Лёхамен танысу. (Кірпіштер 1.2)

(Жалғасы, басы мұнда )

СыраДала жауын жауып, былжыраған батпақ аттаған сайын шашырап, шалбарыма қонғысы кеп-ақ тұрды. Сіркіреген жаңбырдан көзім сығырайып келе жатырмын. Онсыз да нашар көретін көзге бұл жағдай еш қырағылық қоспады.
Коммуналды қызметшілер көшенің кеңсе алдындағы бөлігін қазып тастап, құбырларын ауыстырыпты, бірақ қайтадан асфальттауды ұмытып кетіпті. Есесіне ол жер астық жинау кезіндегі егістіктен аумай қапты…
Гүр-гүр етіп қасымнан бір жүк машина өтті. Оның жүргізушісі маған жұдырығын шошайтып, одан әрі шатастырып жіберді. Шашыраған батпақ шалбарыма қонып, күртемді бүлдірді. Лай судың сарқырамалары көзілдірігім мен бетімді былғады. Жаппай бомбалау жайлы ойлар мазалап, көңіл күйіп бұзыла түсті. Біреуді өлтіргім кеп-ақ тұрды.
Осынша азапқа түсуге, кеңседен шыққандағы мақсатым арзымайтыны анық. еді. Тамағым сыздап кеткен соң, кәмпит сорып жібітпешкі болдым. Азық-түлік дүкеніне Read more of this post

%d bloggers like this: