Спәлни гарнитур немесе қазақшасынан да жақын сөздер

Төмендегі сөздердің бірінші варианты жүрегіме таза қазақша нұсқаларынан жақын. Сондай жылы көрінеді.
Үйде:
Персик – шабдалы
Груша жейсің ба гранат па? -алмұрт жейсің бе анар ма?
Базарда фрукты қымбаттапты – Базарда жеміс қымбаттапты
Астанопканың қасында! – Аялдаманың қасында
Мәшіне сатып алдым. – Автокөлік сатып алдым.
Сквазняк ұрып тұр, есікті жапшы!
Пласкобысты әкеш – Қысқашты алып берші (бізде басқа сайманды білдіреді)
Щочик (кейбіреулер учочик дейд) –  Элект шығынын есептейтін құрылғы
Зуни пасты – Тіс пастасы
Зуни щоткі – Тіс шоткасы
Вилкі-қасық – Шанышқы -қасық
Спальни гарнитур- Жатын жиһазы
Угалок, диван, адиял (ішінде жүні жоқ завацкой көрпе)
Удлинитіл – ұзартқыш желі
Трайник – өздерің білесіңдер
Телевизір – Теледидар емес
Майтафон – Үнжазба емес
Уопшым, Сәпсім – мүлде алаңсыз
Залға дарошкі төсегенің не? – Қонақ бөлмесіне арзан алаша  төсегенің не?
Біздің үйде сібет жоқ! Сендерде ше?
Read more of this post

Advertisements

Қазақ тілді форумдар

«Мәссаған» тілді байлап қойды. Контенті жақсы, контингенті салмақты, алайда форумы мұңайған Мәссаған.Ком сайты маған өз сұхбатханасынан трибуна беруді бұдан бұлай өз мәртебесінен төмен санады. Еш ескерту, түсіндірусіз аталмыш сайт администрациясы форумға жазу құқығынан айырды. Сол форумның мүшелерімен пікір алмасқан күндер тарихқа кететін болады. Қайта тіркеліп, техникалық алаяқтықпен жазуға да болады, бірақ жалқаумын, көпке сыйлы ресурста ондай ұсақ түйек бұзақылыққа да құлшынысым шамалы. Администрациямен олардың бірталай еңбектеріне бас ие тұра, форум жөнінде ойым бір жерден шықпайды. Оның үстіне мен қолданып жүрген «Green Dog» профайлын біреу ең қарапайым хакерлік әдіспен бұзып кіріпті.

Жалпы бүкіл қазақша сайттардың ішінен, тек жақсы дамыған қазақ форумдарында ғана, халықтың демін сезесің. Веб-блогтарда автордың мысы басым. Ал форумда біреудің ойына жақпаған пікірің үшін, түрлі формадағы сын естуің мүмкін, және сынға жауап беруге, немесе сынды мойындауға үйренесің… Өз ойыңды жеткізу қабілетін де біраз блоггерлер форум ұстаханасында үйренгені белгілі. Форум – шешендер ұстаханасы. Бұл идеалында.

Не десек те, енді ара-тұра оқып, жазатын қазақ тілді форумдардан алты браузерге аңыз болған Solai.de- нің ізбасары zhastar.biz, kazakh.ru және abai.kz – ғана қалатын болады.

ПС: Менің субьективті пікірім әрине сіздің сайт таңдауыңызға сай келмеуі мүмкін…

14 қыздан қашық бол!

cулулар

Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар: Read more of this post

Өсек тумалардан басталад…

Алдыңғы жазбадағы айлық сұрау жайлы жазып отырып, төмендегі оқиға есіме түсіп кетті. Өсекшілік өзіміздің туған туысқан, тумалардан басталады.

Қайбір жылдары асығым алшысынан түсіп, әжептәуір айлық сыйақым қомақты шығып қарқ боп жүрдім. Бірақ ешкімге тіс жармадым, әке-шешемнен басқа. Сөйтсем, өзімнің әке-шешем бір туысқа айтқан, ол жүрген жерде бәріне мақтаныпты, біздің бала осындай деп.

Бір күні базарда бір ұсақ түйек іздеп жүріп саудаласып жатсам, бір таныс қатын «Е-е-е, сен пәленшенің баласы екі жүз мың айлық аласың ғой, неге саудаласып тұрсың?» – дейді. Қазақ қосып айтады, қосып айтпаса несін айтады дегендей, жыным келсе де, үлкен болған соң, ізеттік білдіріп, «жә-ә айта салған ғой біреу» – деп өте бердім. Арасына он минут түспей, соталы телефон алмақшы боп бір дүкенге келсем, бір қыз : «Ағай, вахтаға қашан?» -дейд. Әй, сен менің атымды қайдан білесің? Жұмысымды ше?- десем. «Ой, Ағай мен сіз туралы бәрін білем дейд» – ішімнен өһ шешессс, ауылда звезда боп кетіппін ғо деп қуана беріп едім, «Бірақ үш шүз мың табатын адамға тым қарапайым киінеді екенсіз» -дейд әлгі ұрғашы мал атаңана.
Ипааать, нақ деп басымды бір қасыдым. Одан құрысын, базары құрысын деп таксиге отырып таяйын деп жатсам, таксист кері бұрылып,»Айына төрт жүз мың табасың, бір айлығыңа мәшине ала салмайсың ба?» -дегенде ық-ық деп күлкіге тұншықтым да қалдым. Әжеңң, шопыр бала, көп бұтақты жеме, мә 200 теңге өз нәпақаңды сана да алға бас…

Тәңіршілдік VS Ислам

^)

^)

Қазекең тәңіршілдік пен мұсылманшылдықтың ара-жігін ажырата алмай, бір наным деп қарайды деп айтып еді біреу…осы уәж жауапқа сай келіп тұрған сияқты….қазекеңдер таңертең дамбалын теріс киіп алып жүре береді ғой, кешке шешінгенде ғана байқаған ол дамбалы қатыныкы болып шығады тағы…
(с) zhastar.biz форумынан, Patick

Ентелегендер…

пьяншық атаңанаБір ерекше пікір жоқ, тоқсан жылғыны мыжи береді кеп мыжи береді. Алаш Айнасы сияқты «газеттен» әлденеше зиялы сымақтардың өр кеуделі статьяларына тыңқия тойып алады да, соны әкеп форумға құсады… Read more of this post

Копиқбас болу оңай ма?

копиқбас

Өзіңнің еңбегіңді біреу плагиат жасап меншіктеніп алып, өз атынан халыққа сатып отырса кез келген шығармашылыққа жақын адамның өзегі өртенетіні даусыз.

Авторлық құқық пен интеллектуалды меншік заңмен қорғалуы керек. Ия… бұл біздің үйреншікті көзқарасымыз. Ал басқаша қарасақ ше?

ҚР заңының баптарындағы ақауларды өз пайдасына пайдаланып, бір еңбегін жүз рет сатып үсті үстіне қыруар ақша табамын деп қателесетін қанағатсыздық пен ашкөздік сезімінің құлдары бар. Оларды да қорғаушылар дейміз бе? Әлде алаяқтар дейміз бе? Read more of this post

Back-stabber friend

Giving hands to each other in trouble,

We could go through the evil and good,

Yes, indeed, human soul is a puzzle,

You’ve just sold me away for a loot Read more of this post

Сәлде киген вуайеристтер..

pictureview7-pid-126c9-et-5f0cdf5Форумдағы кейбір жағдайлар ащы күлкінің себебі болып жатады… Дінге әңгімем жоқ, ол кей адамдарға адамгершілігінен айырылмау үшін ауадай қажет болған соң, еш тіл тигізуге хақым жоқ.

Әңгіме діннің атын жамылып жүрген вуайеристтер жайлы.

Бұлар тақырыптың секс туралы екенін айқындайтын бажырайған атын көріп тұрып өздері кіреді де, ішіндегі мәтінді көріп шошыған сымақ болғанына таңым бар.
Ау, көкесі-ау, «эрогендік зоналарды білу маған да қызық» деп мойындай салсаңдар біреу біржерлеріңді кесіп ала ма?

Жо-о-о-оқ бұлар бүйтпейді, аты көзге ұрып тұрған тақырыпқа сығалағанымен қоймай, бұндай тақырыптың сұмдық күнә екенін жазып кетуді өзінің өмірлік борышы санайды. Бәлкім осы тақырыпқа кіргені үшін өздерін іштей кінәлі сезініп, соны ақтау үшін мораль оқитын болса керек.
Осының барлығы неден? Дұрыс айтасыңдар, сексуалды сауаттылықтың жоқтығынан.

Уақыт жоқ (қазақша демотивация)

uakytjok

Сержаның бастаған үрдісімен, қазақша демотивациялық посттар жасайық…

Мына пост, ерекше әсер етті. Сондықтан да аударуға тырыстым. Бұл Сержаның бастамасына қостама болсын.

Аса мәнді, мазмұнды деп тапқан шетелдік демотиваторларды локализациялауға ат салысайық.

%d bloggers like this: