Былшылды қойып жаттық!

Суреттегі «дәденің» футболкысында «былшылды қойып, жаттық!» деген сөздер жазылған, немесе «аузыңды жап та  жаттық «.

Жаттығу залына қайта баруды бастағаныма бүгін екі ай болды.  Арасы үзіліп кеткен соң, әрине алғашқы күні бұрыңғы кіртастар ырқыма көнбеді.  Өзімді майкөтен әлжуаз сезіндім.   2008-ші жылы сырқатқа байланысты 10 килоға дейін салмақ тастап, құлағымнан күн көрінетіндей азып кеткен едім. Бірақ 2006-2007 -жылдары іргетасын салған пішінім, тұрақты жаттығу арқасында қайта қалпына келіп жатқаны қуантады.

Алдыңғы күні жатзалда сыныптас досыммен бірге барған едім.

Аяқпен итеретін тренажерға жатып ап, пәленбай килоны сығып жатсам, 18-19 жасар бозбала келіп «бұл сплит-система ма?» – дейді. Мен басымды шайқадым.

«Қанша килограм салдың?» -дейді, өзім ақ тер көк тер тырмысып жатқанда. Бар түріммен оның сұрағына

жауап бергім келмейтінін білдірдім. Не керек әлгі бала қайта қайта сұрақ қойып мазамды алды. Жоқ, мен пайдалы кеңеске сараң болған емеспін ешқашан.

Read more of this post

Кірпіштің екіншісі

(жалғасы. басы мына жерде)

)
– Ақымақ! Бірінші кезеңде-ақ «картоп жарыпсың» ғой! Қателерің оннан асады! – Лёха, менің күнімнің жартысы қалай өткені жайлы әңгімемді тыңдап болып, біртүрлі толқып, мазасызданғандай көрінді. – Ия, қиын жағдай!
– Лидашқа телефон соғуға сол күйі бата алмадым. Дегенмен Ташкеннен туыстарым салып жіберген түйе-жүн көрпенің астында ыстық лимонды шайдан соң ұйқыға кетіп бара жатып, тезірек оянып, оған телефон соғуды армандадым. Оянсам, Read more of this post

Кірпіштер 1.4 – Алғашқы кірпіш

(Жалғасы. Басы мұнда)

Кірпіштің алғашқысы

Әрі вахтеріміз, әрі күзетшіміз Жора мені көріп мәз-мәйрам. Өзімнің дәл сол сәттегі түрімді елестетіп, қандай әсер тудыратынымды шамаладым: дымқыл шашым алба-жұлба, сұрқсыз көзілдірік, лас киім, батпақ жұғып, добалдай көрінген туфли. Read more of this post

2009-ға әбид жоқ, шешессс…

159

  • Ешқандай есеп жоқ, ризамын 2009-ға.
  • Шүкір ғой шүкір, Ғаламбасымыздың әділ әрі көреген саясатының арқасында, аман есен 2010-ға жеткенім үшін ризамын!
  • Әке-шешемнің ауырмай сырқамай жүргендігі үшін разымын.
  • Өмір жайлы, өткен кеткен қателіктер жайлы ойландырғаны үшін мың алғыс!
  • Шын бауыр мен нағыз достың қадірін тағы да түсіндіргені үшін ырзамын!
  • Мені болашақ жарыммен жүздестіргені үшін де ризамын!
  • «Аватар» деген кино үшін рахмет!
  • Солай.Де сайтымен жақын достастырғаны үшін, блогосферамен таныстырғаны үшін мың респект!
  • Жастар.Біз-дің дүниеге келгені үшін уважуха!
  • Ағарыс інімнің дүниеге келгені үшін шүкір!
  • Диагональды қарама-қайшы блогтардың әр түрлі мазмұнынан әртүрлі эмоция алғаным үшін, Уордпресс платформасына рахмет. Сонымен қатар,
  • Ербол, Гиена (Елбуз), Апербақан, Көңілді, Ханша, Арғынқыз, Біреу2009, Сатыбалды (;-)), Аршат Оразов, Ерлан Оспан, Нақұрыс, Есалаң, SeXen, Маратхан, ҒАрфилд, Шыназ, Амандық, СаянҮш (!), Малика (Венера Касымова) ,Тойбик (Ботақан- АтиллаКыЗ (Долорес), Қалдықыз, Ақұдай (Сакен), Бальзаминка (Синдерелла), Салтан (Алтын), Сержа, Ай-шешек, Базарайгүл, Жасмин (Райхан), Айко (ШатаҚ), Симона -Сымбат:), Қилеке (Қилызаман), Патик, Қосекең, Пандора, Альмира, Бейбарс, Кендебай, Біржан, Х-Мырза, Айсұлтан, Айдос, Аспан (Ертай), Меркурий, Маке, Карнивор (Тупак Амару), Нұрғиса, Айна-Мекен, Балғырған, Итатпас (АЗАМАТ), Сакен Спб. деген адамдармен таныстырып, әр қайсысынан бірнәрсе үйренгендігім үшін мың-гуглоплекс алғыс!
  • Қарадомалақтың маған берген мінездемесі үшін ризамын.
  • Алматыда «давай!» десең блоггер қыздарды жинап әкелетін қонақжай Ақзереден айналдым!
  • Алматыға бір келіп, мені шақыруды ұмытпаған Русланнннға ризамын.
  • Мейірімділігі сақалынан ұзын Асхатқа ризамын!
  • Ақтөбеде салқын сырасымен, жылы жүзімен күтіп алған Батыстық елден ерек блоггерлерге ризамын!
  • Астаналық Солайшыларға ерекше құрмет.
  • Биыл мықты материалдық моральді қолдау берген әпкеме ризамын.
  • Пішін мен форма деген философиялық ұғымдарға басқа қырдан қарауды үйретіп, эвфемизм мен табуизм терминін жете түсінуіме себепші болған Дәруішөлген сыбайлас командасына ризамын.
  • Вадим Зеландқа ризамын. Кітабы үшін.
  • Ақ халатты абзал жандарға ризамын.
  • Аяғыма рахмет, қанша километр менің денемді тасымалдап бір сыздамай қызмет еткені үшін.
  • Көзіме ризамын, нешетүрлі ғажайыпты көргенім үшін.
  • Евровидениеге ризамен Александр Рыбактың ең үздік әні Fairytale- мен таныстырғаны үшін.
  • Тозып кеткен жасыл курткама ризамын, осы уақытқа дейін маған қызмет етіп, суықтан желден қорғап келгені үшін.
  • Компьютерімнің клавасына ризамын жазған бәлемнің барлығын өзгертпестен сендерге жекізіп отырғандығы үшін.
  • Итке, құсқа, ауаға, әлемге бәріне ризамын, бір жылда қанша адам өліп, қанша адам келмеске кеткеніне қарамастан, тап сол таң ғажайып тепе теңдік күйін сақтап тұрған өмірге ризамын!

Киплинг термесі…(қазақ тілінде)

Редьярд Киплинг термеші?!

Негізі басқа тілдегі өлеңдерге аударма жазғанды жақсы көремін. Бірақ бұған дейін тап осындай масштабтағы, және осынау танымал әдеби шығарманы аударуға бел буған емеспін.

Редьярд Киплингті білмейтін адам кем де кем шығар, оның Рики-Тики Тави, Маугли сияқты шығарма кейіпкерлерінің атын атаған кезде есімізге еріксіз балалық шағымыз түседі.

Егер қазақ халқы өсиетке толы өлеңдерді «Терме» деп атайтын болса, онда Редьярд Киплингтің шығармашылығымен толық таныс болсаңыз, оның тек ақын- жазушы ғана емес, керемет термеші екенін де аңғаратыныңыз анық. Кейде «Редьярд Киплинг Қазақ даласында туылғанда, ешбір жыршы-жыраудан кем түспей, терме жазар еді» деп те қоямын…

Киплинг

ЕГЕРДЕ

Джозеф Редьярд Киплинг сияқты әлем әдебиетінің алыптарын аударуға дәтім барғаны үшін алдын ала кешірім сұрай отырып, сіздердің назарыңызға менің аудармамдағы қазақша нұсқасын ұсынғым келіп отыр. Қатты сөкпеңдер…

Егерде… (Р.Киплинг)

Егерде ақылыңнан айрылмасаң,

Ақылынан жұрт адасып, кінә артқанда,

Өз күшіңе сеніміңді жоғалтпасаң,

Ағайын саған сенбей мін артқанда,

Сарғаймасаң жалығып көп күтуден,

Сарғаюдан басқа амалың қалмағанда,

Алдансаң да аулақ болсаң өтіріктен,

Айналаңда өсекшілер жайлағанда,

Біреуді табалауға жол бермесең,

Әлдекімдер өзіңді жау санағанда,

Әсем бөз бен көсем сөзге көп ермесең,

Жамағат көз алартып қарағанда,

Армандасаң, арманыңның құлы болмай,

Ойлай білсең, ойлануды мақсат қылмай,

Жеңіліс пен қасіретте егілмесең,

Жеңіс пенен құдіретке есірмесең,

Өз аузыңнан шырылдап шыққан шындық,

Өз басыңа тигенде езілмесең,

Жан -тәніңді салып соққан сарайың да

Көз алдыңда егер болса жермен жексен,

Күдер үзіп, салынбай сары уайымға,

Қайта қайрап сайманыңды, еңбек етсең,

Олжа, табыс, бар жиған – тергеніңді,

Бәске тігіп, ұтылсаң қырсық шалып,

Бір сөз айтып бәлсінбей бергеніңді,

Білдірмесең, отырсаң да дымсыз қалып,


Тайса дағы білектен күш, қуат белден,

Жүрегің мен қайсарлығың болса өлмеген,

Шыдай білсең құлақ түріп ішіңдегі

Бір сабырдың бұйрығына «Шыда» деген,

Қалың тобыр алдында жекірмесең,

Семіздікті көтере алмай секірмесең,

Кесірткідей жорғалап, жағымпаз боп,

Патшалардың алдында көсілмесең.

Сүйсінер дос, күйінер қас қарекеті,

Болмаса бір басыңның бәлекеті,

Санасса да барша жұрт өзіңменен,

Санасудан қашпаса берекеті,

Толтыра алсаң бір минутын қимас сәттің,

Алпыс секунд алыс сапар жүгіріспен,

Онда балам әлемдегі барша заттың,

Иесі де, нағыз Ердің өзі де сен.

2009/09/26

(Аударған: АСҚАР Базарбай )



Өз мінезің өз қолыңда (2-ші бөлім)

Нейролингвистикалық бағдарлауды дәстүрлі психологтардың көбі «ғылымсымақ» деп атайды. Негізгі себебі, көбінесе НЛБ -рационалдылық пен қисындылық, кезектілік қағидаларымен өзін қатты шектемейді. Барлық нәрсе, алдымызға қойылған мақсат тұрғысынан қарастырылады. Яғни 100 пайыз нәтиже беріп тұрған әдісті шұқылап «неге?», «қалайша?» деп жатпайды. Игілігіне жаратып жүре береді.
«Жұмыс істеп тұр ма? Болды» – деген қағидаға сүйенеді…

Және адам әлеуметтік мақұлық болғандықтан, бір адамның мақсаты көбіне басқа да адамдардың мүддесімен ұштасып жатады немесе керісінше кереғар келеді. Read more of this post

Өз мінезің өз қолыңда немесе темпераментті өзгерту…(1-ші бөлімі)

amazing3Жантануға (психологияға) әуесқой болып жүргеніме 8 -жылдың жүзі болды, Нейролингвистикалық бағдарлау (НЛБ) турасындағы еңбектерімен де алғаш танысқаныма 3 жылдан асты. Содан бері көптеген материалдар ақтарылып, көптеген эксперименттер мен сынақтар жүргізіліп, ескі сұрақтарға жауаптар табылып, алдыңғы жинақтаған ақпаратыма, тәжірибеме елеулі өзгерістер, дәлірек айтсам толықтырулар жалғасып жатыр.

Солардың бірі дәстүрлі жантанудың 4 темпераменті: Сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик жайлы түсінігім толысты. Осылардың әрқайсысын өз бойымда модельдеу (көшірмелеу) арқылы сезбеген нәрселерді сезініп, түйсігімнің шекарасы ешқандай психотропты (еліртіп-есіртетін) препараттардың көмегінсіз кеңеюінің куәсі болдым.. Read more of this post

%d bloggers like this: