Науқастар: Рейтинг уқалаушылық синдромы

Кез келген рейтингілік блог жүйесінде ертелі кеш пайда болатын бұл індетті Рейтингуқалаушылық синдромы деуге болады.
Алғашқыда, сырқатты екеніңіз білінбеуі мүмкін. Бірақ тәжірибелі дәрігер оларды бірінші посттарынан-ақ таниды.
Науқасты мынадай симптомдарынан анықтауға болады. Read more of this post

«Неге ұрсасың, насяйника!?»

(26.14 Kb, 200x266)Бірі өз жұмысын әрең алып жүрген енжар, сорлы бастық болса, ендігісі белсенді, барлық салада үлгеруге тырысады, ал үшіншісі жұмыста да, далада да, тойда да «Мәке-Сәке» боп кербезденгісі келеді. Шіркін, бастықтарды өзің таңдай алатын болсаң ғой дейсің… «Бастық өзіңнен өзге біреу болса, оңушы ма еді?!» дейсің . Бірақ, кідіре тұрыңыз…

Сізге бастығым жайлы шағымданып, жылайын деп отыр екен демеңіз. Керісінше, бірге қызмет істеуде жолым болған бір кісі туралы және басымнан өткен біртүрлі жайлармен бөліспекпін.

Майкпен әріптестігіміз 2006-жылы Қазақстанның батыс өңірінің бірінде  басталған болатын.  Ол кезде мен жап-жасыл, бозбала  аудармашы, ал ол тіс қаққан мұнай ұңғысының маманы болатын. Қайсысымыз гастарбайтер екені түсініксіз еді. Read more of this post

Қиблоггерлер 2

Қарыспайтын мүлде жағы,
Қырта берер тағы-тағы,
Муза кірмей түсіне
Ашылмай жүр оның бағы.
Күнделікте жазулар,
Күнделікті жаңарар,
Бұл қай мыжың жазбагер??
Бұл қиблогер -ардагер!! Read more of this post

Қиблоггерлер…(жүйкесі жұқаларға арналмаған)

Қиблоггер – деген не?
АБАЙЛАҢЫЗ ТӨМЕНДЕГІ АҚПАРАТ КЕЙБІР АДАМДАРДА ЕЕАК- (езілген енек немесе ашыған көт)Синдромын тудыруы мүмкін. Егер жүйкеңіз жұқа болса, нәзік жанды болсаңыз, онда тез арада бұл тақырыптан тайып тұрыңыз.

Қи блоггер деген блогты қосымша «құрал» емес, басты «мақсат» деп қабылдайтындардың барлығы.

Олардың қаншалықты блог ауруына шалдыққандығына байланысты Read more of this post

%d bloggers like this: