Беу, жігіттер!

beu.kz, ерлер порталы, еркектерге арналған

Ия, соңғы кездері блогшылауды сиретуімнің себебі, толып жатқан ермектеріме жаңа ермек қосылғаны. Жігіттердің заманауи әлемде өмір сүру барысында соқтығатын қоғамдық, әлеуметтік, және жалпы жеке сұрақтарының барлығына жауап бермесе де, ерлердің сырласатын, мазалаған сұрақтарын өзге лақап атпен кіріп ұялмай талқылайтын жолсерігі болатындай бейресми сайт ашу менің ғана ойымда болған жоқ. Талай жерде айтылып, жобасы талқыланып, ойымыз сөз күйінде қалып жатты. Сондықтан идея авторы өздерің танитын жігіттердің ұжымдасқан коллективі. Біреу бастады, екіншісі қоштады, сөйтіп екі ай бұрын жас Беу.КЗ – қазақ тілінде сөйлеген бейресми сайттар қатарына қосылды. Read more of this post

Білгішбекке қалыңдық болсаң…

Бір-біріне ғашық жұп көше бойын кезіп, серуендеп келеді. Жігіт білімді, жан-жақты жоғары талғамды, оқығаны көп болатын. Қыз нәзік жанды, оқымысты болмаса да,  мінезі жайдары, өзі әсершіл.

Қыз: Мына үй сондай әдемі!
Жігіт: Қай жері әдемі? Төбесі шодырайған, жаны одырайған…

—  Қойшы тіптен, әп әдемі-ақ қой!

—Мына үйді «әдемі» деп айту үшін адамда қандай азғындалған талғам болу керек? Есігін қарамайсың ба?

— Жарайды, келістік бұл жаман үй. Ал менде қазақша КВН-ге билеттер бар!

—Қазақта қайбір КВН бар дейсің, жалпақ әзілді номерлерін тықпалай береді. Одан да кинотеатрға барайық, сен  «Алиса Ғажапстанда» киносын көрдің  бе?

— Жоқ , көрмедім. Бірақ мен қазақша КВН-ді со-о-ондай күтіп едім:(

—Қойш, мәмбеттер сияқты соған барып, күлкілі емес түк те!

—Онда Орда тобы келед, сол жігіттер күшті билейді!

—Қхм, негізі бидің патшасы Майкл Джексон саналады.  Қалғандары соған еліктеген қыртымбайлар…

— Шынында да солай екен-ау. Ақылдым сол, маған ана балмұздақты алып берші!

— Жоқ-жоқ, ол балмұздақтың құрамында 0,0001пайыз канцероген бар, зиянды эмульгаторлар, тстендргш, дмдеуштер бар,  сонымен қатар одан адам семіріп кетеді.. Сен оны жеп салқындаймын деп ойласың, бірақ нәтижесінде керісінше болады. Өйткені,  сенің  ішіңе барған балмұздақты еріту үшін, сенің ағзаң қосымша жылу бөлуге тура келеді, сөйтіп кейін одан бетер ыстықтап кетуің мүмкін. Ең  дұрысы, күн ыстықта диеталық сода ішу керек…

Қыз:  😦

Қозы мен Баянның хикаясы (жалғасы): Қодар мен Горлум

(Жалғасы. Басы алдыңғы жазбада)
Қодар мен Горлум-1
Қасында тұрып-ақ ҚозыКөрпеш мұжықтардың Баянға ашкөздене қарап тұрғанын байқады. Барлығы оның әрі кеткенін күтіп тұрғандай, барлығы ішінен қап «мына жігіттің бетін қайтарса екен» деп ойлап тұрғандай болды.
Қозы оны сезіп тұрса да,  үнемі Баянның қасынан қалмай, артынан ерген аш күшіктей жүгіргісі келмеді. Баян дәретханаға кіргенде, сыртында күтіп тұрмай, Қозы тоқтамастан жолдастарына кете барды. «Әрі» кететін кез келді.
Достарына оралған Қозы, барлығын би алаңына шығарып, өзі назарын уақытша басқа қыздарға бұрды. Бұл Баян сұлудың өсіп бара жатқан маңызын бәсеңсіту үшін жасалған қадам еді.
Бір қараса, Баян да басқа бір жігітпен билеп тұр екен. Қодардың өзі болса керек. Read more of this post

14 қыздан қашық бол!

cулулар

Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар: Read more of this post

Пикап-тренинг адамды өзгерте ме?

Өзің армандаған қызды қарату жолында өзге тілде үйрететін қарайған материалдар мен интернет -ресурстар бар.  Олардың әр қайсысының ерекше тәсілдері мен әдістемелік нұсқаулықтары бар. (Суретте, көшедегі қыздарға беттерін сүйгізіп,  понт лақтырған бастауыш пикаперлер)

Сөйте тұра, Пикап -тренерлер (ағылшынша pick-up – теріп алу, іліп кету)  психологиялық жағына да немқұрайды қарамайды.  Олардың көбісі асқан сұлу, не бай емес, дегенмен жеке өмірінде өздерін бақытты санайд. Олар білетін әлдене бар сияқты. Өмірдің өзі аңға шығу ма бірдеңе боп кеткендей. Қыздардың басын шырмаған жігіттер, жігіттің басын шырмайтын қыздар…Бүгін сені ол, ертең сен басқаны… Read more of this post

Кірпіштің екіншісі

(жалғасы. басы мына жерде)

)
– Ақымақ! Бірінші кезеңде-ақ «картоп жарыпсың» ғой! Қателерің оннан асады! – Лёха, менің күнімнің жартысы қалай өткені жайлы әңгімемді тыңдап болып, біртүрлі толқып, мазасызданғандай көрінді. – Ия, қиын жағдай!
– Лидашқа телефон соғуға сол күйі бата алмадым. Дегенмен Ташкеннен туыстарым салып жіберген түйе-жүн көрпенің астында ыстық лимонды шайдан соң ұйқыға кетіп бара жатып, тезірек оянып, оған телефон соғуды армандадым. Оянсам, Read more of this post

Кірпіштер 1.4 – Алғашқы кірпіш

(Жалғасы. Басы мұнда)

Кірпіштің алғашқысы

Әрі вахтеріміз, әрі күзетшіміз Жора мені көріп мәз-мәйрам. Өзімнің дәл сол сәттегі түрімді елестетіп, қандай әсер тудыратынымды шамаладым: дымқыл шашым алба-жұлба, сұрқсыз көзілдірік, лас киім, батпақ жұғып, добалдай көрінген туфли. Read more of this post

%d bloggers like this: