Былшылды қойып жаттық!

Суреттегі «дәденің» футболкысында «былшылды қойып, жаттық!» деген сөздер жазылған, немесе «аузыңды жап та  жаттық «.

Жаттығу залына қайта баруды бастағаныма бүгін екі ай болды.  Арасы үзіліп кеткен соң, әрине алғашқы күні бұрыңғы кіртастар ырқыма көнбеді.  Өзімді майкөтен әлжуаз сезіндім.   2008-ші жылы сырқатқа байланысты 10 килоға дейін салмақ тастап, құлағымнан күн көрінетіндей азып кеткен едім. Бірақ 2006-2007 -жылдары іргетасын салған пішінім, тұрақты жаттығу арқасында қайта қалпына келіп жатқаны қуантады.

Алдыңғы күні жатзалда сыныптас досыммен бірге барған едім.

Аяқпен итеретін тренажерға жатып ап, пәленбай килоны сығып жатсам, 18-19 жасар бозбала келіп «бұл сплит-система ма?» – дейді. Мен басымды шайқадым.

«Қанша килограм салдың?» -дейді, өзім ақ тер көк тер тырмысып жатқанда. Бар түріммен оның сұрағына

жауап бергім келмейтінін білдірдім. Не керек әлгі бала қайта қайта сұрақ қойып мазамды алды. Жоқ, мен пайдалы кеңеске сараң болған емеспін ешқашан.

Read more of this post

Advertisements

Қозы мен Баянның хикаясы (жалғасы): Қодар мен Горлум

(Жалғасы. Басы алдыңғы жазбада)
Қодар мен Горлум-1
Қасында тұрып-ақ ҚозыКөрпеш мұжықтардың Баянға ашкөздене қарап тұрғанын байқады. Барлығы оның әрі кеткенін күтіп тұрғандай, барлығы ішінен қап «мына жігіттің бетін қайтарса екен» деп ойлап тұрғандай болды.
Қозы оны сезіп тұрса да,  үнемі Баянның қасынан қалмай, артынан ерген аш күшіктей жүгіргісі келмеді. Баян дәретханаға кіргенде, сыртында күтіп тұрмай, Қозы тоқтамастан жолдастарына кете барды. «Әрі» кететін кез келді.
Достарына оралған Қозы, барлығын би алаңына шығарып, өзі назарын уақытша басқа қыздарға бұрды. Бұл Баян сұлудың өсіп бара жатқан маңызын бәсеңсіту үшін жасалған қадам еді.
Бір қараса, Баян да басқа бір жігітпен билеп тұр екен. Қодардың өзі болса керек. Read more of this post

Кундалик дафтари

Бала кезімде сыр берген екен. Графоманияның  бұл түрінің симптомдары. Мендегі. Мысалы, қазір 1997 жылдан бастап, студент кезге дейінгі күнделігім бар.  Тартпаның ішінде. Өрт болса да сақталып қалатын темір папкада да бар. Жатақханада тұрғандағы күнделігім де осында.

18 жасар бозбаланың жазғаны 27-жастағы тап өзін ұялтатын кезі де болады екен-ау. Басқа біреу жазғандай. Танымаймын. Кім мынау? Мен бе?   Қайда сол ашықтық? Қайда сол батылдық? Шешімділік. Байқадыңыз ба? Адам есейген сайын жылы жерден шықпай, әр нәрсеге шағымданғыш болады екен. Пицца баяғыдай емес, кафелерге мамбеттер жайлап кеткен, кинолардың мәні сұйылып кеткен. Қой, мүмкін емес. Бәлкім, мен өзім шығар, сұйылып кеткен?

Сол ашықтық пен пәк көңілділіктен құтылуға асығып едім кезінде. Енді қол жеткізер емес.

14 қыздан қашық бол!

cулулар

Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар: Read more of this post

Кірпіштің екіншісі

(жалғасы. басы мына жерде)

)
– Ақымақ! Бірінші кезеңде-ақ «картоп жарыпсың» ғой! Қателерің оннан асады! – Лёха, менің күнімнің жартысы қалай өткені жайлы әңгімемді тыңдап болып, біртүрлі толқып, мазасызданғандай көрінді. – Ия, қиын жағдай!
– Лидашқа телефон соғуға сол күйі бата алмадым. Дегенмен Ташкеннен туыстарым салып жіберген түйе-жүн көрпенің астында ыстық лимонды шайдан соң ұйқыға кетіп бара жатып, тезірек оянып, оған телефон соғуды армандадым. Оянсам, Read more of this post

Өз мінезің өз қолыңда (2-ші бөлім)

Нейролингвистикалық бағдарлауды дәстүрлі психологтардың көбі «ғылымсымақ» деп атайды. Негізгі себебі, көбінесе НЛБ -рационалдылық пен қисындылық, кезектілік қағидаларымен өзін қатты шектемейді. Барлық нәрсе, алдымызға қойылған мақсат тұрғысынан қарастырылады. Яғни 100 пайыз нәтиже беріп тұрған әдісті шұқылап «неге?», «қалайша?» деп жатпайды. Игілігіне жаратып жүре береді.
«Жұмыс істеп тұр ма? Болды» – деген қағидаға сүйенеді…

Және адам әлеуметтік мақұлық болғандықтан, бір адамның мақсаты көбіне басқа да адамдардың мүддесімен ұштасып жатады немесе керісінше кереғар келеді. Read more of this post

Өз мінезің өз қолыңда немесе темпераментті өзгерту…(1-ші бөлімі)

amazing3Жантануға (психологияға) әуесқой болып жүргеніме 8 -жылдың жүзі болды, Нейролингвистикалық бағдарлау (НЛБ) турасындағы еңбектерімен де алғаш танысқаныма 3 жылдан асты. Содан бері көптеген материалдар ақтарылып, көптеген эксперименттер мен сынақтар жүргізіліп, ескі сұрақтарға жауаптар табылып, алдыңғы жинақтаған ақпаратыма, тәжірибеме елеулі өзгерістер, дәлірек айтсам толықтырулар жалғасып жатыр.

Солардың бірі дәстүрлі жантанудың 4 темпераменті: Сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик жайлы түсінігім толысты. Осылардың әрқайсысын өз бойымда модельдеу (көшірмелеу) арқылы сезбеген нәрселерді сезініп, түйсігімнің шекарасы ешқандай психотропты (еліртіп-есіртетін) препараттардың көмегінсіз кеңеюінің куәсі болдым.. Read more of this post

%d bloggers like this: