Блогың танымал болсын десең немесе СЕО-ның да шегі бар

Рейтинг жинаудың төмендегіден бөлек түрлі әдісі бар. Бірақ рейтинг сыйлы болуды білдірмейтіні жаман да.
Кейбіреулер рейтинг үшін «Джеки Чанды қаза таптырып» жіберуден тайынбайды, ал кейбіреулерінің қолынан ол да келмейді. Сол кезде көмекке не келеді? Read more of this post

Advertisements

Науқастар: Рейтинг уқалаушылық синдромы

Кез келген рейтингілік блог жүйесінде ертелі кеш пайда болатын бұл індетті Рейтингуқалаушылық синдромы деуге болады.
Алғашқыда, сырқатты екеніңіз білінбеуі мүмкін. Бірақ тәжірибелі дәрігер оларды бірінші посттарынан-ақ таниды.
Науқасты мынадай симптомдарынан анықтауға болады. Read more of this post

Қиблогердің ақыры

—  Ажал аузында жатсың ғой, ақырғы айтар сөзің бар ма?

— Сөйлейтін жағдайым жоқ, блогыма жазып жатырмын.

Айс амигомен таныс болыңыз

Бір-екі апта демала қояйын деп едім, енестің амигосы амал қалдырмады. Жастар.Біз-де желкесінен жел есіп, аттандап жүрген амиго-құрдас Айс мырза да арамызға қосылғанын барлығыңызға қуана жеткіземін.

Айс мырзаны (Айсұлтанды) Солай.Де-нің халқы жақсы таниды. Талайымыз сияқты Қазнеттегі белсенділігі сол баяғы Солай.Де арқылы ашылған жігіт.

Өзі бесаспап, өлеңді Сырбай Мәуленовтен кем жазбайды, прозаны да «Қызық газет» -басылымының ең үздік дәстүрінде жазады.

Ал, блогер ретінде оқырманнан алар бағасы әлі алда: www.eskene.wordpress.com

Әзірге дабайыңдар!

%d bloggers like this: