Білгішбекке қалыңдық болсаң…

Бір-біріне ғашық жұп көше бойын кезіп, серуендеп келеді. Жігіт білімді, жан-жақты жоғары талғамды, оқығаны көп болатын. Қыз нәзік жанды, оқымысты болмаса да,  мінезі жайдары, өзі әсершіл.

Қыз: Мына үй сондай әдемі!
Жігіт: Қай жері әдемі? Төбесі шодырайған, жаны одырайған…

—  Қойшы тіптен, әп әдемі-ақ қой!

—Мына үйді «әдемі» деп айту үшін адамда қандай азғындалған талғам болу керек? Есігін қарамайсың ба?

— Жарайды, келістік бұл жаман үй. Ал менде қазақша КВН-ге билеттер бар!

—Қазақта қайбір КВН бар дейсің, жалпақ әзілді номерлерін тықпалай береді. Одан да кинотеатрға барайық, сен  «Алиса Ғажапстанда» киносын көрдің  бе?

— Жоқ , көрмедім. Бірақ мен қазақша КВН-ді со-о-ондай күтіп едім:(

—Қойш, мәмбеттер сияқты соған барып, күлкілі емес түк те!

—Онда Орда тобы келед, сол жігіттер күшті билейді!

—Қхм, негізі бидің патшасы Майкл Джексон саналады.  Қалғандары соған еліктеген қыртымбайлар…

— Шынында да солай екен-ау. Ақылдым сол, маған ана балмұздақты алып берші!

— Жоқ-жоқ, ол балмұздақтың құрамында 0,0001пайыз канцероген бар, зиянды эмульгаторлар, тстендргш, дмдеуштер бар,  сонымен қатар одан адам семіріп кетеді.. Сен оны жеп салқындаймын деп ойласың, бірақ нәтижесінде керісінше болады. Өйткені,  сенің  ішіңе барған балмұздақты еріту үшін, сенің ағзаң қосымша жылу бөлуге тура келеді, сөйтіп кейін одан бетер ыстықтап кетуің мүмкін. Ең  дұрысы, күн ыстықта диеталық сода ішу керек…

Қыз:  😦

Қазақ тілді форумдар

«Мәссаған» тілді байлап қойды. Контенті жақсы, контингенті салмақты, алайда форумы мұңайған Мәссаған.Ком сайты маған өз сұхбатханасынан трибуна беруді бұдан бұлай өз мәртебесінен төмен санады. Еш ескерту, түсіндірусіз аталмыш сайт администрациясы форумға жазу құқығынан айырды. Сол форумның мүшелерімен пікір алмасқан күндер тарихқа кететін болады. Қайта тіркеліп, техникалық алаяқтықпен жазуға да болады, бірақ жалқаумын, көпке сыйлы ресурста ондай ұсақ түйек бұзақылыққа да құлшынысым шамалы. Администрациямен олардың бірталай еңбектеріне бас ие тұра, форум жөнінде ойым бір жерден шықпайды. Оның үстіне мен қолданып жүрген «Green Dog» профайлын біреу ең қарапайым хакерлік әдіспен бұзып кіріпті.

Жалпы бүкіл қазақша сайттардың ішінен, тек жақсы дамыған қазақ форумдарында ғана, халықтың демін сезесің. Веб-блогтарда автордың мысы басым. Ал форумда біреудің ойына жақпаған пікірің үшін, түрлі формадағы сын естуің мүмкін, және сынға жауап беруге, немесе сынды мойындауға үйренесің… Өз ойыңды жеткізу қабілетін де біраз блоггерлер форум ұстаханасында үйренгені белгілі. Форум – шешендер ұстаханасы. Бұл идеалында.

Не десек те, енді ара-тұра оқып, жазатын қазақ тілді форумдардан алты браузерге аңыз болған Solai.de- нің ізбасары zhastar.biz, kazakh.ru және abai.kz – ғана қалатын болады.

ПС: Менің субьективті пікірім әрине сіздің сайт таңдауыңызға сай келмеуі мүмкін…

Айс амигомен таныс болыңыз

Бір-екі апта демала қояйын деп едім, енестің амигосы амал қалдырмады. Жастар.Біз-де желкесінен жел есіп, аттандап жүрген амиго-құрдас Айс мырза да арамызға қосылғанын барлығыңызға қуана жеткіземін.

Айс мырзаны (Айсұлтанды) Солай.Де-нің халқы жақсы таниды. Талайымыз сияқты Қазнеттегі белсенділігі сол баяғы Солай.Де арқылы ашылған жігіт.

Өзі бесаспап, өлеңді Сырбай Мәуленовтен кем жазбайды, прозаны да «Қызық газет» -басылымының ең үздік дәстүрінде жазады.

Ал, блогер ретінде оқырманнан алар бағасы әлі алда: www.eskene.wordpress.com

Әзірге дабайыңдар!

%d bloggers like this: