Білгішбекке қалыңдық болсаң…

Бір-біріне ғашық жұп көше бойын кезіп, серуендеп келеді. Жігіт білімді, жан-жақты жоғары талғамды, оқығаны көп болатын. Қыз нәзік жанды, оқымысты болмаса да,  мінезі жайдары, өзі әсершіл.

Қыз: Мына үй сондай әдемі!
Жігіт: Қай жері әдемі? Төбесі шодырайған, жаны одырайған…

—  Қойшы тіптен, әп әдемі-ақ қой!

—Мына үйді «әдемі» деп айту үшін адамда қандай азғындалған талғам болу керек? Есігін қарамайсың ба?

— Жарайды, келістік бұл жаман үй. Ал менде қазақша КВН-ге билеттер бар!

—Қазақта қайбір КВН бар дейсің, жалпақ әзілді номерлерін тықпалай береді. Одан да кинотеатрға барайық, сен  «Алиса Ғажапстанда» киносын көрдің  бе?

— Жоқ , көрмедім. Бірақ мен қазақша КВН-ді со-о-ондай күтіп едім:(

—Қойш, мәмбеттер сияқты соған барып, күлкілі емес түк те!

—Онда Орда тобы келед, сол жігіттер күшті билейді!

—Қхм, негізі бидің патшасы Майкл Джексон саналады.  Қалғандары соған еліктеген қыртымбайлар…

— Шынында да солай екен-ау. Ақылдым сол, маған ана балмұздақты алып берші!

— Жоқ-жоқ, ол балмұздақтың құрамында 0,0001пайыз канцероген бар, зиянды эмульгаторлар, тстендргш, дмдеуштер бар,  сонымен қатар одан адам семіріп кетеді.. Сен оны жеп салқындаймын деп ойласың, бірақ нәтижесінде керісінше болады. Өйткені,  сенің  ішіңе барған балмұздақты еріту үшін, сенің ағзаң қосымша жылу бөлуге тура келеді, сөйтіп кейін одан бетер ыстықтап кетуің мүмкін. Ең  дұрысы, күн ыстықта диеталық сода ішу керек…

Қыз:  😦

Advertisements

Кундалик дафтари

Бала кезімде сыр берген екен. Графоманияның  бұл түрінің симптомдары. Мендегі. Мысалы, қазір 1997 жылдан бастап, студент кезге дейінгі күнделігім бар.  Тартпаның ішінде. Өрт болса да сақталып қалатын темір папкада да бар. Жатақханада тұрғандағы күнделігім де осында.

18 жасар бозбаланың жазғаны 27-жастағы тап өзін ұялтатын кезі де болады екен-ау. Басқа біреу жазғандай. Танымаймын. Кім мынау? Мен бе?   Қайда сол ашықтық? Қайда сол батылдық? Шешімділік. Байқадыңыз ба? Адам есейген сайын жылы жерден шықпай, әр нәрсеге шағымданғыш болады екен. Пицца баяғыдай емес, кафелерге мамбеттер жайлап кеткен, кинолардың мәні сұйылып кеткен. Қой, мүмкін емес. Бәлкім, мен өзім шығар, сұйылып кеткен?

Сол ашықтық пен пәк көңілділіктен құтылуға асығып едім кезінде. Енді қол жеткізер емес.

14 қыздан қашық бол!

cулулар

Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар: Read more of this post

Пикап-тренинг адамды өзгерте ме?

Өзің армандаған қызды қарату жолында өзге тілде үйрететін қарайған материалдар мен интернет -ресурстар бар.  Олардың әр қайсысының ерекше тәсілдері мен әдістемелік нұсқаулықтары бар. (Суретте, көшедегі қыздарға беттерін сүйгізіп,  понт лақтырған бастауыш пикаперлер)

Сөйте тұра, Пикап -тренерлер (ағылшынша pick-up – теріп алу, іліп кету)  психологиялық жағына да немқұрайды қарамайды.  Олардың көбісі асқан сұлу, не бай емес, дегенмен жеке өмірінде өздерін бақытты санайд. Олар білетін әлдене бар сияқты. Өмірдің өзі аңға шығу ма бірдеңе боп кеткендей. Қыздардың басын шырмаған жігіттер, жігіттің басын шырмайтын қыздар…Бүгін сені ол, ертең сен басқаны… Read more of this post

2009-ға әбид жоқ, шешессс…

159

  • Ешқандай есеп жоқ, ризамын 2009-ға.
  • Шүкір ғой шүкір, Ғаламбасымыздың әділ әрі көреген саясатының арқасында, аман есен 2010-ға жеткенім үшін ризамын!
  • Әке-шешемнің ауырмай сырқамай жүргендігі үшін разымын.
  • Өмір жайлы, өткен кеткен қателіктер жайлы ойландырғаны үшін мың алғыс!
  • Шын бауыр мен нағыз достың қадірін тағы да түсіндіргені үшін ырзамын!
  • Мені болашақ жарыммен жүздестіргені үшін де ризамын!
  • «Аватар» деген кино үшін рахмет!
  • Солай.Де сайтымен жақын достастырғаны үшін, блогосферамен таныстырғаны үшін мың респект!
  • Жастар.Біз-дің дүниеге келгені үшін уважуха!
  • Ағарыс інімнің дүниеге келгені үшін шүкір!
  • Диагональды қарама-қайшы блогтардың әр түрлі мазмұнынан әртүрлі эмоция алғаным үшін, Уордпресс платформасына рахмет. Сонымен қатар,
  • Ербол, Гиена (Елбуз), Апербақан, Көңілді, Ханша, Арғынқыз, Біреу2009, Сатыбалды (;-)), Аршат Оразов, Ерлан Оспан, Нақұрыс, Есалаң, SeXen, Маратхан, ҒАрфилд, Шыназ, Амандық, СаянҮш (!), Малика (Венера Касымова) ,Тойбик (Ботақан- АтиллаКыЗ (Долорес), Қалдықыз, Ақұдай (Сакен), Бальзаминка (Синдерелла), Салтан (Алтын), Сержа, Ай-шешек, Базарайгүл, Жасмин (Райхан), Айко (ШатаҚ), Симона -Сымбат:), Қилеке (Қилызаман), Патик, Қосекең, Пандора, Альмира, Бейбарс, Кендебай, Біржан, Х-Мырза, Айсұлтан, Айдос, Аспан (Ертай), Меркурий, Маке, Карнивор (Тупак Амару), Нұрғиса, Айна-Мекен, Балғырған, Итатпас (АЗАМАТ), Сакен Спб. деген адамдармен таныстырып, әр қайсысынан бірнәрсе үйренгендігім үшін мың-гуглоплекс алғыс!
  • Қарадомалақтың маған берген мінездемесі үшін ризамын.
  • Алматыда «давай!» десең блоггер қыздарды жинап әкелетін қонақжай Ақзереден айналдым!
  • Алматыға бір келіп, мені шақыруды ұмытпаған Русланнннға ризамын.
  • Мейірімділігі сақалынан ұзын Асхатқа ризамын!
  • Ақтөбеде салқын сырасымен, жылы жүзімен күтіп алған Батыстық елден ерек блоггерлерге ризамын!
  • Астаналық Солайшыларға ерекше құрмет.
  • Биыл мықты материалдық моральді қолдау берген әпкеме ризамын.
  • Пішін мен форма деген философиялық ұғымдарға басқа қырдан қарауды үйретіп, эвфемизм мен табуизм терминін жете түсінуіме себепші болған Дәруішөлген сыбайлас командасына ризамын.
  • Вадим Зеландқа ризамын. Кітабы үшін.
  • Ақ халатты абзал жандарға ризамын.
  • Аяғыма рахмет, қанша километр менің денемді тасымалдап бір сыздамай қызмет еткені үшін.
  • Көзіме ризамын, нешетүрлі ғажайыпты көргенім үшін.
  • Евровидениеге ризамен Александр Рыбактың ең үздік әні Fairytale- мен таныстырғаны үшін.
  • Тозып кеткен жасыл курткама ризамын, осы уақытқа дейін маған қызмет етіп, суықтан желден қорғап келгені үшін.
  • Компьютерімнің клавасына ризамын жазған бәлемнің барлығын өзгертпестен сендерге жекізіп отырғандығы үшін.
  • Итке, құсқа, ауаға, әлемге бәріне ризамын, бір жылда қанша адам өліп, қанша адам келмеске кеткеніне қарамастан, тап сол таң ғажайып тепе теңдік күйін сақтап тұрған өмірге ризамын!

Өз мінезің өз қолыңда (2-ші бөлім)

Нейролингвистикалық бағдарлауды дәстүрлі психологтардың көбі «ғылымсымақ» деп атайды. Негізгі себебі, көбінесе НЛБ -рационалдылық пен қисындылық, кезектілік қағидаларымен өзін қатты шектемейді. Барлық нәрсе, алдымызға қойылған мақсат тұрғысынан қарастырылады. Яғни 100 пайыз нәтиже беріп тұрған әдісті шұқылап «неге?», «қалайша?» деп жатпайды. Игілігіне жаратып жүре береді.
«Жұмыс істеп тұр ма? Болды» – деген қағидаға сүйенеді…

Және адам әлеуметтік мақұлық болғандықтан, бір адамның мақсаты көбіне басқа да адамдардың мүддесімен ұштасып жатады немесе керісінше кереғар келеді. Read more of this post

Өз мінезің өз қолыңда немесе темпераментті өзгерту…(1-ші бөлімі)

amazing3Жантануға (психологияға) әуесқой болып жүргеніме 8 -жылдың жүзі болды, Нейролингвистикалық бағдарлау (НЛБ) турасындағы еңбектерімен де алғаш танысқаныма 3 жылдан асты. Содан бері көптеген материалдар ақтарылып, көптеген эксперименттер мен сынақтар жүргізіліп, ескі сұрақтарға жауаптар табылып, алдыңғы жинақтаған ақпаратыма, тәжірибеме елеулі өзгерістер, дәлірек айтсам толықтырулар жалғасып жатыр.

Солардың бірі дәстүрлі жантанудың 4 темпераменті: Сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик жайлы түсінігім толысты. Осылардың әрқайсысын өз бойымда модельдеу (көшірмелеу) арқылы сезбеген нәрселерді сезініп, түйсігімнің шекарасы ешқандай психотропты (еліртіп-есіртетін) препараттардың көмегінсіз кеңеюінің куәсі болдым.. Read more of this post

%d bloggers like this: