Советтік балғын шақтан қалған комплекстер…

Мен сабақты 6 сыныпқа дейін орташа оқыдым. Қазақтар бас ал десе шаш алады. Баяғы Сәбет Өкіметі орыстардың билігінде болса да, қазақтар орыстардан бетер асырып тұрып бағынатын соның ережелеріне. Орыс мектебінде ең басты назар білімге бөлініп жатқанда, бізде ең басты назар балаларды «авторитарлы Сталиндік режиммен басып» ұстауға бағытталған болатын. Бәрімізді үшінші сыныпқа дейін тақырбас қып қоятын.Әрі қарай оқу «Советтік балғын шақтан қалған комплекстер…»

Rate this: