Тобыр мен Тұлға

  • (Бостандықты қайтсін топас үйір мал? Тағдыры сол, жүнін қырқып сойып ал!) А.С Пушкин

Коллективизм америкөттерге де тән

Сенің "мал" екендігіңмен бәрі келіседі

“Көппен адасқан өлмейді ” -деген қағиданың қазақта ғана кең тараған деп ойламаңыздар. Мәселе, қазақта емес. Мәселе жалпы адам табиғатында болуы да мүмкін.

Қысқа қайырғанда, төмендегі ескі кеңестік бейнематериалда кішкене бөбектерге тәжірибе жасау арқылы жалтақтық, өз өзіне сенімсіздік, өз ойын басымдыққа бағынышты ету пенденің қанына сүтпен сіңген әдет екендігін көрсетеді.
Бірақ, арасында тек өзінің сезім мүшелеріне сенетін, сирек те болса, тек өзінің ойына негізделетін тәуелсіз балалар да болатынын келтіреді.

Ең соңында, Кеңестік қоғамда жұртпен бірге болу, жұртқа жақын жүру, бәрімен бірдей болу қисынды, әрі дұрыс дегендей ой түйеді.

Пәленбай жылдар бойы елден еректерді басып жаншып, тіпті мектепте елден ерек жүрген адамды “ала қарға” деп менсінбейтін. Жұрттан ерекше пікір айтқан адамға бәрінің ала көзімен қарайтынын қайтерсің.

Бірақ соңғы кезде батыстан индивидуализм толқынынң келуінен адамның жеке тұлғалық қасиеттеріне, әр адамның ерекшелігіне, қайталанбас бірегейлігіне көп мән беріліп, ол жайында көп талқылаулар жүруде.
Оригиналдылықты, елден еректікті қазір “қауіп” деп емес, керісінше “жақсы қасиет” деп бағалауда.

Кеңестік Коллективизм VS “Ақыштық” Индивидуализм. Негізі, басқаша қарасақ, бүкіл АҚШ саясаты индивидуализмге негізделген деп айту да қате. Оларда да Team Work- яғни топтық жұмыс және адаптабилдық (ыңғайлану) көп жағдайда жақсы бағаға ие.

Тек жеке бас құқығына ерекше мән береді. Бірақ адам бойындағы әлеуметік маймыл табиғаты қандай саясат болмасын, бәрібір сыр береді.

Екі үкіметте де елден ерекшеленуге өле-тала тырысып бағушылар мен, дәл сондай ынтамен керісінше көпке икемделетіндер тең дәрежеде болды деп ойлаймын.

Бір қызығы, тіпті ешкімге ұқсамауға тырысқан индивидуалист танымалдыққа және жоғары сатыға ие бола қалса, онда төмен сатыда сол адамның индивидуализміне еліктеушілер де көбееді. Бірақ олар бәрібір төмен сатыда қала береді. Себебі, ең бірінші боп суға секіру әрқашан да қиын. Одан кейінгілер көсемнің соңынан ерген “лохтардың тегін демеуші тобы” тобыр болып қала береді. Ондай тобырлық инстинкт бәрімізде белгілі мөлшерде бар. Тобырлық инстиктіден 100 пайыз ада адам табиғатта кездеспейді. Тіпті тарихи маңызды тұлғалардың да кейбір әрекеті тобырлық инстиктінің көрініс болып табылады. Бірақ тұлғалығы мүлде жоқ, 100 пайыз тобыр болып саналатын қоғам өкілдері кездеседі.

  • (Тобыр психологиясы турасында толығырақ келесі блогжазбаларда )

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

3 Responses to Тобыр мен Тұлға

  1. Сымбат says:

    Jaqsi mälimet eken!

    Ұнады

  2. nurzhol says:

    Бұл өмірде барлығы мүмкн. Мәселе, миллиардер немесе Әлемнің бірегей тұлғасы болуында емес, мәселе көңіліңнің орнында болуы. Ол үшін, шындықпен өмір сүруге тура келеді. Қап. Тек қана жалғыз жол, шынайылықпен өмір сүру қандай қиын. Біреуге жақпай қалсам қайтемін. Позорым шықса не істеймін, оданда артты қысып, үндемей жүрейін. Айналамдағылардың елден ерек болуға ұмтылып тұрған ешқайсысы жоқ, қалайша мен алға жыртылып шығайын. Толып жатқан шырмауық кертарпалар. Өмірде тек өлімге ғана қарсы тұра алмайтынымды білемін, қалғандарының бәрі өзіңе тікелей байланысты.

    Ұнады

  3. nurzhol says:

    Келесі үлкендерге арналған эксперимент маған қызық: http://www.youtube.com/watch?v=w1e4kffwaus&feature=iv&annotation_id=annotation_430058

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: