Тұмар қалай көмектеседі?!

тұмар

Бойтұмардың (Талисман, амулет, апотропей, оберег) қай дін, сенім-наным болмасын, бәле жәледен, сәтсіздіктен, көз бен тілден сақтайтын, қуат беретін күші бар деп сенеміз. Алайда, шын мәнінде бір қағаз, біртүйір мал сиіп тастаған топырақ, не тасбақаның боғы ешқандай күшке ие емес. Read more of this post

Advertisements

Әулие-қошқар Еламан, болсаңшы маған талисман!

Астапыралла!!! Еламан атты қошқардың табиғаттан тыс күші бар деген ақпаратты оқыған боларсыз?  Біреулер оны мұсылман тіліне салсаң, үлкен күнә, харам, ал эмпириокритицист үшін бұл, о масқара ХХI – ғасырда  ескіден қалған, үрейге негізделген жабайылықтың көрінісі деді. Мүмкін… Кашпировский дедік, Чумак дедік, Сары әулие, Ақ әулие, Қошқар әулие, өлім әулие деді,  бірақ мен Еламан қошқарға сенем…

Неге сенбеске? Қошқарда еш бір пайда табыс туралы ой жоқ,  бір ма? Қошқарда саяси мүдде жоқ —екі ма? Қошқар сенің өзіңді қошқар қылып, қажет кезінде қылтаның кетер демей қылқ еткізіп жұта алмайды «ҮШ» де! Ал егер шынымен алдаған боп шықса да, қашып кетіп, көкесінің қойнында, немесе басқа мемлекетте тығылып жатпайды -ТӨРТ!!! Read more of this post

%d bloggers like this: