Кірпіштер 1.3 – Осыдан сені мұжық қылмасам!

Жалғасы. Басы мұнда.

достар

Жаңбыр тапсырмасын орындап болып ақыры тоқтап, бұлт арасынан бір минутқа жылт етіп күн сәулесі көрінді. Саябақта жан жоқ..
Лёха жаңбырдан ылғал тартқан жайдақ орындықтардың біріне отырды, өзінің түріне қарасаң, ондай ұсақ түйекке пысқырмайтын да секілді. Мен де именшектеп қасына жайғастым. Сыраны аштық, алайда оңбай қалғыр мына ауа-райының кесірінен сыра ішіп рахат таппадым…
– Ия, сыра қалай екен? – деді Лёха.
– Кәдімгі сыра, – дедім иығымды көтеріп, – салқындау екен.
– Түсінікті. Ал, айта бер! – деді біраз кідірістен соң Лёха.
– Не жайында?
– Қалай не жайында? Не кәсіп, не тіршілік қылып жатырсың? Жалпы не қылған адамсың өзі?
Бір жағынан ішімдегіні айтып салғым келді, бір жағынан аш қарынға ішілген сыра да қызыл тілдің жүгенін босатып жіберді ме, әйтеуір жиырма минуттан соң Read more of this post

%d bloggers like this: