«Мерекелік құттықтаудың орнына» немесе «кәйпті бұзушылар»

Карикатура: www.express.kz
Қызық қой, негізі Қазнет деген. Жылда Валентин күнін талқылап, пәтуасыз пікірталас қазанында тезек қайнап жатады. Иісі бізге келіп жетеді. Оларды біз талқыға саламыз жылы жайлы блогшаларымызда. Валентинді қойшы, Жаңа Жылды талқылайды, 8-наурыз мерекесін, туған күн тойлауды, бәрін неше түрлі Марксисттік Сатыбалдисттік Ленинисттік тұрғыдан бастап, Исламисттік тұрғыда қарастырып, сонымен қатар (айта кетпесе болмайды) қарапайым надандық тұрғысынан да «Бұл мереке Read more of this post

Advertisements

Маған "кітап оқисың ба" деген сөз, "юхтайсың ба?" дегенмен бірди

Pics.kz
.. кітап оқысам юхтап қала берем, … Оқисың, оқисың.. сосын 2 айдан киін ұмытып қаласың.. не пайда? Кітап оқып неткен адамдардан мүйіз шыққанын көргем жоқ …

(с) Ғарфилд, Жастар.Біз порталының форумынан

Алтын әдет VS Атаңа нәлет

контроль Бір байқағаным, рухы ірі адамдарға тән бірден бір қасиет – ол өзінің эмоцияларын, сезімдерін тізгіндей білуі.
Темуджиннің (Шыңғыс хан) әйелі Бөрте ханым оған ашуланған сәтте саусақтарын бүгіп 10 ға дейін санауды әдет қыл дегені бар екен. Өзіміз білетіндей, Темуджин тек он саусағын ғана емес, әлемнің жартысын бүккен тарихи тұлға.
Бұрындары осы бір қарапайым шындықты барлық сезіміңді ішке сақтап, тістене шыдау деп білетінмін.
Бірақ қанша тістене шыдағанмен, Read more of this post

Сәлде киген вуайеристтер..

pictureview7-pid-126c9-et-5f0cdf5Форумдағы кейбір жағдайлар ащы күлкінің себебі болып жатады… Дінге әңгімем жоқ, ол кей адамдарға адамгершілігінен айырылмау үшін ауадай қажет болған соң, еш тіл тигізуге хақым жоқ.

Әңгіме діннің атын жамылып жүрген вуайеристтер жайлы.

Бұлар тақырыптың секс туралы екенін айқындайтын бажырайған атын көріп тұрып өздері кіреді де, ішіндегі мәтінді көріп шошыған сымақ болғанына таңым бар.
Ау, көкесі-ау, «эрогендік зоналарды білу маған да қызық» деп мойындай салсаңдар біреу біржерлеріңді кесіп ала ма?

Жо-о-о-оқ бұлар бүйтпейді, аты көзге ұрып тұрған тақырыпқа сығалағанымен қоймай, бұндай тақырыптың сұмдық күнә екенін жазып кетуді өзінің өмірлік борышы санайды. Бәлкім осы тақырыпқа кіргені үшін өздерін іштей кінәлі сезініп, соны ақтау үшін мораль оқитын болса керек.
Осының барлығы неден? Дұрыс айтасыңдар, сексуалды сауаттылықтың жоқтығынан.

Қиблоггерлер 2

Қарыспайтын мүлде жағы,
Қырта берер тағы-тағы,
Муза кірмей түсіне
Ашылмай жүр оның бағы.
Күнделікте жазулар,
Күнделікті жаңарар,
Бұл қай мыжың жазбагер??
Бұл қиблогер -ардагер!! Read more of this post

Қиблоггерлер…(жүйкесі жұқаларға арналмаған)

Қиблоггер – деген не?
АБАЙЛАҢЫЗ ТӨМЕНДЕГІ АҚПАРАТ КЕЙБІР АДАМДАРДА ЕЕАК- (езілген енек немесе ашыған көт)Синдромын тудыруы мүмкін. Егер жүйкеңіз жұқа болса, нәзік жанды болсаңыз, онда тез арада бұл тақырыптан тайып тұрыңыз.

Қи блоггер деген блогты қосымша «құрал» емес, басты «мақсат» деп қабылдайтындардың барлығы.

Олардың қаншалықты блог ауруына шалдыққандығына байланысты Read more of this post

%d bloggers like this: