Киноталдау – Кристофер Ноланның «Бастамасы» /»Начало» /

Ұйқтасам, өңім екен (с) @satibaldi

2010-жылы шыққан «Бастама» /Inception/ фильмін жуырда ғана қарадым.
Спецәсерлері үйлесімді, мықты. Сюжеті бұралаңқы, күмән күдік дәмдеуіштері қосылған, көзі тірі біртуар генийлердің бірі ұлы композитор Ганс Циммердің керемет дыбысты композицияларымен әрленген, былай қарасаң қай жағынан да жан жағы жұмыр сәтті шыққан ғылыми фантастика. Көбіміз Дикаприоның драматикалық диалогтар («Ромео мен Джульета») мен көзіне жас алып сөйлейтін көріністерді қатырып ойнайтынын «Титаник»,»Өзгерістер соқпағы» фильмдерінен хабардармыз, және реті келсе сабырдан аттап айғайлап жіберетін есерсоқ азарттылығын да сол баяғы «Өзгерістер соқпағы» мен «Авиатордан» көрдік.
Бұл жерде де Дикаприо драмматикалық рөлін өз деңгейінде ойнай білді. Сюжеттік қатары шытырман, қызықты, алғашында күрделі көрінгенімен біртіндеп кейіпкерлермен бірге хикаяның қыр сырларына қанып, түстің терең әлеміне бойлағандай әсерде боласың. Read more of this post

Advertisements

Арқаңды қоздыратын кино үзінділер хитпарады

Адам деген нәзік нәрсе ғой, шіркін. Мойыннан алмаспен бір сипасаң қата қалады, хехесс..Жә, қара әзілді қойшы. Қандай мықты болсаң да, сағың сырқырап, сынуға шақ қалған кездер болады. Тұз-Қант-Тұз-Қант -Өлім.
Бірақ қиыншылықта бірден өлім туралы ойлап, өзіңді өзің аяп, мұрныңның боғын жеңіңе жағып сорың қайнап, сормаңдай күйге түсетін кездерде де ішіңде бір жігердің нышаны қалғаны жақсы. Мейлің еркек бол, мейлің әйел бол қайғыдан қажып, берекесіз тірліктен тәлтіректеп қалған кездері кейде біреудің бір ауыз сөзі алға басуға жігер беретіні бар ғой.

Ұзын сөздің қысқасы, арқа қоздыратын фильмдерден үзінділермен бөліскім келеді.
Аудармасы астында. Субтитра қоса алмадым. Айыпқа бұйырмаңыз. Өздеріңізге ұнайтын сондай фильмдер болса бөлісе отырыңыздар. Read more of this post

Біреу сөзіңді сөйлесе…

Перизат Мырзахметтің төмендегі жүрегінен шыққан жазбасымен біреуің келісерсің, біреуің келіспессің.
Бірақ шындығы сол, өз басым осындай сапалы сын мен жазбаға өте жоғары баға бердім. Және өздеріңмен бөліспеуді сараңдық көрдім.
Бұл жазбаны неғұрлым көп адам оқуы керек деп білемін. Read more of this post

Еліктегіш елміз деп кім айтты?

Қай қазақтың аузында да: Қазақтар еліктегіш, қазақтар көргенін істейді, қазақтар көшіруден шебер! —деп мыңқ-мыңқ етіп, қолды бір сілтеген жалқау сын бар екені өтірік емес.

Ау, еліктеу деген шыр етіп жерге түскен кез келген баланың  бүкіл өмірі ғой. Адамзат еліктеу және көшірмені жетілдіру арқылы жаңа дәуірге аяқ басып отырған емес пе? Кеше ғана өз алдына ел болған қазақтар осы орайда кішкентай сәбиден несі артық?

Бірақ, қарап отырсам, керісінше біздікілер «еліктегіш», «көшіргіш дегеннен гөрі», «көшіруді қатыра алмайды» деген дұрыс болар. Көшіруді АҚШ, Ресей, Жапон елдері қатырады бір бірінен. Сосын Қытай елі мықты көшіре біледі. Ал мына елдің көшірмесі көбіне шала шығады.
Көшіру – деген жаман құбылыс емес шеберлікпен жасалса, бұқара халықтың қолдауына ие болса. Көшіру арқылы, тәжірибе бөлісу, еліктеу арқылы бала жетіледі, ел жетіледі, адамзат өркениеті дамиды. Глобализацияның қозғаушы күші көшіру.

Көшірсек те түпнұсқасынан кем көшірмейік. Мәселе сонда ғой. «Аянышты көшірме» болғанша, «жетілдірілген қазақша нұсқасы» болған керемет емес пе?

Киноталдау: "123-ші пойыздың қауіпті жолаушылары"

«Сен таңертең шұлығыңды киіп жатып, күніңнің осылай аяқталатынын білмедің ғой, айтшы?»

Тапаншасы қолынан түспейтін Джон Траволта

Бірден айтайын, бұл киноны Джон Траволта үшін көрдім. Режиссер  Ридли Скоттың «братаны» Тони Скот («Мемлекетке жау», «Домино») екенін білгенде психологиялық қысым, қуғын, әсерлі кадрлар болатын шығар деп күттім. Бұл филм 70-жылдардағы аттас фильмнің кино-ремейкі, яғни қайта жаңғыртылуы деп естігенмін. Негізі римейк жасауды жай коммерциялық ниеттен туған, далбаса идея деп ойлайтынмын. Және көбінесе солай болып шығатын. Бірақ бұл фильм сәл өзгешелеу екен.

Нью Йорк қаласының метро қызметкерлерінің бірі (Д. Вашингтон) кезінде әжептәуір басшылық қызметіне дейін көтеріліп, кейін «пара» алды  деген кінә тағылған соң қызметінен уақытша босатылып, бірақ қылмысы дәлелденбегендіктен іс аяқталғанша диспетчер жұмысын атқарып жүр. Түрмеге қамалмағанмен, бүкіл абыройынан айрылып, жұртың өзіне бағытталған қиқар-қыршаңқы сөздерінен қорлық көріп жүр.

Содан қызық, айдың түні аманда метроға белгісіз қылмыскер тобы еніп кетіп, жолаушыларды кепілдікке алып, бірнеше сағат ішінде 10 000 000 доллар 1 цент ақша талап етеді. Read more of this post

%d bloggers like this: