Четвергандрей фон-Марковик : «Ақтөс» феномені

(Болмаған оқиға желісімен) Жексенбі күні. Ескі мәдениет үйінің залында ине шаншар орын жоқ. Кент әкімі Антуан Шәріп кенттегі барлық мекемелердің бастықтарына бүгін өткізілетін ашық кездесуге түр-түс, ұлт-дініне қарамай белсенді азаматтарды осында жинап әкелуді тапсырған болатын. Ресми жиналыстан шаршаған халыққа бұл іс-шараның алдағы ешбір сайлауға, партия саясатына қатысы жоқ, ешқандай үгіт-насихат акциясы емес екендігін жеткізуді бұйырды.

Rate this:

Құпия білім

52000 жыл бұрын. —Ойбай, ау, сиқыршы Иңуа, мен билікке талассам, қара қариялар кеңесі не дейд? Көсемге қастандық жасасам , бүкіл Змубду халқы мені тас атқылап, Айхуаға батырады ғой!! — Сен қара қариялар кеңесінің бар айтқанын жасайтын боласың, бой десе бойың, ой десе ойың бар. Сөзге де шешенсің.

Rate this: