Арқаңды қоздыратын кино үзінділер хитпарады

Адам деген нәзік нәрсе ғой, шіркін. Мойыннан алмаспен бір сипасаң қата қалады, хехесс..Жә, қара әзілді қойшы. Қандай мықты болсаң да, сағың сырқырап, сынуға шақ қалған кездер болады. Тұз-Қант-Тұз-Қант -Өлім.
Бірақ қиыншылықта бірден өлім туралы ойлап, өзіңді өзің аяп, мұрныңның боғын жеңіңе жағып сорың қайнап, сормаңдай күйге түсетін кездерде де ішіңде бір жігердің нышаны қалғаны жақсы. Мейлің еркек бол, мейлің әйел бол қайғыдан қажып, берекесіз тірліктен тәлтіректеп қалған кездері кейде біреудің бір ауыз сөзі алға басуға жігер беретіні бар ғой.

Ұзын сөздің қысқасы, арқа қоздыратын фильмдерден үзінділермен бөліскім келеді.
Аудармасы астында. Субтитра қоса алмадым. Айыпқа бұйырмаңыз. Өздеріңізге ұнайтын сондай фильмдер болса бөлісе отырыңыздар.

3)»<b>Өзің онсыз да білетін бір нәрсе айтайын саған. Әлем тек күншуақ пен кемпірқосақтан құралмайды. Бұл өзі қатал да сұмырай мекен. Сенің қаншалықты мықты болғаның қызықтырмайды, ол сені ұрып тізеңе жығады да, құлаған жеріңнен тұрғызбай тастайды, егер ерік берсең. Сен де, мен де, ешкім де өмірдің ұрғанындай қатты ұра алмайды. Бірақ мәселе сенің қалай қатты ұра білуіңде емес, мәселе қаншалық қатты соққыға төзіп, әрі қарай алға баса білуіңде… Жеңіске солай жетеді.  Ал енді өзіңнің парқыңды біледі екенсің, шық та, өз құныңды ал. Бірақ сен соққыларды қабылдай білуің керек. Саусағыңды әркімге шошайтып, «пәленшенің, түгеншенің немесе мынаның кесірінен мен өзім қалаған адам бола алмадым» деп жыламсырау емес. Сужүректер айта берсін солай, бірақ сен айтпа! Сен одан жоғарысың!»</b>

<b>2) Бері қара. Сенің қолыңнан бірдеңе келмейтіндігін ешкімге айтқызба. Тіпті маған да. Ұқтың ба?… Аңсаған арманың болса, оны қорғауға міндеттісің. Адамдар өзінің қолынан келмеген соң, сенің де қолыңнан келмейді деп айтқысы келеді. Бірдеңені қалайсың ба? Бар да ал. Нүкте.</b>

<b>1) Менің атым Максимус Децимус Меридиус. Солтүстік әскердің қолбасшысы, Феликс Легионының генералы, хақ Император Марк Аврелийдің адал қызметшісі. Қастандықпен өлтірілген ұлдың әкесі, қолдан қаза болған әйелдің ері. Бұл дүниеде болмаса, о дүниеде түбінде кегімді аламын.</b>

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

4 thoughts on “Арқаңды қоздыратын кино үзінділер хитпарады

  1. Гаста, расында…. қоздырады екен…Ұнаған тіркес:
    «Саусағыңды әркімге шошайтып, “пәленшенің, түгеншенің немесе мынаның кесірінен мен өзім қалаған адам бола алмадым” деп жыламсырау емес. Сужүректер айта берсін солай, бірақ сен айтпа!»

    Ұнады

  2. Арқаңды қоздырады. Мәселе мұнда: он адамның екеуі мұндай сезімді әлі сезінетін дәрежеде емес, қалған сегізінің жетеуі мұндай сезімді түсінеді, біледі. Бәрақ іске асыра алмайды. Тек біреуінде ғана мықтылық бар.

    Ұнады

Пікір қалдыру