Қозы мен Баянның хикаясы (жалғасы): Қодар мен Горлум

(Жалғасы. Басы алдыңғы жазбада)
Қодар мен Горлум-1
Қасында тұрып-ақ ҚозыКөрпеш мұжықтардың Баянға ашкөздене қарап тұрғанын байқады. Барлығы оның әрі кеткенін күтіп тұрғандай, барлығы ішінен қап «мына жігіттің бетін қайтарса екен» деп ойлап тұрғандай болды.
Қозы оны сезіп тұрса да,  үнемі Баянның қасынан қалмай, артынан ерген аш күшіктей жүгіргісі келмеді. Баян дәретханаға кіргенде, сыртында күтіп тұрмай, Қозы тоқтамастан жолдастарына кете барды. «Әрі» кететін кез келді.
Достарына оралған Қозы, барлығын би алаңына шығарып, өзі назарын уақытша басқа қыздарға бұрды. Бұл Баян сұлудың өсіп бара жатқан маңызын бәсеңсіту үшін жасалған қадам еді.
Бір қараса, Баян да басқа бір жігітпен билеп тұр екен. Қодардың өзі болса керек. Read more of this post
Advertisements

Қозы мен Баянның хикаясы (римейк)

1. Танысу сәтті-ау, бірақта…

Қозы қасына досын ертіп,  «сыралатып қайту» деген бейкүнә мақсатпен бір кафеге қарай ат басын бұрады…

Мінекей, олар ажары айдай сұлу қыздардың қасындағы үстелге де жайғасты. Отырды. Тойхананың ішіндегі қыздарды әпсәтте «сканерден» өткізіп, Қозы қарсы алдында отырған сұлуды нысанаға алып, жақындады. Қолында жол жөнекей салфеткадан жасалған гүл.

Жақынырақ жақындап, әлгі гүлді созып,  екі езуі құлағына жеткенше күледі. Қыз да емеурінін қолдағандай жымиып «сыйлықты» алады.

«Мен –Қозы Көрпешпін» – жан жағына қараса, бірнеше жұп көздер таңырқай қарап тұр екен. Құрбылары.

— Ал мен Баян Сұлумын» … Read more of this post

14 қыздан қашық бол!

cулулар

Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар: Read more of this post

Пикап-тренинг адамды өзгерте ме?

Өзің армандаған қызды қарату жолында өзге тілде үйрететін қарайған материалдар мен интернет -ресурстар бар.  Олардың әр қайсысының ерекше тәсілдері мен әдістемелік нұсқаулықтары бар. (Суретте, көшедегі қыздарға беттерін сүйгізіп,  понт лақтырған бастауыш пикаперлер)

Сөйте тұра, Пикап -тренерлер (ағылшынша pick-up – теріп алу, іліп кету)  психологиялық жағына да немқұрайды қарамайды.  Олардың көбісі асқан сұлу, не бай емес, дегенмен жеке өмірінде өздерін бақытты санайд. Олар білетін әлдене бар сияқты. Өмірдің өзі аңға шығу ма бірдеңе боп кеткендей. Қыздардың басын шырмаған жігіттер, жігіттің басын шырмайтын қыздар…Бүгін сені ол, ертең сен басқаны… Read more of this post

Өз мінезің өз қолыңда (2-ші бөлім)

Нейролингвистикалық бағдарлауды дәстүрлі психологтардың көбі «ғылымсымақ» деп атайды. Негізгі себебі, көбінесе НЛБ -рационалдылық пен қисындылық, кезектілік қағидаларымен өзін қатты шектемейді. Барлық нәрсе, алдымызға қойылған мақсат тұрғысынан қарастырылады. Яғни 100 пайыз нәтиже беріп тұрған әдісті шұқылап «неге?», «қалайша?» деп жатпайды. Игілігіне жаратып жүре береді.
«Жұмыс істеп тұр ма? Болды» – деген қағидаға сүйенеді…

Және адам әлеуметтік мақұлық болғандықтан, бір адамның мақсаты көбіне басқа да адамдардың мүддесімен ұштасып жатады немесе керісінше кереғар келеді. Read more of this post

Өз мінезің өз қолыңда немесе темпераментті өзгерту…(1-ші бөлімі)

amazing3Жантануға (психологияға) әуесқой болып жүргеніме 8 -жылдың жүзі болды, Нейролингвистикалық бағдарлау (НЛБ) турасындағы еңбектерімен де алғаш танысқаныма 3 жылдан асты. Содан бері көптеген материалдар ақтарылып, көптеген эксперименттер мен сынақтар жүргізіліп, ескі сұрақтарға жауаптар табылып, алдыңғы жинақтаған ақпаратыма, тәжірибеме елеулі өзгерістер, дәлірек айтсам толықтырулар жалғасып жатыр.

Солардың бірі дәстүрлі жантанудың 4 темпераменті: Сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик жайлы түсінігім толысты. Осылардың әрқайсысын өз бойымда модельдеу (көшірмелеу) арқылы сезбеген нәрселерді сезініп, түйсігімнің шекарасы ешқандай психотропты (еліртіп-есіртетін) препараттардың көмегінсіз кеңеюінің куәсі болдым.. Read more of this post

%d bloggers like this: