Киноталдау – Кристофер Ноланның «Бастамасы» /»Начало» /

Ұйқтасам, өңім екен (с) @satibaldi

2010-жылы шыққан «Бастама» /Inception/ фильмін жуырда ғана қарадым.
Спецәсерлері үйлесімді, мықты. Сюжеті бұралаңқы, күмән күдік дәмдеуіштері қосылған, көзі тірі біртуар генийлердің бірі ұлы композитор Ганс Циммердің керемет дыбысты композицияларымен әрленген, былай қарасаң қай жағынан да жан жағы жұмыр сәтті шыққан ғылыми фантастика. Көбіміз Дикаприоның драматикалық диалогтар («Ромео мен Джульета») мен көзіне жас алып сөйлейтін көріністерді қатырып ойнайтынын «Титаник»,»Өзгерістер соқпағы» фильмдерінен хабардармыз, және реті келсе сабырдан аттап айғайлап жіберетін есерсоқ азарттылығын да сол баяғы «Өзгерістер соқпағы» мен «Авиатордан» көрдік.
Бұл жерде де Дикаприо драмматикалық рөлін өз деңгейінде ойнай білді. Сюжеттік қатары шытырман, қызықты, алғашында күрделі көрінгенімен біртіндеп кейіпкерлермен бірге хикаяның қыр сырларына қанып, түстің терең әлеміне бойлағандай әсерде боласың. Read more of this post

«АВАТАР» фильмін талдау немесе Пандора – сұм сұлулық мекені!

«Д*хейлунг!» (с) «Аватар» (2009)


Рецензия жазайын дегем, бірақ бұл фильмге рецензия жазуды субьективті түрде күпірлік деп түйдім. Оның үстіне мәртебелі маэстро Камерон ауызбен айтып, қаламмен жазып жеткізер фильмдерді түсірмейтініне тағы да көзім жетті. Десем де, бір-екі ауыз айтып өтейін. beauty Read more of this post

Киноталдау: "123-ші пойыздың қауіпті жолаушылары"

«Сен таңертең шұлығыңды киіп жатып, күніңнің осылай аяқталатынын білмедің ғой, айтшы?»

Тапаншасы қолынан түспейтін Джон Траволта

Бірден айтайын, бұл киноны Джон Траволта үшін көрдім. Режиссер  Ридли Скоттың «братаны» Тони Скот («Мемлекетке жау», «Домино») екенін білгенде психологиялық қысым, қуғын, әсерлі кадрлар болатын шығар деп күттім. Бұл филм 70-жылдардағы аттас фильмнің кино-ремейкі, яғни қайта жаңғыртылуы деп естігенмін. Негізі римейк жасауды жай коммерциялық ниеттен туған, далбаса идея деп ойлайтынмын. Және көбінесе солай болып шығатын. Бірақ бұл фильм сәл өзгешелеу екен.

Нью Йорк қаласының метро қызметкерлерінің бірі (Д. Вашингтон) кезінде әжептәуір басшылық қызметіне дейін көтеріліп, кейін «пара» алды  деген кінә тағылған соң қызметінен уақытша босатылып, бірақ қылмысы дәлелденбегендіктен іс аяқталғанша диспетчер жұмысын атқарып жүр. Түрмеге қамалмағанмен, бүкіл абыройынан айрылып, жұртың өзіне бағытталған қиқар-қыршаңқы сөздерінен қорлық көріп жүр.

Содан қызық, айдың түні аманда метроға белгісіз қылмыскер тобы еніп кетіп, жолаушыларды кепілдікке алып, бірнеше сағат ішінде 10 000 000 доллар 1 цент ақша талап етеді. Read more of this post

%d bloggers like this: