Спәлни гарнитур немесе қазақшасынан да жақын сөздер

Төмендегі сөздердің бірінші варианты жүрегіме таза қазақша нұсқаларынан жақын. Сондай жылы көрінеді. Үйде: Персик – шабдалы Груша жейсің ба гранат па? -алмұрт жейсің бе анар ма? Базарда фрукты қымбаттапты – Базарда жеміс қымбаттапты Астанопканың қасында! – Аялдаманың қасында Мәшіне сатып алдым. – Автокөлік сатып алдым. Сквазняк ұрып тұр, есікті жапшы! Пласкобысты әкеш – Қысқашты алыпӘрі қарай оқу «Спәлни гарнитур немесе қазақшасынан да жақын сөздер»

Rate this:

Сенсация қалай жасалады?

Мына қысқа комиксті инеттің бір бұрышынан тауып алдым, шаң басқан баян болса да, актуалдығын жоймаған. Қарап көр.

Rate this:

Кірпіштің екіншісі

(жалғасы. басы мына жерде) – Ақымақ! Бірінші кезеңде-ақ «картоп жарыпсың» ғой! Қателерің оннан асады! – Лёха, менің күнімнің жартысы қалай өткені жайлы әңгімемді тыңдап болып, біртүрлі толқып, мазасызданғандай көрінді. – Ия, қиын жағдай! – Лидашқа телефон соғуға сол күйі бата алмадым. Дегенмен Ташкеннен туыстарым салып жіберген түйе-жүн көрпенің астында ыстық лимонды шайдан соң ұйқыға кетіпӘрі қарай оқу «Кірпіштің екіншісі»

Rate this:

Кірпіштер 1.4 – Алғашқы кірпіш

(Жалғасы. Басы мұнда) Әрі вахтеріміз, әрі күзетшіміз Жора мені көріп мәз-мәйрам. Өзімнің дәл сол сәттегі түрімді елестетіп, қандай әсер тудыратынымды шамаладым: дымқыл шашым алба-жұлба, сұрқсыз көзілдірік, лас киім, батпақ жұғып, добалдай көрінген туфли.

Rate this:

Кірпіштер 1.3 – Осыдан сені мұжық қылмасам!

Жалғасы. Басы мұнда. Жаңбыр тапсырмасын орындап болып ақыры тоқтап, бұлт арасынан бір минутқа жылт етіп күн сәулесі көрінді. Саябақта жан жоқ.. Лёха жаңбырдан ылғал тартқан жайдақ орындықтардың біріне отырды, өзінің түріне қарасаң, ондай ұсақ түйекке пысқырмайтын да секілді. Мен де именшектеп қасына жайғастым. Сыраны аштық, алайда оңбай қалғыр мына ауа-райының кесірінен сыра ішіп рахат таппадым…Әрі қарай оқу «Кірпіштер 1.3 – Осыдан сені мұжық қылмасам!»

Rate this:

Өсек тумалардан басталад…

Алдыңғы жазбадағы айлық сұрау жайлы жазып отырып, төмендегі оқиға есіме түсіп кетті. Өсекшілік өзіміздің туған туысқан, тумалардан басталады. Қайбір жылдары асығым алшысынан түсіп, әжептәуір айлық сыйақым қомақты шығып қарқ боп жүрдім. Бірақ ешкімге тіс жармадым, әке-шешемнен басқа. Сөйтсем, өзімнің әке-шешем бір туысқа айтқан, ол жүрген жерде бәріне мақтаныпты, біздің бала осындай деп. Бір күні базардаӘрі қарай оқу «Өсек тумалардан басталад…»

Rate this:

Лёхамен танысу. (Кірпіштер 1.2)

(Жалғасы, басы мұнда ) Дала жауын жауып, былжыраған батпақ аттаған сайын шашырап, шалбарыма қонғысы кеп-ақ тұрды. Сіркіреген жаңбырдан көзім сығырайып келе жатырмын. Онсыз да нашар көретін көзге бұл жағдай еш қырағылық қоспады. Коммуналды қызметшілер көшенің кеңсе алдындағы бөлігін қазып тастап, құбырларын ауыстырыпты, бірақ қайтадан асфальттауды ұмытып кетіпті. Есесіне ол жер астық жинау кезіндегі егістіктен аумайӘрі қарай оқу «Лёхамен танысу. (Кірпіштер 1.2)»

Rate this:

Тәңіршілдік VS Ислам

Қазекең тәңіршілдік пен мұсылманшылдықтың ара-жігін ажырата алмай, бір наным деп қарайды деп айтып еді біреу…осы уәж жауапқа сай келіп тұрған сияқты….қазекеңдер таңертең дамбалын теріс киіп алып жүре береді ғой, кешке шешінгенде ғана байқаған ол дамбалы қатыныкы болып шығады тағы… (с) zhastar.biz форумынан, Patick

Rate this:

Ентелегендер…

Бір ерекше пікір жоқ, тоқсан жылғыны мыжи береді кеп мыжи береді. Алаш Айнасы сияқты «газеттен» әлденеше зиялы сымақтардың өр кеуделі статьяларына тыңқия тойып алады да, соны әкеп форумға құсады…

Rate this:

Копиқбас болу оңай ма?

Өзіңнің еңбегіңді біреу плагиат жасап меншіктеніп алып, өз атынан халыққа сатып отырса кез келген шығармашылыққа жақын адамның өзегі өртенетіні даусыз. Авторлық құқық пен интеллектуалды меншік заңмен қорғалуы керек. Ия… бұл біздің үйреншікті көзқарасымыз. Ал басқаша қарасақ ше? ҚР заңының баптарындағы ақауларды өз пайдасына пайдаланып, бір еңбегін жүз рет сатып үсті үстіне қыруар ақша табамын депӘрі қарай оқу «Копиқбас болу оңай ма?»

Rate this: