Анаға тілек

Сол баяғы ескі күнделігімен копипасталап отырмын.

***
Қызық екен көз жүгіртсең дүние-фәни,
Кеше ғана іңгәлаған балаң сәби, Read more of this post

Ғашықтар күні несімен қызық?

Маған салса, ол әулие Валентин емес, әнбие Нәжмәддиннің күні болса да мейлі! Бастысы, ол сүйгеніңе сый сыяпат жасауға, махаббатыңды жаңғыртуға себеп болатын 14-Ақпан күні.

Валентин күні әдетте ғаламторда нешетүрлі ойыншықтар суреті, жүректер, аққулар, аюлар, гүлдер тағы басқа қырт пен шырттың суреттері «көшір-қыстыр-жібер» үрдісімен ел  арасында құс тұмауша тарайды. Поштаңа бір сурет пен тақпақтың үш нұсқасы жиырма адамнан бес реттен келетінімен есте қалады/қалмайды. Осылайша құттықтаушылар қаншалықты сені «елден ерек» жақсы көретіндігін «елден ерек» әдіспен сегіз жүз бірінші рет дәлелдеп жатад. Read more of this post

Әкеге тілек

****
Әке мен Бала
Кірпіш болып жүргенімде елден шалғай,

Тетік іздеп орныма қалана алмай,

Өзіңді әке сағынғанда жазып едім,

Тұра алмадым қолыма қалам алмай.

Бұл қай заман?! Арбаға адам жеккен заман,

Ұрпағы майдаланып кеткен заман,

Құдайсыздың басынан сипап қойып,

Имандының маңдайын тепкен заман,

Қырсық дүние, қиқар дәуір жетегінде,

Ардан безіп, ұждансыз боп кетемін бе?

Әлде өзің бастаған сара жолмен,

Аңсаған арманыма жетемін бе?

Әйтеуір мен аманда – сен аман бол,

Түсіп қалсын тірлігіңе сұғылған қол,

Келеді ғой кәдеңе жарап баққым,

Ағайынды аузыңа қаратпақпын,

Аулақ болсын өзіңнен, алыс болсын,

Тіл көз бенен қайғылы жағдай тосын,

Бір елуді артыңа сап, екіншісін

«Іске сәт!» деп бастапсың жолың болсын!

(2002 / Қыркүйек)

%d bloggers like this: