталдар және.т.б.

Интернеттер – бейресми ресурстар, яғни жайлы да жылы блогтар, бейресми нәсілдік форумдар мен антисемиттік емес, бірақ фашист болуға сәл қалмаған интернационалисттік либерал чаттар.

Біздің қазақстанда болысып жатқан жөйттер, тойыс болған заң турасындағы жайттар, яғни ресмилер мен бейресмилер қарусыз қақтығысы басқа елдерде де болған:

Сонау америкөттердің презервенті Буштың кезінде, бейресми блогтар мен форумдарға заң тарапынан тас лақтырылған.

Буш бір сөзінде, » ғайбат сөздер тарапты..Ээ ана немене еді аты құрғыр, ана бір интернеттерде..» -деп интернет сөзін көпше түрде пайдаланыпты. Содан топас Буштың бұл сөзін іліп ала жөнеліп, «интернеттер» деген сөзбен бұқара қауымның қауышу орталықтарын, яғни форумдар мен блогтарды, чаттарды ж.т.б бейресми интернет бөлігін атайтын болыпты.

(Масимовтың блогы «интернеттер» ұғымына кірмейді, алданып қалып, боқтық жазып жүрмеңдер, бірден айтайын, ол интернет)

«Энциклопедия Драмматика»-ның айтуынша пайда болған сөздерді , тіркестерді, суреттерді, (мемдер – медиавирустар, интернетте біреу пайдаланып, оны басқалары іліп ала кеткен сөздер, белгілер, тіркестер, суреттер!).

Яғни мемдер толыққанды олып анықталуы үшін, оны кем дегенде екі адамның пайдаланғаны болуы керек.

Қазақ тілінде біз білетін мемдерді тізейікші қалғандарын оқырмандар, жолдас, замандастар білгендеріңізді жаза отырыңыздар. Қазақ интернетімен бүгін және келешекте танысып отырған адамдар абайсызда осы сөздерге кезіккенде «бұның мағынасы не? деп жүргенше, тізімді тауып алып бірақ оқитындай пайдасы тисін.

  • (мысалы: Очм (орыстың Вобщем дегенінен, «негізі» «сонымен не керек, деген қыстырма сөз мағынасында қолданылады, (қолданысқа енгізген Айко), ма*ма ( бастапқы кезде таңырқауды білдіретін. қазір қуану, түсінбеу, ашулану, контекстке байланысты әртүрлі мағынада қолданыла береді көп пайдаланатын Айко ), гуглдету (Google іздеу жүйесі арқылы іздеу), мұңайған (іш пыстырарлық), ЖынД десе (тағыда Айконың қолданысындағы сөз, уішівөл (орыстың «выпейаду» деген падонак стиліндегі каменттің қазақша нұсқасы) – түпкі мағынасы қарғыс, бірақ қазақнетте «кешір көмектесе алмаймын», «өзіңе де сол керек» деген сияқты табалау сөзі. Пәленше Уішівөліпті -деген сөз шынымен «у ішіп өлген екен» деген мағынада емес, «сөзден жеңілген екен» деген мағынада.
  • @мерикөттер/амиликөттер – АҚШ-азаматтары (алғаш Carnivore aka Tupak -тан естігенмін, Иса/Будда/Зевс жар болғыр (с) Сатыбалды.
    Хот Догымды жепсің (сөздер ұқсастығына негізделген мем, «бос сөз» дегенді білдіреді, сосын «ал мен басқаша пікірдемін» дегенді де білдіреді(с) тағы да Тупак aka Carnivore. Шуашсыздандыру (с) Нұрғиса

    • Бұтақбас, сопақбас, қонақбас (сөздер ұқсастығына негізделген мем. Бастапқы кезде Сатыбалдының еш арам ойсыз, қарым -қатынас қажеттілігінен, әңгімеге түрткі болсын деп бастаған зілсіз сөзі, бірақ кейінгі кезде пендешіл қазнетшілер адамды балағаттау үшін қолданып кеткен:( Сондықтан мағынасы бұзылған.

    Жалпы орыс мемдерін қазнетке қазақша жақсы таралуда. Сонымен қатар, тікелей қазақша пайда болған мемдердің де бар екенін көріп отырсыздар.
    Орыс тілінен тікелей аударылған мемдер : «Өртейсің» – ЖЖошь!, «Мегаөрт/(мегакүйік -сәл аздау тараған)» – мегаотжиг!, иди на йух! – Кетнақ! ж.т.б варияцияларын көптеп кездестіруге болады.

  • Тағы сондай-ақ «кәментке тышу», құсып кету/ сиіп кету (насрать в каментах) – кең тарап кетті. «басыңменжарсоқ» (убей сибя апстену» Удафком).

Очм, қазіргі таңда көптеген қазақша мемдер ең алғаш Керек.Инфо мен Солай.Де-нің қайнап жатқан сорпасында пайда болған да, бүкіл қазақша блог, форумдарға жайылған деген пікір бар, бірақ аздап ол ресурстардан дербес пайда болған мемдер де бар.

Қазақ интернетінде жапоно-американдық мемдерді кеңінен пайдаланытын Сержа.

Алсо, оның жапоно-американ иммиджбордарындағы тәжірибесі бар, лоликон сүйгіш анонимуфаг екені белгілі болды.

Тағы айтарым, қазір қазақ интернеттерінің сөзшілері мемдерге шөліркегені білініп ақ тұр, кез келген сәтті тіркес айналысқа енуде. (Ресми сөздік құраушылардың»қылтима» мен «шаптырмасы» масқара болып, жалпы ұлттық нәсілдік фиаскоға ұшырағанын ескерсек:)) жаман емес:))

Мысалы, енессс, әжессс, -деген сөздер балағат сөздер сияқты болғанымен, сайтыңдыссс, трайбализміңдісс, деген сияқы тіркестерде «ссс» қосымшасы -» тоже мне!» -деген орыс одағайын білдіреді. Мысалы, «Нострадамус нашелся, тоже мне» деген сөзді ностраадамусыңдыссс деп қысқаша білдіреді.

Тағы қандай қазақша мемдерді білесіздер? Мағынасымен бөлісе отырыңдар.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

15 thoughts on “Очм, ҰғҢжіӘ немесе қазақша медиавирустар турасында үш ауыз сөз:))

  1. мен ЕШҚАШАН лурк не драматикаға сілтеме бермегенмін, тіпті олардың аттарын да жазбағанмын
    мен интернеттерде (де)мотиватор қойғанда әрқашанда демотиваторс.ру(ком) сілтемесін кетіріп тастайтынмын
    тіпті қажет болса, кейін оны гуглдан таба алмасын деп, суреттердің көлемін өзгертіп қоятынмын
    неге? себебі мен пәлені тарататын канцероген емеспін
    лурк мен драматиканың кесірінен біз ерекшелігімізден, өзіндік нәзіктігімізден айырылдық
    мұңайған боққа айналдық

    Ұнады

  2. Еще демотиватор.СРУ сияқты говноресурсты пайдаланып жүрген МБ екенсің..Бяяяяяяяяяяяқ!:(((((

    Хотя сен ең бірінші қазақша сөйлейтін аноним (хаямды жепсің, нигің бар емес пе?
    Біз деп сөйлемей ақ қой, битардтар сені осы үшін сідік-сідік шүберекпен сабайтын еді.

    Ұнады

  3. демотиваторсру, басқа да интернеттер кезінде жақсы ресурс ед, лурктың кесірінен мұңайған боқты таратын орынға айналд
    ник болса не болад, бәрі-бір анонимуспын. ирл-да кім екенімді білмисің…
    кім битард!? сен битард! епт

    Ұнады

  4. Болды э, сержа кетчнақ, менің жылы жайлы блогымды двачтағы срач тредтерге айналдырма…
    ПС. Мен битард болған емеспін ешқашан. Отакусымақ епт.

    Ұнады

  5. ақырындап қалыптастыруға болады.

    мысалы мынаны көптеген қазақша мақалаларға қолдануға болады: «көбәріб», «меңгералмадым»

    Ұнады

  6. Аршат, оларды орысшадан аударып күштеп таратқың келе ме сонда??
    Одан көрі әлдеқашан қалыптасып қалғандарына анықтама берсек, ньюбайларға көмек болар еді.
    Әдейі тарату – дрочево. Походу дела қалыптаспағасын.

    Ұнады

  7. Сержа, ололо!
    – Сен бұтақбас!
    – Жоқ сен!
    -Жоқ мен!
    -Жоқ бәріміз!
    – Аузыңды жап саған айтып тұрғам жоқ!

    ПС. – «Бұл кім десең мен анонимуспын, туым бар, елім бар, жерім бар, нигім бар , мэйл.ру аккаунтым, жылы жайлы блогым бар – хаямның басына анонимус болып жүрмін? – деген ой туындамай ма?

    Ұнады

  8. негізі орысшадан аудара бермей өзіміздің тілімізде жаза берейік. жайлап жайлап қалыптасады сосын.

    қазақ қазақпен қазақша боқтассын!

    Ұнады

Пікір қалдыру