Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?

сурет: http://ashimin.ru

Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп «Менің пәленшемді келіп жөндеп бер» деп айтуға қанша жерден дөрекі болсам да,  тәрбием жібермейді. Мүмкін оңтүстіктің лыпылдақ варианты дерсіңдер. Өзім де біреудің «әй» жоқ, «шәй» жоқ түн ішінде амандық сұрамастан қара басының шаруасын айта жөнелгенін жақтырмаймын.  Тіпті басынан сөз асырмайтын, намысқой жапон халқының өзі де қонаққа иіліп, кішіпейілдігін көрсетеді емес пе? Жапондардың бұл тірлігі батыс әлемі үшін таңсық, экзотика іспеттес болса да, өздері үшін қанына сіңген мәдениет. Read more of this post

Советтік балғын шақтан қалған комплекстер…

школа

Мен сабақты 6 сыныпқа дейін орташа оқыдым. Қазақтар бас ал десе шаш алады. Баяғы Сәбет Өкіметі орыстардың билігінде болса да, қазақтар орыстардан бетер асырып тұрып бағынатын соның ережелеріне.
Орыс мектебінде ең басты назар білімге бөлініп жатқанда, бізде ең басты назар балаларды «авторитарлы Сталиндік режиммен басып» ұстауға бағытталған болатын.
Бәрімізді үшінші сыныпқа дейін тақырбас қып қоятын. Әкем хат жазып, «баламның басындағы биттерге дәрігер ретінде өзім жауап берем» — деп индивидуалдығыма сәл де болса үлес қосты.  Бесінші сыныпқа дейін шеренгамен шагайттап, жақсы оқитындарды алдына отырғызып, үшке оқитындарды кемсітіп, қатты алалайтын. Read more of this post

Білгішбекке қалыңдық болсаң…

Бір-біріне ғашық жұп көше бойын кезіп, серуендеп келеді. Жігіт білімді, жан-жақты жоғары талғамды, оқығаны көп болатын. Қыз нәзік жанды, оқымысты болмаса да,  мінезі жайдары, өзі әсершіл.

Қыз: Мына үй сондай әдемі!
Жігіт: Қай жері әдемі? Төбесі шодырайған, жаны одырайған…

—  Қойшы тіптен, әп әдемі-ақ қой!

—Мына үйді «әдемі» деп айту үшін адамда қандай азғындалған талғам болу керек? Есігін қарамайсың ба?

— Жарайды, келістік бұл жаман үй. Ал менде қазақша КВН-ге билеттер бар!

—Қазақта қайбір КВН бар дейсің, жалпақ әзілді номерлерін тықпалай береді. Одан да кинотеатрға барайық, сен  «Алиса Ғажапстанда» киносын көрдің  бе?

— Жоқ , көрмедім. Бірақ мен қазақша КВН-ді со-о-ондай күтіп едім:(

—Қойш, мәмбеттер сияқты соған барып, күлкілі емес түк те!

—Онда Орда тобы келед, сол жігіттер күшті билейді!

—Қхм, негізі бидің патшасы Майкл Джексон саналады.  Қалғандары соған еліктеген қыртымбайлар…

— Шынында да солай екен-ау. Ақылдым сол, маған ана балмұздақты алып берші!

— Жоқ-жоқ, ол балмұздақтың құрамында 0,0001пайыз канцероген бар, зиянды эмульгаторлар, тстендргш, дмдеуштер бар,  сонымен қатар одан адам семіріп кетеді.. Сен оны жеп салқындаймын деп ойласың, бірақ нәтижесінде керісінше болады. Өйткені,  сенің  ішіңе барған балмұздақты еріту үшін, сенің ағзаң қосымша жылу бөлуге тура келеді, сөйтіп кейін одан бетер ыстықтап кетуің мүмкін. Ең  дұрысы, күн ыстықта диеталық сода ішу керек…

Қыз:  😦

Қозы мен Баянның хикаясы (жалғасы): Қодар мен Горлум

(Жалғасы. Басы алдыңғы жазбада)
Қодар мен Горлум-1
Қасында тұрып-ақ ҚозыКөрпеш мұжықтардың Баянға ашкөздене қарап тұрғанын байқады. Барлығы оның әрі кеткенін күтіп тұрғандай, барлығы ішінен қап «мына жігіттің бетін қайтарса екен» деп ойлап тұрғандай болды.
Қозы оны сезіп тұрса да,  үнемі Баянның қасынан қалмай, артынан ерген аш күшіктей жүгіргісі келмеді. Баян дәретханаға кіргенде, сыртында күтіп тұрмай, Қозы тоқтамастан жолдастарына кете барды. «Әрі» кететін кез келді.
Достарына оралған Қозы, барлығын би алаңына шығарып, өзі назарын уақытша басқа қыздарға бұрды. Бұл Баян сұлудың өсіп бара жатқан маңызын бәсеңсіту үшін жасалған қадам еді.
Бір қараса, Баян да басқа бір жігітпен билеп тұр екен. Қодардың өзі болса керек. Read more of this post

14 қыздан қашық бол!

cулулар

Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар: Read more of this post

Пикап-тренинг адамды өзгерте ме?

Өзің армандаған қызды қарату жолында өзге тілде үйрететін қарайған материалдар мен интернет -ресурстар бар.  Олардың әр қайсысының ерекше тәсілдері мен әдістемелік нұсқаулықтары бар. (Суретте, көшедегі қыздарға беттерін сүйгізіп,  понт лақтырған бастауыш пикаперлер)

Сөйте тұра, Пикап -тренерлер (ағылшынша pick-up – теріп алу, іліп кету)  психологиялық жағына да немқұрайды қарамайды.  Олардың көбісі асқан сұлу, не бай емес, дегенмен жеке өмірінде өздерін бақытты санайд. Олар білетін әлдене бар сияқты. Өмірдің өзі аңға шығу ма бірдеңе боп кеткендей. Қыздардың басын шырмаған жігіттер, жігіттің басын шырмайтын қыздар…Бүгін сені ол, ертең сен басқаны… Read more of this post

Кірпіштің екіншісі

(жалғасы. басы мына жерде)

)
– Ақымақ! Бірінші кезеңде-ақ «картоп жарыпсың» ғой! Қателерің оннан асады! – Лёха, менің күнімнің жартысы қалай өткені жайлы әңгімемді тыңдап болып, біртүрлі толқып, мазасызданғандай көрінді. – Ия, қиын жағдай!
– Лидашқа телефон соғуға сол күйі бата алмадым. Дегенмен Ташкеннен туыстарым салып жіберген түйе-жүн көрпенің астында ыстық лимонды шайдан соң ұйқыға кетіп бара жатып, тезірек оянып, оған телефон соғуды армандадым. Оянсам, Read more of this post

Кірпіштер 1.4 – Алғашқы кірпіш

(Жалғасы. Басы мұнда)

Кірпіштің алғашқысы

Әрі вахтеріміз, әрі күзетшіміз Жора мені көріп мәз-мәйрам. Өзімнің дәл сол сәттегі түрімді елестетіп, қандай әсер тудыратынымды шамаладым: дымқыл шашым алба-жұлба, сұрқсыз көзілдірік, лас киім, батпақ жұғып, добалдай көрінген туфли. Read more of this post

Өсек тумалардан басталад…

Алдыңғы жазбадағы айлық сұрау жайлы жазып отырып, төмендегі оқиға есіме түсіп кетті. Өсекшілік өзіміздің туған туысқан, тумалардан басталады.

Қайбір жылдары асығым алшысынан түсіп, әжептәуір айлық сыйақым қомақты шығып қарқ боп жүрдім. Бірақ ешкімге тіс жармадым, әке-шешемнен басқа. Сөйтсем, өзімнің әке-шешем бір туысқа айтқан, ол жүрген жерде бәріне мақтаныпты, біздің бала осындай деп.

Бір күні базарда бір ұсақ түйек іздеп жүріп саудаласып жатсам, бір таныс қатын «Е-е-е, сен пәленшенің баласы екі жүз мың айлық аласың ғой, неге саудаласып тұрсың?» – дейді. Қазақ қосып айтады, қосып айтпаса несін айтады дегендей, жыным келсе де, үлкен болған соң, ізеттік білдіріп, «жә-ә айта салған ғой біреу» – деп өте бердім. Арасына он минут түспей, соталы телефон алмақшы боп бір дүкенге келсем, бір қыз : «Ағай, вахтаға қашан?» -дейд. Әй, сен менің атымды қайдан білесің? Жұмысымды ше?- десем. «Ой, Ағай мен сіз туралы бәрін білем дейд» – ішімнен өһ шешессс, ауылда звезда боп кетіппін ғо деп қуана беріп едім, «Бірақ үш шүз мың табатын адамға тым қарапайым киінеді екенсіз» -дейд әлгі ұрғашы мал атаңана.
Ипааать, нақ деп басымды бір қасыдым. Одан құрысын, базары құрысын деп таксиге отырып таяйын деп жатсам, таксист кері бұрылып,»Айына төрт жүз мың табасың, бір айлығыңа мәшине ала салмайсың ба?» -дегенде ық-ық деп күлкіге тұншықтым да қалдым. Әжеңң, шопыр бала, көп бұтақты жеме, мә 200 теңге өз нәпақаңды сана да алға бас…

Өз мінезің өз қолыңда (2-ші бөлім)

Нейролингвистикалық бағдарлауды дәстүрлі психологтардың көбі «ғылымсымақ» деп атайды. Негізгі себебі, көбінесе НЛБ -рационалдылық пен қисындылық, кезектілік қағидаларымен өзін қатты шектемейді. Барлық нәрсе, алдымызға қойылған мақсат тұрғысынан қарастырылады. Яғни 100 пайыз нәтиже беріп тұрған әдісті шұқылап «неге?», «қалайша?» деп жатпайды. Игілігіне жаратып жүре береді.
«Жұмыс істеп тұр ма? Болды» – деген қағидаға сүйенеді…

Және адам әлеуметтік мақұлық болғандықтан, бір адамның мақсаты көбіне басқа да адамдардың мүддесімен ұштасып жатады немесе керісінше кереғар келеді. Read more of this post

%d bloggers like this: