Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?

сурет: http://ashimin.ru

Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп «Менің пәленшемді келіп жөндеп бер» деп айтуға қанша жерден дөрекі болсам да,  тәрбием жібермейді. Мүмкін оңтүстіктің лыпылдақ варианты дерсіңдер. Өзім де біреудің «әй» жоқ, «шәй» жоқ түн ішінде амандық сұрамастан қара басының шаруасын айта жөнелгенін жақтырмаймын.  Тіпті басынан сөз асырмайтын, намысқой жапон халқының өзі де қонаққа иіліп, кішіпейілдігін көрсетеді емес пе? Жапондардың бұл тірлігі батыс әлемі үшін таңсық, экзотика іспеттес болса да, өздері үшін қанына сіңген мәдениет. Read more of this post

Advertisements

Ильич ата ізімен

Шіркін, субботник асарға аз да болса келеді. Ленин де кезінде капиталисттердің көтіне тұз сеуіп, өзі сенбілікті бастаған еді. Қалай болғанда да сондай сеніммен өскенбіз.
Кейін ғой, қазекемнің мұрты майланып, шеге қағып, лампочкі бұрауға гастарбайтер жалдауды әдет қылғаны.

Бүгін бәріміз үй ішімізбен көктемгі сенбілікке шықтық. Ауланы тырмалап, ескі құсқыны өртеп, өртейтінді өртеп, ауылдың даласы осы күнде тезек пен түтін сасиды. Күн майдың айындай жадырап тұр.
Рахат)

Әдіре-налин


Бұл оқиғаны Насрулла ешуақытта ұмытпайды.

Ол бұл кезде небары 20 жасар кеше ғана университет бітірген жас маман еді. Қолында умаж-умаж «Из рук в руки» газеті, әр жерінде маман іздеген мекемелердің көкпен сызып, қоршап қойған телефондары …
Түсініксіз бір колледждің, түсініксіз факультетіне жаңа ғана мұғалім болып, 7 мың теңге айлық жалақыға тұрған кезі. Соның 4000 теңгесіне жаңа жұмысын әріптестеріне жуып жатқан еді. Read more of this post

Үміті үзілмейтін Ібіліс


«Вот, Я посылаю вас, как овец среди волков: итак будьте мудры, как змии, и просты, как голуби»

(Евангелие от Матф.10:16).

Қабдыжәлел жезөкшелікті заңдастыруға қарсы еді. Мүлде қарсы еді. Ол не деген сұмдық? Қарындастарымыз! Қаракөздерімізді қалай бүйтіп…! Жоқ! Абылайдың кезінде мұндай сұмдық болмаған! Мұны құртқан Еуропа! Батыс! Қарғыс атқыр батыс!

Осындай ойлар үзілді кесілді қырық қатпар бетін жүйкесі тозған есалаңдарша тыржың тыржың еткіздірді.

Өзі сол көшеден өте бере көзі бір сұлуға түсті…

—Жұмыс жасаймыз ағашка. Read more of this post

Фриманомания

2009-дың аяқ жағында Freeman  (Еркін адам)- деген аноним блоггердің  бейнеқатары шыға бастады. 2010-шы жылы сәуір айында әлемдегі бейнеблогтардың ең үздігі мәртебесіне ие болған ол Рунетте және орыс тілді Қазнетте ең тез және кең тараған анимовирус ретінде танылды.  Оның  кім екенін, немен қосып жеп, тышқанда немен сүрту керек екендігін Гугл ағаларыңнан сұрарсыңдар.  Төменде ең алғашқы монологының қазақша аудармасын оқысаңыз болады: Read more of this post

Кірпіштер 1.4 – Алғашқы кірпіш

(Жалғасы. Басы мұнда)

Кірпіштің алғашқысы

Әрі вахтеріміз, әрі күзетшіміз Жора мені көріп мәз-мәйрам. Өзімнің дәл сол сәттегі түрімді елестетіп, қандай әсер тудыратынымды шамаладым: дымқыл шашым алба-жұлба, сұрқсыз көзілдірік, лас киім, батпақ жұғып, добалдай көрінген туфли. Read more of this post

2009-ға әбид жоқ, шешессс…

159

  • Ешқандай есеп жоқ, ризамын 2009-ға.
  • Шүкір ғой шүкір, Ғаламбасымыздың әділ әрі көреген саясатының арқасында, аман есен 2010-ға жеткенім үшін ризамын!
  • Әке-шешемнің ауырмай сырқамай жүргендігі үшін разымын.
  • Өмір жайлы, өткен кеткен қателіктер жайлы ойландырғаны үшін мың алғыс!
  • Шын бауыр мен нағыз достың қадірін тағы да түсіндіргені үшін ырзамын!
  • Мені болашақ жарыммен жүздестіргені үшін де ризамын!
  • «Аватар» деген кино үшін рахмет!
  • Солай.Де сайтымен жақын достастырғаны үшін, блогосферамен таныстырғаны үшін мың респект!
  • Жастар.Біз-дің дүниеге келгені үшін уважуха!
  • Ағарыс інімнің дүниеге келгені үшін шүкір!
  • Диагональды қарама-қайшы блогтардың әр түрлі мазмұнынан әртүрлі эмоция алғаным үшін, Уордпресс платформасына рахмет. Сонымен қатар,
  • Ербол, Гиена (Елбуз), Апербақан, Көңілді, Ханша, Арғынқыз, Біреу2009, Сатыбалды (;-)), Аршат Оразов, Ерлан Оспан, Нақұрыс, Есалаң, SeXen, Маратхан, ҒАрфилд, Шыназ, Амандық, СаянҮш (!), Малика (Венера Касымова) ,Тойбик (Ботақан- АтиллаКыЗ (Долорес), Қалдықыз, Ақұдай (Сакен), Бальзаминка (Синдерелла), Салтан (Алтын), Сержа, Ай-шешек, Базарайгүл, Жасмин (Райхан), Айко (ШатаҚ), Симона -Сымбат:), Қилеке (Қилызаман), Патик, Қосекең, Пандора, Альмира, Бейбарс, Кендебай, Біржан, Х-Мырза, Айсұлтан, Айдос, Аспан (Ертай), Меркурий, Маке, Карнивор (Тупак Амару), Нұрғиса, Айна-Мекен, Балғырған, Итатпас (АЗАМАТ), Сакен Спб. деген адамдармен таныстырып, әр қайсысынан бірнәрсе үйренгендігім үшін мың-гуглоплекс алғыс!
  • Қарадомалақтың маған берген мінездемесі үшін ризамын.
  • Алматыда «давай!» десең блоггер қыздарды жинап әкелетін қонақжай Ақзереден айналдым!
  • Алматыға бір келіп, мені шақыруды ұмытпаған Русланнннға ризамын.
  • Мейірімділігі сақалынан ұзын Асхатқа ризамын!
  • Ақтөбеде салқын сырасымен, жылы жүзімен күтіп алған Батыстық елден ерек блоггерлерге ризамын!
  • Астаналық Солайшыларға ерекше құрмет.
  • Биыл мықты материалдық моральді қолдау берген әпкеме ризамын.
  • Пішін мен форма деген философиялық ұғымдарға басқа қырдан қарауды үйретіп, эвфемизм мен табуизм терминін жете түсінуіме себепші болған Дәруішөлген сыбайлас командасына ризамын.
  • Вадим Зеландқа ризамын. Кітабы үшін.
  • Ақ халатты абзал жандарға ризамын.
  • Аяғыма рахмет, қанша километр менің денемді тасымалдап бір сыздамай қызмет еткені үшін.
  • Көзіме ризамын, нешетүрлі ғажайыпты көргенім үшін.
  • Евровидениеге ризамен Александр Рыбактың ең үздік әні Fairytale- мен таныстырғаны үшін.
  • Тозып кеткен жасыл курткама ризамын, осы уақытқа дейін маған қызмет етіп, суықтан желден қорғап келгені үшін.
  • Компьютерімнің клавасына ризамын жазған бәлемнің барлығын өзгертпестен сендерге жекізіп отырғандығы үшін.
  • Итке, құсқа, ауаға, әлемге бәріне ризамын, бір жылда қанша адам өліп, қанша адам келмеске кеткеніне қарамастан, тап сол таң ғажайып тепе теңдік күйін сақтап тұрған өмірге ризамын!

Өсек тумалардан басталад…

Алдыңғы жазбадағы айлық сұрау жайлы жазып отырып, төмендегі оқиға есіме түсіп кетті. Өсекшілік өзіміздің туған туысқан, тумалардан басталады.

Қайбір жылдары асығым алшысынан түсіп, әжептәуір айлық сыйақым қомақты шығып қарқ боп жүрдім. Бірақ ешкімге тіс жармадым, әке-шешемнен басқа. Сөйтсем, өзімнің әке-шешем бір туысқа айтқан, ол жүрген жерде бәріне мақтаныпты, біздің бала осындай деп.

Бір күні базарда бір ұсақ түйек іздеп жүріп саудаласып жатсам, бір таныс қатын «Е-е-е, сен пәленшенің баласы екі жүз мың айлық аласың ғой, неге саудаласып тұрсың?» – дейді. Қазақ қосып айтады, қосып айтпаса несін айтады дегендей, жыным келсе де, үлкен болған соң, ізеттік білдіріп, «жә-ә айта салған ғой біреу» – деп өте бердім. Арасына он минут түспей, соталы телефон алмақшы боп бір дүкенге келсем, бір қыз : «Ағай, вахтаға қашан?» -дейд. Әй, сен менің атымды қайдан білесің? Жұмысымды ше?- десем. «Ой, Ағай мен сіз туралы бәрін білем дейд» – ішімнен өһ шешессс, ауылда звезда боп кетіппін ғо деп қуана беріп едім, «Бірақ үш шүз мың табатын адамға тым қарапайым киінеді екенсіз» -дейд әлгі ұрғашы мал атаңана.
Ипааать, нақ деп басымды бір қасыдым. Одан құрысын, базары құрысын деп таксиге отырып таяйын деп жатсам, таксист кері бұрылып,»Айына төрт жүз мың табасың, бір айлығыңа мәшине ала салмайсың ба?» -дегенде ық-ық деп күлкіге тұншықтым да қалдым. Әжеңң, шопыр бала, көп бұтақты жеме, мә 200 теңге өз нәпақаңды сана да алға бас…

Алтын әдет VS Атаңа нәлет

контроль Бір байқағаным, рухы ірі адамдарға тән бірден бір қасиет – ол өзінің эмоцияларын, сезімдерін тізгіндей білуі.
Темуджиннің (Шыңғыс хан) әйелі Бөрте ханым оған ашуланған сәтте саусақтарын бүгіп 10 ға дейін санауды әдет қыл дегені бар екен. Өзіміз білетіндей, Темуджин тек он саусағын ғана емес, әлемнің жартысын бүккен тарихи тұлға.
Бұрындары осы бір қарапайым шындықты барлық сезіміңді ішке сақтап, тістене шыдау деп білетінмін.
Бірақ қанша тістене шыдағанмен, Read more of this post

Шизофазия

354026952_06200c8747_o Фильтрге ілікпеңдер…

Табиғат ана немесе Құдай папа болашаққа үздік гендерді таңдау үшін бізді ұдайы стресспен, аурумен, қиыншылықпен, өзгеріспен сұрыптап отырады. Одан аман қалсақ, қарсы жыныс, әғни қыз жігітті, жігіт қызды сұрыптайды, содан барып ұрпақ қалдырамыз. Ұрпағымыз туған сәттен бастап оның ұлы соғысы басталады. Бала ағзасы ауадағы миллиардтаған микробтармен, ауру қоздырғыш таяқшалармен шайқасады.
Ғасырдан ғасырға адам өмірінде стресс азаюда. Бұрын ұнамаған адамды қылышыңмен түйрей салу этикеттің нормасына сай болған, ал келешекте Read more of this post

%d bloggers like this: