Асқар Жұмаділдаев

Асқар Жұмаділдаевтің бір сұхбатының жарияланған датасын көріп, көзіме жас келді. Әкемнің қайтқан күні жарияланған екен. Әкем атымды қолжетімсіз биіктерге ұмтылсын деп, қойса керек.
Асқар аға, өзіңіздің есіміңізді арқалап жүргенімді ырым тұтамын. Менің ғана емес ау, талай көпшілікте пікір айтамын деп «жексұрын» болған қазақтың ойындағысын сіз айтыпсыз. Жерлесіңізбін, бас көшелеріміздегі жымиыңқы суреттеріңіз жүрек жылытады, сенімділік оятады.

Сіз сол сұхбатыңызда қазақтың дамуына, қазақтың әлемде мойындалуына кедергі болар қасиеттерді жақсы суреттедіңіз. Read more of this post

Қазақ тілді форумдар

«Мәссаған» тілді байлап қойды. Контенті жақсы, контингенті салмақты, алайда форумы мұңайған Мәссаған.Ком сайты маған өз сұхбатханасынан трибуна беруді бұдан бұлай өз мәртебесінен төмен санады. Еш ескерту, түсіндірусіз аталмыш сайт администрациясы форумға жазу құқығынан айырды. Сол форумның мүшелерімен пікір алмасқан күндер тарихқа кететін болады. Қайта тіркеліп, техникалық алаяқтықпен жазуға да болады, бірақ жалқаумын, көпке сыйлы ресурста ондай ұсақ түйек бұзақылыққа да құлшынысым шамалы. Администрациямен олардың бірталай еңбектеріне бас ие тұра, форум жөнінде ойым бір жерден шықпайды. Оның үстіне мен қолданып жүрген «Green Dog» профайлын біреу ең қарапайым хакерлік әдіспен бұзып кіріпті.

Жалпы бүкіл қазақша сайттардың ішінен, тек жақсы дамыған қазақ форумдарында ғана, халықтың демін сезесің. Веб-блогтарда автордың мысы басым. Ал форумда біреудің ойына жақпаған пікірің үшін, түрлі формадағы сын естуің мүмкін, және сынға жауап беруге, немесе сынды мойындауға үйренесің… Өз ойыңды жеткізу қабілетін де біраз блоггерлер форум ұстаханасында үйренгені белгілі. Форум – шешендер ұстаханасы. Бұл идеалында.

Не десек те, енді ара-тұра оқып, жазатын қазақ тілді форумдардан алты браузерге аңыз болған Solai.de- нің ізбасары zhastar.biz, kazakh.ru және abai.kz – ғана қалатын болады.

ПС: Менің субьективті пікірім әрине сіздің сайт таңдауыңызға сай келмеуі мүмкін…

%d bloggers like this: